"Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 11) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.05.2020 № 290 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса берілген Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияның есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Арнайы экономикалық аймақтың басқару органының есептілікті ұсыну қағидалары мен кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 21 қыркүйектегі № 334 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7207 болып тіркелген 2011 жылы 18 қазанда "Егемен Қазақстан" газеттерінде № 501-502 (26894) жарияланған);
2) "Арнайы экономикалық аймақтың басқару органының есептілікті ұсыну қағидасын және кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 21 қыркүйектегі № 334 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1292 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2016 жылы 2 ақпанда № 12980 болып тіркелген, 2016 жылы 12 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Р. Скляр |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2019 |
|
жылғы 11 шілдедегі № 500 бұйрығымен бекітілген |
Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілікті ұсыну қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 04.05.2022 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды басқарушы компанияның есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 11) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды басқарушы компанияның есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнайы экономикалық аймақ – Қазақстан Республикасы аумағының дәл белгіленген шекаралары бар, басым қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын бір бөлігі;
2) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы – арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" және "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылатын немесе айқындалатын заңды тұлға;
3) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы – арнайы экономикалық аймақтың аумағында басым қызмет түрлерін жүзеге асыратын және арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген заңды тұлға.
Бұл ретте:
"Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының қатысушыларына осы арнайы экономикалық аймақтың аумағынан тыс жерде басым қызмет түрлерін жүзеге асыруға жол беріледі;
шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары ретінде көрсетілген арнайы экономикалық аймақтың аумағында басым қызмет түрлерін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер әрекет ете алады;
4) бірыңғай үйлестіру орталығы – арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады;
5) индустриялық аймақ – жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кәсіпкерлік қызмет, оның ішінде өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, туристік индустрия, көлік логистикасы, қалдықтарды басқару саласындағы қызмет объектілерін орналастыру және пайдалану үшін берілетін, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген аумақ;
6) индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы – индустриялық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын немесе айқындалатын заңды тұлға;
7) индустриялық аймақтың қатысушысы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен индустриялық аймақтың аумағында кәсіпкерлік қызмет объектілерін орналастыруды және пайдалануды жүзеге асыратын, олармен индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасқан дара кәсіпкер, заңды тұлға;
8) уәкілетті орган – арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-тарау. Есептілікті ұсыну қағидалары
2. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясы есептілікті уәкілетті органға және Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар бойынша Бірыңғай үйлестіру орталығына мемлекеттік және орыс тілдерінде EXCEL нысанында арнайы экономикалық аймақтар үшін есепті жылдан кейінгі жылдың 15 сәуірден кешіктірілмейтін мерзімде, индустриялық аймақтар үшін есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күніне қарай ұсынады.
3. Есепті күнгі жағдай бойынша қағаз тасымалдағыштағы есептілікке арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының басшысы, ал ол болмаған жағдайда - осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды. Қағаз тасымалдағыштағы есептілікті ресімдеу басқарушы компанияда электрондық құжат айналымы жүйесі болмаған жағдайда жүзеге асырылады.
4. Электрондық нысанда есептілік ұсынылатын деректердің құпиялылығын және криптографиялық қорғау құралдары бар ақпаратты кепілді жеткізудің көлік жүйесін пайдалана отырып ұсынылады.
5. Есептіліктегі деректердің толықтығы мен анықтығын, сондай-ақ электрондық форматта ұсынылатын деректердің қағаз жеткізгіштегі деректермен сәйкестігін арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы тұлға қамтамасыз етеді және арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарға қатысушылар ұсынған қызметінің қорытындылары бойынша ресми деректерге негізделеді.
Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілікті ұсыну қағидаларына қосымша |
Деректер жинауға арналған нысандар
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетіне және Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар жөніндегі Бірыңғай үйлестіру орталығына ұсынылады.
Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған:
www.comprom.miid.gov.kz.
Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтары қызметінің нәтижелері туралы есеп
Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1 – Арнайы экономикалық және индустриялық аймақ (бұдан әрі – АЭА/ИА);
Кезеңділігі: жыл сайын арнайы экономикалық аймақтар үшін; тоқсан сайын индустриялық аймақтар үшін.
Есепті кезең: _____ ____________ 20___ жылғы жағдай бойынша;
Тапсыру мерзімі:
- жыл сайын, арнайы экономикалық аймақтар үшін есепті жылдан кейінгі жылдың 15 сәуірден кешіктірілмейтін мерзімде;
- тоқсан сайын, индустриялық аймақтар үшін есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күніне қарай.
