Исламдық бағалы қағаздарды шығару, айналысқа жіберумен өтеу және оларды мемлекеттік тіркеу, орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау және исламдық бағалы қағаздар шығарылымының күшін жою қағидаларын, сондай-ақ Исламдық бағалы қағаздардың шығарылымы проспектісіне қойылатын талаптарды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 251 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 4 ақпанда № 13006 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 298 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2018 № 298 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Исламдық бағалы қағаздарды шығару, айналысқа жіберу мен өтеу және оларды мемлекеттік тіркеу, орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау және исламдық бағалы қағаздар шығарылымының күшін жою қағидалары;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Исламдық бағалы қағаздардың шығарылымы проспектісіне қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін қадағалау департаменті (Хаджиева М.Ж.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Д. Ақышев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 251 қаулысына
1-қосымша

Исламдық бағалы қағаздарды шығару, айналысқа жіберу мен өтеу
және оларды мемлекеттік тіркеу, орналастыру және өтеу
қорытындылары туралы есептерді қарау және исламдық бағалы
қағаздар шығарылымының күшін жою қағидалары

      1. Осы Исламдық бағалы қағаздарды шығару, айналысқа жіберу мен өтеу және оларды мемлекеттік тіркеу, орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау және исламдық бағалы қағаздар шығарылымының күшін жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3, 8, 24 және 32-3-баптарына (бұдан әрі – БҚР туралы заң) сәйкес әзiрлендi және исламдық бағалы қағаздарды (исламдық жалдау сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттарын) шығару, айналысқа жіберу мен өтеу және оларды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде исламдық бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірін беру, сондай-ақ орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау және исламдық бағалы қағаздар шығарылымының күшін жою талаптарымен тәртібін айқындайды.

      2. Эмитент исламдық бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін бағалы қағаздар нарығын реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкiлеттi орган) мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) исламдық бағалы қағаздың түрі көрсетіле отырып, еркін нысанда жазылған өтiнiш;

      2) исламдық бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу, эмитент исламдық бағалы қағаздарды орналастыру нәтижесінде алған қаражатты пайдалану тәртібі, исламдық бағалы қағаздар шығарылымының көлемі, саны мен түрі, исламдық бағалы қағаздардың номиналды құны, исламдық бағалы қағаздардың айналыс мерзімі, исламдық бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтары, сондай-ақ эмитент қабылдайтын міндеттемелер (шектеулер) туралы мәліметтер қамтылатын эмитент органының исламдық бағалы қағаздардың шығарылымы туралы шешімінің көшірмесі;

      3) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңеспен келісілген екі данадағы исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі;

      4) эмитент пен оригинатор жарғыларының көшірмелері;

      5) эмитент пен оригинатордың арасында жасалған, оригинатордың Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасымен және исламдық қатысу сертификаттарын сатып алу немесе мерзімінен бұрын өтеу, сондай-ақ исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде белгіленген жағдайларда эмитенттен мүлікті сатып алу жөніндегі міндеттемелерді қосқандағы исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде белгіленген міндеттемелерді орындау талаптары айқындалатын шарттың көшірмесі;

      6) бөлінген активтерді құрайтын мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының көшірмесі (мүлікті сенімгерлікпен басқаруға берген кезде).

      3. Эмитент исламдық бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган:

      1) исламдық бағалы қағаздардың шығарылымын тіркейді және эмитентке осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша исламдық бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті береді;

      2) уәкілетті органның оның мемлекеттік тіркелгендігі туралы белгісі бар исламдық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінің бір данасын эмитентке қайтарады.

