Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуын мемлекеттік бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 840 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 687 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 3 ақпанда № 12983 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 251 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 24 ақпандағы № 74 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 20.02.2018 № 251 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.02.2018 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 625-бабы 4-тармағын және 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуын мемлекеттік бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Салық заңнамасының, сондай-ақ орындауын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының нормаларын орындау мәселелері жөніндегі жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер деңгейін бағалау өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 468 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 302 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7251 болып тіркелген, 2011 жылғы 27 қазанда № 157 (2147) "Заң газеті" газетінде жарияланған);

      2) "Салық заңнамасының, сондай-ақ орындауын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының нормаларын орындау мәселелері жөніндегі жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер деңгейін бағалау өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 468 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 302 бірлескен бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 22 қазандағы № 466 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 30 қазандағы № 297 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8078 болып тіркелген, 2012 жылғы 20 қарашада № 175 (2357) "Заң газеті" газетінде жарияланған);

      3) "Салық заңнамасының, сондай-ақ орындауын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының нормаларын орындау мәселелері жөніндегі жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер деңгейін бағалау өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 468 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 302 бірлескен бұйрығына өзгерту енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 144 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 96/НҚ бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9301 болып тіркелген, 2014 жылғы 10 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
М. Құсайынов


      __________________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және арнайы

      есепке алу жөніндегі

      комитетінің төрағасы

      С. Айтпаева __________________

      2015 жылғы 30 желтоқсан



  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 687
және Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің м.а.
2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 840
бірлескен бұйрығымен бекітілген

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің
түсуін, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті
зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына
әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуын
мемлекеттік бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттары

      1. Осы cалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуын мемлекеттік бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі - Өлшемшарттар) салық заңнамасын сақтау мәселелері бойынша ішінара тексеру жүргізу үшін салық төлеушілерді іріктеу мақсатында салық төлеушілерді тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 625-бабы 4-тармағына және 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) тәуекел - салық төлеушінің (салық агентінің) мемлекетке нұқсан келтіретін және (немесе) нұқсан келтіруі мүмкін, салық міндеттемесін орындамау және (немесе) толық орындамау ықтималдығы;

      2) тәуекелдерді бағалау жүйесі - тексерулерді тағайындау мақсатында бақылау және қадағалау органы жүргізетін іс-шаралар кешені;

      3) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары - белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке тексерілетін субъектіге (объектіге) тікелей байланысты емес тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      4) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары - нақты тексерілетін субъектінің (объектінің) қызмет нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      5) тексерілетін субъектілер - салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеушiлер болып табылатын жеке және заңды тұлғалар және (немесе) заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері;

      6) дифференциалдық көрсеткіш – салдарының маңыздылығына байланысты дифференциялануы мүмкін, әрбір өлшемшарт үшін айқындалатын 0-ден 100-ге дейінгі мән.

      3. Осы Өлшемшарттарда ішінара тексерулер үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті өлшемшарттары қолданбай субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.

      4. Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланады:

      1) тексерілетін субъект, оның ішінде автоматтандырылған жүйелер арқылы ұсынатын есептілік пен мәлiметтердің мониторинг нәтижелерi;

      2) алдыңғы тексерулердiң нәтижелері;

      3) бақылаудың өзге де нысандарының нәтижелері;

      4) уәкiлеттi органдар мен ұйымдар табыс ететін мәлiметтердi талдау нәтижелерi.

      5. Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары:

      1) тиiстi кезеңге орташа салалық мәннен төмен түзетуге дейін жылдық жиынтық табысына, кедендік төлемдерді қоспағанда, төленген салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдер сомасының арақатынас коэффициенті. Бұл ретте көрсетiлген коэффициент талап қою мерзiмiнің өтуі шегінде өткен күнтiзбелiк жылға есептеледi.

      Орташа салалық мән салық төлеушілер тобының санына техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган бекіткен, экономикалық қызмет түрлерінің ортақ жіктеуішінің әрбір тобының коэффициенттері сомасының қатынасы ретінде есептеледі;

      2) жалған кәсіпорындармен, әрекет етпейтін салық төлеушілермен және олардың тіркелуін, сондай-ақ сот оларды жасау іс жүзінде жұмыстарды орындаусыз, қызметтерді көрсетусіз, тауарларды тиеп жөнелтусіз жүзеге асырылған деп таныған мәмілелерді сот жарамсыз деп таныған салық төлеушілермен операцияларды жүзеге асыру;

      3) 0,98 артық түзетуге дейінгі жылдық жиынтық табыс сомасына шегерімдер сомасының арақатынас коэффициенті.