1-нысан |
Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың (АЭА/ИА) жалпы көрсеткіштері
(АЭА/ИА) атауы (қызмет атқару жылдары) | ||||||||||
№ | Негізгі көрсеткіштері | бірінші жыл * | екінші жыл | үшінші жыл | ... |
ағымдағы жыл |
ағымдағы жыл | ,ағымдағы жыл (3 тоқсан) |
ағымдағы жыл | барлық жылдар |
1 | Қатысушылардың жобаларға нақты салынған инвестициялардың көлемі (миллиард теңге) | |||||||||
2 | Тікелей шетелдік инвестициялар көлемі (миллиард теңге) | |||||||||
3 | Өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді өндіру көлемі (миллиард тенге) | |||||||||
4 | Салық аударымдарының көлемі (миллиард теңге) | |||||||||
5 | Алынған салық преференцияларының көлемі | |||||||||
6 | Алынған кедендік преференциялардың көлемі | |||||||||
7 | Өнім экспортының көлемі (миллиард теңге) | |||||||||
8 | Тұрақты жұмыс орындары (басқарушы компаниялардың қызметкерлерін ескере отырып) | толтырылмайды | ||||||||
* АЭА/ИА құрылған сәттен бастап (барлық жылдар көрсетіледі) |
2-нысан |
Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жобалары (іске асыру сатысындағы қолданыстағы жобалар мен жобалар үшін жеке толтырылады)
Ескерту. 2-нысан жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.05.2023 № 311 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | АЭА атауы | АЭА қатысушысының немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның атауы | Жобаның атауы | Шығарылатын өнім | Сала | ЭҚЖЖ коды 2 белгі деңгейінде | ||
Өнімнің атауы | СЭҚ ТН коды 10 белгі деңгейінде | 9 белгі деңгейіндегі ЖКП коды | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Кестенің жалғасы
Кәсіпкерлік субъектісінің санаты (микро, шағын, орта, ірі) | Алып жатқан жер учаскесі, га | Мемлекеттік акті бойынша жер учаскесін алу күні | Мемлекеттік акт бойынша жер учаскесі қандай мерзімге берілді | Жобаның құны, млрд теңге | Нақты салынған қаражат көлемі, млрд теңге | |||||
Бірінші жыл | Екінші жыл | Үшінші жыл | … | Ағымдағы жыл | Барлық уақытта | |||||
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
Кестенің жалғасы
АЭА қатысушысының жарғылық капиталына шетелдік қатысу (бар болса) | Жобаның қуаты | ||||||||||
Ел | Шетелдік қатысушы компанияның атауы | Үлесі, % | Нақты салынған шетелдік қаражаттың көлемі, млрд теңге | ||||||||
Бірінші жыл | Екінші жыл | Үшінші жыл | … | Ағымдағы жыл | Барлық уақытта | Заттай түрде | Құндық мәнде, млрд теңге | ||||
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Кестенің жалғасы
Өнім номенклатурасы бөлінісінде өндірілген өнім көлемі, млрд теңге | Өнім номенклатурасы бөлінісінде өнім экспортының көлемі, млрд теңге | Экспортталатын елдер | ||||||||||
Бірінші жыл | Екінші жыл | Үшінші жыл | … | Ағымдағы жыл | Барлық уақытта | Бірінші жыл | Екінші жыл | Үшінші жыл | … | Ағымдағы жыл | Барлық уақытта | |
32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 |
Кестенің жалғасы
Тұрақты жұмыс орындары, бірлік | Пайдалануға берілген күні | Салық аударымдары, млрд теңге | Ағымдағы мәртебе | Байланыс ақпараты | ||||||
ай | жыл | Бірінші жыл | Екінші жыл | Үшінші жыл | … | Ағымдағы жыл | Барлық уақытта | |||
45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 |
3-нысан |
Инфрақұрылым
1) АЭА/ИА инфрақұрылым объектілерін қаржыландыру
№ |
АЭА/ИА-ның атауы | Техникалық-экономикалық негіздеме бойынша АЭА инфрақұрылымының жалпы құны, миллиард теңге | Бөлінген қаражат, миллиард теңге | ||||||||
бірінші жыл* | екінші жыл | үшінші жыл | ... | ағымдағы жыл (1 тоқсан) | ағымдағы жыл (2 тоқсан) | ағымдағы жыл (3 тоқсан) | ағымдағы жыл (4 тоқсан) | барлық жылдар | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
кестенің жалғасы
Игерілген қаражат, миллиард теңге | Игерілмеген себебі | Аяқталған инфрақұрылым (%) | Қосымша қаржыландыру қажеттілігі, миллиард теңге | Ескертпелер | ||||||
ағымдағы жыл | келесі жыл | келесі жыл | келесі жыл | келесі жыл | келесі жыл | келесі жыл | ||||
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
2) АЭА/ИА инфрақұрылымдық объектілерінің қуаттар жөніндегі жалпы ақпарат
Инфрақұрылым объектілері | Өлшем бірлігі | АЭА/ИА қуаты | ||||
Қолданыстағы* | Тұтынылатын** | Бос*** | Жоспарлы**** | |||
Сумен қамтамасыз ету, оның ішінде мынадай инфрақұрылым объектілері: | сағатына куб метр | |||||
1 | ||||||
Кәріз, оның ішінде мынадай инфрақұрылым объектілері: | сағатына куб метр | |||||
1 | ||||||