      4. Эмитент исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектiсiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында уәкiлеттi органға мыналарды ұсынады:

      1) еркін нысанда жазылған өтiнiш;

      2) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңеспен келісілген, қағаз тасымалдағышта қазақ және орыс тiлдерiнде екі данада жасалған, бiрiншi басшы, бас бухгалтер қол қойған және эмитенттің мөр бедерімен (бар болса) расталған исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектiсiне өзгерістер мен толықтырулар. Екі дананың әрқайсысында қазақ және орыс тiлдерiндегi исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектiсiне өзгерістер мен толықтырулар қамтылады;

      3) қаржылық есептіліксіз PDF форматындағы электрондық тасымалдағышта оған енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар (қазақ және орыс тiлдерiнде) қамтылатын исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектiсi;

      4) исламдық қатысу сертификаттарының (исламдық қатысу сертификаттарын шығару кезінде) санын ұлғайту қажеттілігінің негіздемесі қамтылатын исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектiсiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлген эмитент органы шешiмiнiң көшiрмесi;

      5) эмитенттің атауы, оның орналасқан жері өзгерген жағдайда, сондай-ақ исламдық қатысу сертификаттарының саны ұлғайған кезде исламдық бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлiктiң түпнұсқасы;

      6) исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектiсiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу нәтижесінде исламдық бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтары бұзылмайтындығы туралы эмитенттің жазбаша мiндеттемесi;

      7) эмитенттің (оригинатордың) орналасқан жері өзгерген жағдайда – жарғының көшiрмесi.

      5. Эмитент исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектiсiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкiлеттi орган:

      1) исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектiсiне өзгерістер мен толықтыруларды тiркейдi және эмитенттің атауы, оның орналасқан жері өзгерген жағдайда, сондай-ақ исламдық қатысу сертификаттарының саны ұлғайған кезде исламдық бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлiктi ауыстыруды жүзеге асырады;

      2) уәкiлеттi органның олардың мемлекеттік тiркелгенi туралы белгiсi бар исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектiсiне өзгерістер мен толықтырулардың бір данасын эмитентке қайтарады.

      6. Уәкiлеттi орган исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектiсiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін эмитент ұсынған құжаттарды осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды беру күнінен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қарайды.

      7. Эмитент исламдық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті қарау үшін уәкiлеттi органға БҚР туралы заңның 23-бабының 1-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады. Исламдық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есеп осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады және қағаз тасымалдағышта екі данада және PDF форматында электрондық тасымалдағышта (қазақ және орыс тiлдерiнде) ұсынылады. Бұл ретте екі дананың әрқайсысында қазақ және орыс тiлдерiндегi исламдық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есеп қамтылады.

      8. Исламдық бағалы қағаздарды орналастырудың есептік кезеңі жүйелі алты ай болады.

      Исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектiсiнде белгіленген исламдық бағалы қағаздарды орналастыру басталған күн орналастырудың бiрiншi есепті кезеңiнiң басталу күні болып табылады.

      Алдыңғы есепті кезеңнің аяқталған күнінен кейінгі күн келесі есепті кезеңнің басталу күні болып табылады.

      Барлық исламдық бағалы қағаздарды эмитенттің жеке шотынан эмитенттің исламдық бағалы қағаздарын ұстаушылар тiзiлiмдерінің жүйесінде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарында жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін есептен шығару жөніндегі соңғы операцияны жүргізу күні не исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде белгіленген исламдық бағалы қағаздарды орналастыру мерзімінің аяқталған күні исламдық бағалы қағаздарды орналастыруды аяқтау күні болып табылады.

      Эмитент исламдық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті орналастырудың есепті кезеңі аяқталған соң бір ай iшiнде ұсынады. Бір мезгілде тіркеушіге уәкілетті органға исламдық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті ұсыну туралы хабарлама жіберіледі.