      Аталған өлшемшарттарды есептеу түзетуге дейінгі жылдық жиынтық табысы 30 000 еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомадан асатын салық төлеушілер бойынша жүзеге асырылады;

      4) салық мiндеттемесiнiң орындалу мәселелері бойынша салықтардың жекелеген түрлерi бойынша кешенді және (немесе) тақырыптық тексерулерде қамтылмаған, төрт жыл және одан ұзақ уақыттағы кезең.

      Аталған өлшемшарттарды есептеу, Салық кодексінің 308-1-бабына сәйкес салық салу жүзеге асырылатын салық төлеушiлер бойынша жүзеге асырылады.

      6. Талдау мен бағалау кезінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері қолданылмайды.

      7. Өлшемшарттарды есептеу жарты жылдықтың соңғы айында жылына екі рет жүзеге асырылады.

      8. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзушылықтардың бірлі-жарымды және жүйелілігіне, ақпараттың әрбір дереккөзі бойынша бұрын қабылданған шешімдерді талдауларға байланысты, дифференциалдық көрсеткіш және өлшемшарттардың маңыздылығына байланысты коэффициент берілетін субъективті өлшемшарттар айқындалады.

      Әрбір өлшемшарттардың коэффициентін есептеу үшін 1-ден 5-ке дейін басымдық беріледі.

      Есептеу коэффициенті:

      К = ПК1/(ПК1 +…+ ПКn)

      мұнда,

      К - коэффициент;

      К1, …, Кn – өлшемшарт 1, …, өлшемшарт n;

      П – басым өлшемшарт;

      ПК1,…,ПКn – 1-басымдық өлшемшарты,..., n-басымдық өлшемшарты;

      n – өлшемшарттар саны.

      Тексерілетін объектінің тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (

R) 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша есептеледі және көрсеткіштерді қосу жолымен айқындалады, мынадай формула бойынша:

Р = BK*Кa+… BK *Кn

      мұнда:


R - тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      BK – 10-нан -100-ге дейінгі өлшемшарт бойынша дифференциалдық көрсеткіш;

      Ка - № a іске қосылған өлшемшарт коэффициенті;

      Kn - № n іске қосылған өлшемшарт коэффициенті;

      n - іске қосылған өлшемшарттардың саны.

      9. Қадағалау және бақылау органдары бекіткен құпия (қызметтік) ақпараттарға жататын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және осы Өлшемшарттардың 5-тармағында көрсетілген, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары бойынша тексерілетін субъектінің тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші есептеледі.

      10. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъектілер (объектілер) жатқызылады:

      1) жоғары тәуекел дәрежесіне - тәуекел дәрежесі 25-тен 100-ге дейінгіні қоса алғандағы көрсеткіш кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі;

      2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған - тәуекел дәрежесі 0-ден 25-ке дейінгі көрсеткіш кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізілмейді.

      Ішінара тексерулер тәуекел дәрежесінің көрсеткіші неғұрлым жоғары тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдығына және тексерулерді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшелерінің лауазымдық тұлғаларының штат санына негізделіп әрбір тәуекел бойынша жоғары дәрежеге жатқызылған салық төлеушілерге қатысты тексерулер тағайындалады.

      11. Ішінара тексеруге жататын салық төлеушілердің тізімі, жартыжылдыққа қалыптастырылады.

      12. Ішінара тексеру жүргізудің еселігі тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары бойынша алынған мәліметтерді талдау және бағалау нәтижелері бойынша айқындалады және жылына бір реттен жиі болуы мүмкін емес.

Об утверждении критериев оценки степени риска в сфере государственного контроля за поступлением налогов и других обязательных платежей в бюджет, а также полнотой и своевременным перечислением обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов в единый накопительный пенсионный фонд и социальных отчислений в Государственный фонд социального страхования

Совместный приказ Министра финансов Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 687 и и.о. Министра национальной экономики Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 840. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 февраля 2016 года № 12983. Утратил силу совместным приказом Министра финансов Республики Казахстан от 20 февраля 2018 года № 251 и исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 24 февраля 2018 года № 74 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

?      Сноска. Утратил силу совместным приказом Министра финансов РК от 20.02.2018 № 251 и и.о. Министра национальной экономики РК от 24.02.2018 № 74 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях реализации пункта 4 статьи 625 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) и пункта 3 статьи 141 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан от 29 октября 2015 года ПРИКАЗЫВАЕМ:

      1. Утвердить прилагаемые критерии оценки степени риска в сфере государственного контроля за поступлением налогов и других обязательных платежей в бюджет, а также полнотой и своевременным перечислением обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов в единый накопительный пенсионный фонд и социальных отчислений в Государственный фонд социального страхования.

