Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 31.12.2015 № 840 және ҚР Қаржы министрінің 25.12.2015 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Салық заңнамасының, сондай-ақ орындауын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының нормаларын орындау мәселелері жөніндегі жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер деңгейін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 468 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 302 бірлескен бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 10 қазанда № 7251 болып тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2011 жылғы 27 қазанда № 157 (2147) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Салық заңнамасының, сондай-ақ орындалуын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының нормаларын орындау мәселелері бойынша көрсетілген Бірлескен бұйрықпен бекітілген жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер деңгейін бағалау өлшемдерінде:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1.1. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғаларды және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларын қоспағанда) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жыл ішінде жоспарлы тексерулер жүргізуге жол берілмейді.»;
6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Салықтық тексерулер жоспарына енгізілетін салық төлеушілердің жалпы саны былайша бөлінеді:
1) салықтық тексерулер жоспарына енгізілетін салық төлеушілердің жалпы санының кемінде 80 пайызы жоғары дәрежедегі тәуекелге жатқызылған салық төлеушілерге;
2) 15 пайызы орташа дәрежедегі тәуекелге жатқызылған салық төлеушілерге, немесе жоғары дәрежедегі тәуекелге жатқызылған салық төлеушілерге толық іріктеу болмаған жағдайда 15 пайыздан көбі;
3) кемінде 5 пайызы төмен дәрежедегі тәуекелге жатқызылған салық төлеушілерге жатқызылуы тиіс.».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә.С. Жұмаділдаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың төртінші абзацын қоспағанда, осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Экономикалық даму және
сауда министрі
______________ Б. Жәмішев ____________ Е. Досаев