      9. Эмитент исламдық бағалы қағаздарды өтеу қорытындылары туралы есептi қарау үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) исламдық бағалы қағаздарды өтеу қорытындылары туралы есептi қарау жөніндегі өтініш;

      2) есепті айдың соңындағы немесе исламдық бағалы қағаздарды өтеуді аяқтау күнгі жағдай бойынша эмитенттің және оригинатордың қаржылық есептілігі;

      3) Қағидаларға 3-қосымшаға талаптарға сәйкес жасалған және ресімделген исламдық бағалы қағаздарды өтеу қорытындылары туралы есеп;

      4) эмитенттің исламдық бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізілімін жабу туралы тіркеушінің хабарламасы;

      5) эмитенттің (оригинатордың) исламдық бағалы қағаздарды өтеу жөніндегі өз міндеттемелерін орындауын растайтын төлем агентінің немесе эмитенттің хабарламасы (төлем агентімен шарт болмаған жағдайда).

      10. Эмитент исламдық бағалы қағаздарды өтеу қорытындылары туралы есепті исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде белгіленген өтеу мерзімі аяқталғаннан кейін бір ай ішінде ұсынады.

      11. Уәкілетті орган исламдық бағалы қағаздарды өтеу қорытындылары туралы есепті уәкілетті органға құжаттарды беру күнінен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде қарайды.

      12. Эмитент исламдық бағалы қағаздарды орналастыру (өтеу) қорытындылары туралы есепті қарау үшiн ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкiлеттi орган:

      1) исламдық бағалы қағаздарды орналастыру (өтеу) қорытындылары туралы есепті бекiтедi және эмитентке Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша исламдық бағалы қағаздарды орналастыру (өтеу) қорытындылары туралы есептің бекiтiлгенi туралы хабарлама жiбередi;

      2) уәкiлеттi органның оның бекiтілгенi туралы белгiсi бар исламдық бағалы қағаздарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есептің бiр данасын эмитентке қайтарады.

      13. Егер исламдық бағалы қағаздарды орналастырудың есептi кезеңi басталған күннен бастап алты ай iшiнде бiр де бiр исламдық бағалы қағазды орналастырмаған жағдайда, эмитент уәкiлеттi органға мыналарды ұсынады:

      1) осы кезеңде исламдық бағалы қағаздарды орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы мәлiметтер қамтылатын жазбаша хабарлама;

      2) исламдық бағалы қағаздарды орналастырудың есептi кезеңi аяқталған күнгi жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттiң жеке шотының жай-күйi туралы тiркеушi берген анықтаманың көшiрмесi.

      14. Уәкілетті орган эмитенттің құжаттары Қағидаларда белгіленген исламдық бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсынудың талаптары мен тәртібіне сәйкес келген жағдайда болжанып отырған шығарылымның исламдық бағалы қағаздарына ұлттық сәйкестендіру нөмірін береді.

      15. Уәкілетті органның жауапты қызметкері:

      1) Қағидаларға сәйкес ұлттық сәйкестендіру нөмірін ретке келтіреді;

      2) айналыста бар исламдық бағалы қағаздардың шығарылымына ұқсас ұлттық сәйкестендіру нөмірлерінің болмауын тексереді;

      3) ұлттық сәйкестендіру нөмірін береді;

      4) ұлттық сәйкестендіру нөмірі берілген исламдық бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті қоса бере отырып, эмитентті ұлттық сәйкестендіру нөмірі берілгендігі туралы жазбаша хабардар етеді.

      16. Исламдық бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірін беру үшін араб цифрлары мен латын алфавитінің қаріптері ("I" және "О" қаріптерін қоспағанда) жазба (тақырыптық) пайдаланылады.