      2. Признать утратившими силу:

      1) совместный приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 сентября 2011 года № 468 и и.о. Министра экономического развития и торговли Республики Казахстан от 16 сентября 2011 года № 302 "Об утверждении Критериев оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства по вопросам исполнения норм налогового законодательства, а также иного законодательства Республики Казахстан, контроль за исполнением которого возложен на органы налоговой службы" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7251, опубликованный в газете "Юридическая газета" 27 октября 2011 года № 157 (2147));

      2) совместный приказ Министра финансов Республики Казахстан от 22 октября 2012 года № 466 и Министра экономического развития и торговли Республики Казахстан от 30 октября 2012 года № 297 "О внесении изменений и дополнений в совместный приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 сентября 2011 года № 468 и и.о. Министра экономического развития и торговли Республики Казахстан от 16 сентября 2011 года № 302 "Об утверждении Критериев оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства вопросам исполнения норм налогового законодательства, а также иного законодательства Республики Казахстан, контроль за исполнением которого возложен на органы налоговой службы" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8078, опубликованный в газете "Юридическая газета" 20 ноября 2012 года № 175 (2357));

      3) совместный приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра финансов Республики Казахстан от 31 марта 2014 года № 144 и Министра регионального развития Республики Казахстан от 31 марта 2014 года № 96/ОД "О внесении изменения в совместный приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 сентября 2011 года № 468 и и.о. Министра экономического развития и торговли Республики Казахстан от 16 сентября 2011 года № 302 "Об утверждении Критериев оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства вопросам исполнения норм налогового законодательства, а также иного законодательства Республики Казахстан, контроль за исполнением которого возложен на органы налоговой службы" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9301, опубликованный в информационно-правовой системе "Әділет" 10 апреля 2014 года).

      3. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан (Ергожин Д.Е.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего совместного приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего совместного приказа его направление для опубликования в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет", а также в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан" для размещения в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего совместного приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан.

      4. Настоящий совместный приказ вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

Министр финансов


Республики Казахстан

Б. Султанов

Исполняющий обязанности


Министра национальной экономики


Республики Казахстан

М. Кусаинов

            "СОГЛАСОВАН"

      Председатель Комитета по правовой

      статистике и специальным учетам

      Генеральной прокуратуры

      Республики Казахстан

      ___________________ С. Айтпаева

      30 декабря 2015 года



Утверждены


совместным приказом


Министра финансов


Республики Казахстан


от 25 декабря 2015 года № 687


и и.о.Министра национальной


экономики Республики Казахстан


от 31 декабря 2015 года № 840

Критерии оценки степени риска в сфере государственного контроля за поступлением налогов и других обязательных платежей в бюджет, а также полнотой и своевременным перечислением обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов в единый накопительный пенсионный фонд и социальных отчислений в Государственный фонд социального страхования

      1. Настоящие критерии оценки степени риска в сфере государственного контроля за поступлением налогов и других обязательных платежей в бюджет, а также полнотой и своевременным перечислением обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов в единый накопительный пенсионный фонд и социальных отчислений в Государственный фонд социального страхования (далее – Критерии) разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 625 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) и пунктом 3 статьи 141 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан от 29 октября 2015 года для отнесения налогоплательщиков к степени риска с целью отбора налогоплательщиков для проведения выборочных проверок по вопросам соблюдения налогового законодательства.

      2. В настоящих Критериях используются следующие понятия:

      1) риск – вероятность неисполнения и (или) неполного исполнения налогового обязательства налогоплательщиком (налоговым агентом), которые могли и (или) могут нанести ущерб государству;

      2) система оценки рисков – комплекс мероприятий, проводимый органом контроля и надзора, с целью назначения проверок;

      3) объективные критерии оценки степени риска – критерии оценки степени риска, используемые для отбора проверяемых субъектов (объектов) в зависимости от степени риска в определенной сфере деятельности и не зависящие непосредственно от отдельного проверяемого субъекта (объекта);

      4) субъективные критерии оценки степени риска – критерии оценки степени риска, используемые для отбора проверяемых субъектов (объектов) в зависимости от результатов деятельности конкретного проверяемого субъекта (объекта).

      5) проверяемые субъекты – физические и юридические лица и (или) структурные подразделения юридических лиц, являющиеся плательщиками налогов и других обязательных платежей в бюджет;

      6) дифференцированный показатель – значение от 0 до 100, определяемое для каждого критерия, которое может быть дифференцированным в зависимости от значительности последствия.