Электрмен жабдықтау, соның ішінде мынадай инфрақұрылым объектілері: | Меговатт - | |||||
1 | ||||||
Жылумен жабдықтау, оның ішінде мынадай инфрақұрылым объектілері: | Сағатына гигакалорий | |||||
1 | ||||||
Газбен жабдықтау, оның ішінде мынадай инфрақұрылым объектілері: | сағатына куб метр | |||||
1 | ||||||
Бумен жабдықтау, оның ішінде мынадай инфрақұрылым объектілері: | Сағатына гигакалорий | |||||
1 | ||||||
Телефон байланысы, оның ішінде мынадай инфрақұрылым объектілері: | желілер | |||||
1 | ||||||
Интернет, оның ішінде мынадай инфрақұрылым объектілері: | Мегабит секундына | |||||
1 | ||||||
Қатты қалдықтарды кәдеге жарату, оның ішінде мынадай инфрақұрылым объектілері: | тәулігіне/тонна | |||||
1 | ||||||
Сұйық қалдықтарды кәдеге жарату, оның ішінде мынадай инфрақұрылым объектілері: | тәулігіне/тонна | |||||
1 | ||||||
Кірме т/ж жолдары, оның ішінде мынадай инфрақұрылым объектілері: | километр | |||||
1 | ||||||
Автожолдар, оның ішінде мынадай инфрақұрылым объектілері: | километр | |||||
1 | Ішкі автожол | |||||
2 | Жеткізу автожол | |||||
3 | ||||||
* | Қазіргі инфрақұрылымдық нысандардың қуаты | |||||
** | Ағымдағы қатысушылар мен әкімшілік объектілер тұтынатын қуаты | |||||
*** | жаңа АЭА/ИА қатысушылар үшін инфрақұрылым объектілерінің қуаты | |||||
**** | АЭА /ИА аумағына құру жоспарланған қуаты (қазіргі объектілерді кеңейту, жаңа объектілерді салу) |
3) Коммуналдық қызмет құны
№ | Коммуналдық қызмет | Өлшем бірлігі | Құны, теңге |
1 | Сумен қамтамасыз ету | куб метрі | |
2 | Жылумен жабдықтау | Гигакалорий | |
3 | Электрмен жабдықтау | килоВатт - | |
4 | Кәріз | сағатына куб метр | |
5 | Газбен жабдықтау | сағатына куб метр |
4) Инфрақұрылым объектілеріне қажеттілік
№ | Инфрақұрылымдық объектінің атауы | Қуаты | Қажеттілігі, миллиард тенңге |
Базалық инфрақұрылым объектілері (қажеттілік) | |||
1 | |||
.. | |||
Қосымша инфрақұрылым объектілері | |||
1 | |||
.. |
4-нысан |
Жер учаскелері
1) Бөлу аумағы
Алаңы (гектар) | Ескертпе | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жалпы аумағы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пайдалы алаң | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жобаларға бөлінген | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қолданыстағы жобалардың аумағы (жалпы) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Іске асырылу сатысындағы жобалардың аумағы (жалпы) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Инфрақұрылымға бөлінген | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Салынған | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құрылыс кезеңінде | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Еркін пайдалы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пайдасыз алаң | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
БАРЛЫҒЫ | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2) Қатысушыларға бөлінген пайдалы алаң
| 3) Басқа аумақ бөлуі
|
*Орындаушы: ____________________________________________ ___________
(қолы) тегі, аты және әкесінің аты ( болған жағдайда)
Басқарушы компанияның басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға:
____________________________________________________ __________
(қолы) тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)
Мөр орны (болған жағдайда)
*әрбір нысаннан кейін толтырылады
5-нысан |
Елішілік құндылық үлесі
Ескерту. Қағида 5-нысанмен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.05.2023 № 311 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | АЭА атауы | АЭА қатысушысының немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның атауы | Сәйкестендіру нөмірі (БСН / ЖСН) | Сатып алу коды (0-тауар, 1-жұмыс, 2-қызмет) | Сатып алынған ТЖҚ атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы | ЭҚЖЖ коды 4 белгі деңгейінде немесе СЭҚ ТН коды 6 белгі деңгейінде |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Кестенің жалғасы
Өнім берушінің атауы | Заттай түрде сатып алынған тауардың көлемі | Шарт бойынша жалпы сома, теңге | "СТ-КZ"сертификаты берілген тауарды өндірушінің БСН / ЖСН | "СТ-КZ" сертификатының № |
8 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Кестенің жалғасы
"СТ-КZ" сертификат сериясы | "СТ-КZ" сертификатын беру күні, (күні, айы, жылы) |
Сертификатта көрсетілген тауардағы елішілік құндылық | Жұмыстағы (қызметтегі)елішілік құндылық, % |
14 | 15 | 16 | 17 |