      17. Ұлттық сәйкестендіру нөмірі қандай да бір тыныс белгісімен бөлінбеген қатарынан он екі символдарды (солдан оңға қарай есептегенде) құрайды және мынадай үш бөліктен тұрады:

      1) бірінші және екінші позицияларда орналасқан символдар, заңнамаға сәйкес эмитенттің исламдық бағалы қағаздардың шығарылымын шығарған елдің екі әріпті кодын білдіреді (Қазақстан Республикасы үшін "KZ" коды пайдаланылады);

      2) үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші позицияларда орналасқан символдар Қағидалардың 18, 19, 20, 21, 22 және 23-тармақтарына сәйкес есептелетін негізгі нөмір болып табылады;

      3) он екінші позицияда орналасқан символ Қағидалардың 24-тармағына сәйкес есептелетін бақылаушы цифр болып табылады;

      18. Үшінші позицияда орналасқан символ исламдық бағалы қағаздардың түрлерін білдіреді (исламдық жалдау сертификаттары үшін "3" символы пайдаланылады, ал исламдық қатысу сертификаттары үшін "4" символы пайдаланылады).

      19. Төртінші позицияда орналасқан символ исламдық бағалы қағаздар эмитентінің мынадай ұйымдық-құқықтық нысанын білдіреді:

      1) "C" символы – акционерлік қоғам;

      2) "P" символы – жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

      20. Исламдық бағалы қағаздардың шығарылымын тіркеу кезінде бесінші позицияда орналасқан символ "0" цифрымен белгіленеді.

      21. Алтыншы позицияда орналасқан символ исламдық бағалы қағаздардың айналыс мерзімінің мынадай өлшем бірлігін білдіреді (Қағидалардың 22-тармағының алтыншы бөлігінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып):

      1) "Y" символы – жылдар;

      2) "M" символы – айлар;

      3) "W" символы – апталар;

      4) "D" символы – күндер.

      22. Жетінші және сегізінші позицияларда орналасқан символдар исламдық бағалы қағаздардың тиісті өлшем бірлігіндегі айналыс мерзімін білдіреді.

      Егер айналыс мерзімі тиісті 10 өлшем бірлігінен кем болса, жетінші позицияда "0" (нөл) символы көрсетіледі.

      Егер айналыс мерзімі өлшем бірлігінің бүтін емес саны болса, ол төмен тұрған өлшем бірліктеріне ауыстырылады. Бұл ретте айдың ұзақтығы 30 күнге тең деп алынады. Егер осылай аударым жасау нәтижесінде бөлшек сан немесе 99-дан асатын сан құралса, онда өлшем бірлігі өзгермейді, бүтін санға дейін дөңгелектенеді. Мысалы, 4,5 жыл 54 айға ауыстырылады (4,5 х 12 = 54), 3,5 ай 4 айға ауыстырылады (3,5 х 30 = 105 > 99).

      Егер, қандай да бір өлшем бірліктеріндегі айналыс мерзімі мейлінше жоғары деңгейдегі өлшем бірлігінің бүтін санын құрайтын болса, ол жоғары тұрған өлшем бірлігіне ауыстырылады. Мысалы, 36 ай 3 жылға ауыстырылады.

      Егер айналыс мерзімі тиісті 99 өлшем бірлігінен асатын болса, ол жоғары тұрған өлшем бірлігіне дөңгелектеніп, ауыстырылады. Бұл ретте айдың ұзақтығы 30 күнге тең деп алынады. Мысалы, 180 күн 6 айға ауыстырылады (180: 30 = 6,00), 115 күн төрт айға ауыстырылады (115: 30 = 3,83), 110 ай 9 жылға ауыстырылады (110: 12 = 9,17), 225 күн 8 айға ауыстырылады (225: 30 = 7,5).

      Осы тармақтың үшінші, төртінші және бесінші бөліктеріне сәйкес исламдық бағалы қағаздардың айналыс мерзімінің өлшем бірліктерін өзгерту кезінде тиісінше алтыншы позицияда орналасқан символ өзгереді.

      23. Тоғызыншы, оныншы және он бірінші позицияларда орналасқан символдар Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізу кезінде берілген исламдық бағалы қағаздар шығарылымының нөмірін білдіреді.