      3. Критерии оценки степени рисков для выборочных проверок в настоящих Критериях формируются посредством субъективных критериев без применения объективных критериев.

      4. Для оценки степени рисков используются следующие источники информации:

      1) результаты мониторинга отчетности и сведений, представляемых проверяемым субъектом, в том числе посредством автоматизированных систем;

      2) результаты предыдущих проверок;

      3) результаты иных форм контроля;

      4) результаты анализа сведений, представляемых уполномоченными органами и организациями.

      5. Субъективные критерии оценки степени рисков:

      1) коэффициент соотношения суммы уплаченных налогов и других обязательных платежей в бюджет, за исключением таможенных платежей, к совокупному годовому доходу до корректировки ниже среднеотраслевого значения за соответствующий период. При этом указанный коэффициент рассчитывается за истекший календарный год в пределах срока исковой давности.

      Среднеотраслевое значение рассчитывается как отношение суммы коэффициентов каждой группы (до 4 знака) общего классификатора видов экономической деятельности, утвержденного уполномоченным органом в сфере технического регулирования и метрологии к количеству налогоплательщиков группы;

      2) осуществление операций с лжепредприятиями, бездействующими налогоплательщиками и с налогоплательщиками, регистрации которых судами признаны недействительными, а также сделок, совершение которых признано судом осуществленными без фактического выполнения работ, оказания услуг, отгрузки товаров;

      3) коэффициент соотношения суммы вычетов к сумме совокупного годового дохода до корректировки более 0,98.

      Расчет данного критерия осуществляется по налогоплательщикам, совокупный годовой доход до корректировки которых превышает сумму, равную 30 000-кратному месячному расчетному показателю;

      4) период, не охваченный комплексной и (или) тематической проверкой по вопросам исполнения налогового обязательства по отдельным видам налогов равен четырем годам и более.

      Расчет данного критерия осуществляется по налогоплательщикам, налогообложение которых осуществляется в соответствии со статьей 308-1 Налогового Кодекса.

      6. При анализе и оценке не применяются данные субъективных критериев, ранее учтенных и использованных в отношении конкретного проверяемого субъекта (объекта).

      7. Расчет критериев осуществляется два раза в год, в последний месяц полугодия.

      8. В зависимости от возможного риска и значимости проблемы, единичности или системности нарушения, анализа принятых ранее решений по каждому источнику информации, определяются субъективные критерии, которым присваивается дифференцированный показатель и коэффициент в зависимости от важности критерия.

      Для расчета коэффициента каждому критерию присваивается приоритет от 1 до 5.

      Расчет коэффициента:

      К = ПК1/(ПК1 +…+ ПКn)

      где:

      К-коэффициент;

      К1, …, Кn – критерий 1, …, критерий n;

      П – приоритет критерия;

      ПК1,…, ПКn – приоритет критерия 1,…, приоритет критерия n;

      n – количество критериев;

      Общий показатель степени риска проверяемого субъекта (?Р) рассчитывается по шкале от 0 до 100 и определяется путем суммирования показателей по следующей формуле:

      SР = BK*Кa+… BK *Кn

      где:

      SР – общий показатель степени риска;

      BК – дифференцированный показатель по критерию от 10 до 100;

      Кa – коэффициент сработавшего критерия № a;

      Кn – коэффициент сработавшего критерия № n;

      n – количество сработавших критериев.

      9. Общий показатель степени риска проверяемого субъекта рассчитывается по критериям оценки степени риска, указанным в пункте 5 настоящих Критериев и критериев оценки степени риска, относящимся к конфиденциальной (служебной) информации, утверждаемых органом контроля и надзора.

      10. По показателям степени риска проверяемый субъект (объект) относится:

      1) к высокой степени риска – при показателе степени риска от 25 до 100 включительно и в отношении него проводится выборочная проверка;

      2) не отнесенной к высокой степени риска – при показателе степени риска от 0 до 25 и в отношении него не проводится выборочная проверка.

      Выборочные проверки назначаются в отношении налогоплательщиков, отнесенных к высокой степени по каждому риску, исходя из приоритетности проверяемых субъектов (объектов) с наибольшим показателем степени риска и штатной численности должностных лиц структурных подразделений органов государственных доходов, осуществляющих проверки.

      11. Списки налогоплательщиков, подлежащих выборочной проверке, формируются на полугодие.

      12. Кратность проведения выборочной проверки определяется по результатам проводимого анализа и оценки получаемых сведений по критериям оценки степени рисков и не может быть чаще одного раза в год.