      24. Бақылау цифрі былайша есептеледі:

      1) 1-адым – Қағидалардың 17, 18, 19, 20, 21, 22 және 23-тармақтарына сәйкес алғашқы он бір позиция толтырылады;

      2) 2-адым – позицияларда орналасқан қаріптік символдар Қағидаларға 5-қосымшадағы қаріптік белгілерді сандарға ауыстыру кестесіне сәйкес сандармен ауыстырылады;

      3) 3-адым – алынған сандық қатардың әрбір цифрі (оның оң шетінен бастағанда) тақ позициялардағы цифрлар үшін – "2", жұп позициялардағы цифрлар үшін – "1" коэффициентіне көбейтіледі;

      4) 4-адым – 3-адымды орындау нәтижесінде алынған қатардың цифрлары қосылады;

      5) 5-адым – егер 4-адымды орындау нәтижесінде алынған сома "0"-ге аяқталатын болса, онда бақылау цифрі "0" болады. Керісінше жағдайда 4-адымды орындау нәтижесінде алынған соманы шегеру нәтижесі осы сомадан асатын және он еселенгендердің барынша төменгісі болып табылатын қатарынан бақылау цифрі болып табылады.

      25. Исламдық бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірін беру мысалы осы Қағидалардың 6-қосымшасында келтірілген.

      26. Қағидаларға сәйкес эмитент (оригинатор) уәкілетті органға электронды және қағаз тасымалдағыштармен ұсынған құжаттар мазмұнының сәйкестігін қамтамасыз етеді.

      27. Эмитент (оригинатор) уәкілетті органға ұсынған құжаттар көшірмесі бірінші басшының (не оның орнындағы адамның) қолымен және эмитенттің (оригинатордың) мөр бедерімен (бар болса) расталады.

      Құжаттардың беттері көп болған жағдайда әрбір парақ не құжат расталады және әрбір парақ не құжат тігіледі және тігілген жиекке және ішінара қағазға желімделіп, қағаз пломбамен бекітіледі. Бірінші басшының (не оның орнындағы адамның) қолы және мөр бедері (бар болса) ішінара қағаз пломбаға, ішінара құжат парағына қойылуы тиіс.

      28. Эмитент исламдық бағалы қағаздардың шығарылымын жою үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) еркін нысанда жазылған өтiнiші;

      2) исламдық бағалы қағаздардың шығарылымын жою туралы шешімін қабылдаған эмитентінің органы шешімінің көшірмесі;

      3) исламдық бағалы қағаздарды шығарылымын, уәкілетті органның тіркеу туралы белгісімен бағалы қағаздар шығарылымының проспектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқалары;

      4) егер осы шығарылымның ешбір исламдық бағалы қағазы орналастырылмаған осы шығарылымның барлық исламдық бағалы қағаздарды бағалы қағаздардың қайталама нарығында эмитент сатып алған жағдайда, жою туралы шешім қабылданған күніне исламдық бағалы қағаздары ұстаушылардың болмағаны туралы тіркеушінің хабарламасы;

      5) олардың қолданылу өткен жағдайда осы шығарылымының барлық исламдық бағалы қағаздары бойынша талап ету құқығын сатып алуды растайтын құжатты ұсынады.

      Қаржы ұйымдарын қайта құрылымдау рәсімдерін жүзеге асырған кезде эмитент осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға қосымша, сот бекіткен қайта құрылымдау жоспарының көшірмелерін қоса бере отырып, эмитентті қайта құрылымдау жүргізу туралы сот шешімінің көшірмесін ұсынады.

      Мәжбүрлеп тәртіппен таратылатын эмитенттің тарату комиссиясы осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға қосымша тарату процессінің аяқталуын растайтын құжаттарды (тарату балансының көшірмесін) ұсынады.

      29. Қағидалардың 28-тармағының бірінші бөлігінің 3) тармақшасында атап өтілген құжаттар жоғалған жағдайда, эмитент уәкілетті органға бұқаралық ақпарат құралдарында (мерзiмдi баспасөз басылымы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты таратудың басқа да нысаны) жарияланған жоғалған құжаттардың жарамсыздығы туралы хабарламаның көшірмесін ұсынады.

      30. Эмитент уәкілетті органға исламдық бағалы қағаздардың шығарылымын жоюға ұсынған құжаттар оларды алған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде қаралады.

      31. Эмитент исламдық бағалы қағаздардың шығарылымын жоюға ұсынған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасының және Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган исламдық бағалы қағаздардың шығарылымын жояды және эмитентке Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша исламдық бағалы қағаздардың шығарылымын жою жөніндегі куәлікті жібереді. Исламдық бағалы қағаздардың шығарылымын жою жөніндегі қабылданған шешімді уәкілетті орган тіркеушіге және орталық депозитарийге жібереді.

      32. Исламдық бағалы қағаздардың шығарылымы исламдық бағалы қағаздардың шығарылымын жою жөніндегі хабарламада көрсетілген күннен бастап, бірақ уәкілетті орган исламдық бағалы қағаздардың шығарылымын жою жөніндегі шешімді қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жойылады.

  Исламдық бағалы қағаздарды
шығару, айналысқа жіберу мен өтеу
және оларды мемлекеттік тіркеу,
орналастыру және өтеу қорытындылары
туралы есептерді қарау және
исламдық бағалы қағаздар шығарылымының
күшін жою қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Исламдық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы
куәлік

      20 ___ жылғы "___" __________ ________ қаласы № _____

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      _____________________________________________________________________

      (тіркеу нөмірі және күні) тіркелген

      _____________________________________________________________________

      (эмитенттің атауы және мекенжайы)

      _____________________________________________________________________

      (исламдық бағалы қағаздардың түрі көрсетіледі)

      шығарылымды мемлекеттік тіркеуге алды.

      Шығарылым

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (исламдық бағалы қағаздары саны цифрмен және жазбаша)

      бөлінді әрі оларға ұлттық сәйкестендіру

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      нөмірі берілді.

      Бір _________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (исламдық бағалы қағаздардың түрі және құны цифрмен және жазбаша)

      номиналдық құны ______________________________________ теңге.

      Шығарылымының көлемі ________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (исламдық бағалы қағаздардың түрі көрсетіледі)

      _____________________________________________________________________

      ________________________________________________________________теңге

      (шығарылатын исламдық бағалы қағаздардың жиынтық номиналды құны

      цифрмен және жазбаша)

      Шығарылым ________________________________________________ нөмірімен

      Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізілді.

      Шығарылым туралы қосымша ақпарат:____________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Куәлікке қол қойған адамның тегі, аты, әкесінің

      аты (бар болса) және лауазымы, қолы, мөрі

  Исламдық бағалы қағаздарды
шығару, айналысқа жіберу мен өтеу
және оларды мемлекеттік тіркеу,
орналастыру және өтеу қорытындылары
туралы есептерді қарау және
исламдық бағалы қағаздар шығарылымының
күшін жою қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Исламдық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы
ЕСЕП

      1. Эмитенттiң атауы және оның орналасқан жері.

      2. Эмитенттi және оригинаторды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы мәлiметтер.

      Осы тармақта эмитенттi және оригинаторды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтаманың немесе куәлiктiң күнi және нөмiрi, сондай-ақ олардың мемлекеттiк тiркеуін (қайта тiркеуін) жүзеге асырған органның атауы көрсетiледi.

      3. Исламдық бағалы қағаздары шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні және исламдық бағалы қағаздардың шығарылымы нөмірі.

      4. Исламдық бағалы қағаздары туралы мәліметтер: жалпы саны, түрі, номиналдық құны.

      5. Исламдық бағалы қағаздарды орналастыру туралы мәліметтер:

      1) исламдық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы алдыңғы есепті (есептерді) бекіту күні;

      2) есеп ұсынылатын кезеңдегі орналастырудың басталу күні және аяқталу күні;

      3) айналыс кезеңінің басталу күні және аяқталу күні;

      4) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығындағы жазылу жолымен орналастырылған исламдық бағалы қағаздардың саны және тартылған ақша сомасы. Исламдық бағалы қағаздарды аукцион өткізу жолымен орналастырған жағдайда олардың өткен күнін және аукциондағы ең жоғарғы сату бағасын көрсету керек;

      5) бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында исламдық бағалы қағаздарды орналастыру туралы ақпарат (caуда-саттықты ұйымдастырушылар тiзiмiнiң санаты, исламдық бағалы қағаздарды орналастыру аяқталған күнге исламдық бағалы қағаздардың нарықтық құны, сауда-саттықтағы ең жоғарғы баға және бiрiншi және соңғы сауда-саттық күні, орналастырылған исламдық бағалы қағаздардың саны және тартылған ақша сомасы);

      6) есепті кезеңдегі орналастырылған исламдық бағалы қағаздардың және олардың орналастыру басталған күнінен бастап бұрын орналастырылған исламдық бағалы қағаздарды ескере отырып, барлығының саны;

      7) есепті кезең аяқталған күнге сатып алынған исламдық бағалы қағаздардың саны, сатып алу жөнінде шешім қабылданған күн, сондай-ақ эмитент немесе оригинатор оларды сатып алған кезде келген шығындар;

      8) исламдық бағалы қағаздар шығарылымының андеррайтерлерi (эмиссиялық консорциумдар) туралы ақпарат. Осы тармақта мынадай ақпаратты көрсету керек:

      бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының атауы, эмитентпен жасалған андеррайтер қызметін көрсету жөнiндегi шарттың күні мен нөмiрi, сондай-ақ эмиссиялық консорциум қатысушылары туралы;

      андеррайтерлерге немесе орналастырудың басқа қатысушыларына, өкілдерге төленген (төленуі тиіс) орналастырудың жалпы көлемiнiң пайызға шаққандағы дисконт және комиссия, әрбір орналастырылған исламдық бағалы қағаздардың дисконты және комиссиясы көлемі туралы және шығыстар туралы басқа да мәліметтер;

      андеррайтерлердi тартпай орналастырылған исламдық бағалы қағаздардың саны және орналастырудың одан әрі жоспарлары туралы;

      9) меншік иелерiнiң санаттары бойынша исламдық бағалы қағаздардың меншік иелерінің саны туралы мәліметтер:

      жоғарыда аталған әр санаттағы тұлғалардың меншігіне тиесілі исламдық бағалы қағаздардың санын және түрін көрсете отырып, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, екiншi деңгейдегi банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, брокер-дилерлер және өзге де меншiк иелерi;

      10) орналастырылмаған исламдық бағалы қағаздардың саны;

      11) тиісті шарттарды жасау күні мен нөмірі көрсетілген оригинатордың атауы мен орналасқан жері;

      12) есепті кезеңнің аяқталу күніне уақытша бос ақшаны инвестициялаудан алынған ақша сомасы.

      6. Бұқаралық ақпарат құралдарының атауы және исламдық бағалы қағаздар шығарылымы туралы ақпараттық хабар жарияланған күн.

      7. Исламдық бағалы қағаздар бойынша кіріс төлеу туралы мәлiметтер:

      1) есепті кезең ішінде исламдық бағалы қағаздар бойынша исламдық бағалы қағаздарды ұстаушыларға төленген кіріс мөлшері;

      2) исламдық бағалы қағаздар бойынша исламдық бағалы қағаздарды ұстаушыларға төлемнің кезеңділігі және мерзімі;

      3) исламдық бағалы қағаздар бойынша кіріс төлеу кезiндегi есеп айырысу тәртiбi (есеп айырысу нысаны: қолма-қол, қолма-қол жасалмайтын);

      4) есепті кезең ішінде исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан сатып алынған мүлік бойынша алынған кірістің жалпы сомасы;

      5) эмитенттің бөлінген активтері құрамында резервтік қорды құру және одан әрі қалыптастыруға бағытталған ақша сомасы, сондай-ақ есепті кезеңдегі резервтік қордың қаражатын пайдалану туралы мәліметтер;

      6) есепті кезең ішінде бөлінген активтерді сенімгерлік басқарушыға (оригинаторға) төленген комиссиялық сыйақы мөлшері;

      7) есепті кезең ішінде эмитент пен оригинатор инвестициялық жоба бойынша (исламдық қатысу сертификаттарын шығару кезінде) алған ақша сомасы (эмитент және оригинатор үшін жеке көрсетіледі).

      Есепке эмитенттің бiрiншi басшысы, бас бухгалтері немесе олардың орнындағы адамдар қол қояды және эмитенттің мөрiнiң бедерімен (бар болса) расталады. Есептiң әрбiр данасы орналастырылған исламдық бағалы қағаздардың саны туралы меншiк иелерiнiң санаты бойынша бөлiгiнде тiркеушi берген анықтаманың көшiрмесiмен, есептi айдың соңындағы жағдай бойынша немесе исламдық бағалы қағаздарды орналастыру аяқталған күнгi қаржылық есеппен бiрге тiгiледi және тiгiстiң түйiнiне және жартылай параққа желiмделген қағаз пломбамен бекiтiледi. Мөрдiң бедері (бар болса) жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына басылады және бiрiншi басшының немесе оның орнындағы адамның қолымен куәландырылады.

  Исламдық бағалы қағаздарды
шығару, айналысқа жіберу мен өтеу
және оларды мемлекеттік тіркеу,
орналастыру және өтеу қорытындылары
туралы есептерді қарау және
исламдық бағалы қағаздар шығарылымының
күшін жою қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Исламдық бағалы қағаздарды өтеу қорытындылары туралы
ЕСЕП

      1. Эмитенттiң және оригинатордың атауы.

      2. Эмитенттi және оригинаторды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлiметтер.

      Осы тармақта эмитентті және оригинаторды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтаманың немесе куәлiктiң күні және нөмiрi, сондай-ақ олардың мемлекеттік тіркеуін (қайта тіркеуін) жүзеге асырған органның атауы көрсетiледi.

      3. Эмитенттің және оригинатордың орналасқан жері.

      4. Исламдық бағалы қағаздардың шығарылымы мемлекеттік тіркелген күн және шығарылым нөмірі.

      5. Исламдық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есеп (есептер) бекiтiлген күн.

      6. Исламдық бағалы қағаздарды өтеу туралы мәліметтер:

      1) исламдық бағалы қағаздар өтелген күні;

      2) оригинатордың эмитентке мерзімінен бұрын өтеудің негіздемелерін және исламдық бағалы қағаздарды өтеу үшін аударған ақша сомасын көрсетіп, мерзімінен бұрын өтелген исламдық бағалы қағаздардың саны туралы мәлiметтер;

      3) исламдық бағалы қағаздарды өтеу үшін резервтік қордан тартылған ақша сомасы.

      7. Исламдық бағалы қағаздар бойынша төленген кірістің жиынтық мөлшері және өтеу сомасы. Осы тармақта есеп айырысу толығымен келтiрiледi.

      Исламдық бағалы қағаздарды өтеу қорытындылары туралы есеп есептi айдың соңындағы жағдай бойынша немесе исламдық бағалы қағаздарды өтеу аяқталған күнгi эмитенттің және оригинатордың қаржылық есеппен бірге қоса тiгiледi, оған бiрiншi басшы, бас бухгалтер не олардың орындарындағы адамдар, исламдық бағалы қағаздарды ұстаушылар өкілі атынан уәкілетті тұлға қол қояды және эмитенттiң мөрiнiң бедерiмен (бар болса) расталады.

  Исламдық бағалы қағаздарды
шығару, айналысқа жіберу мен өтеу
және оларды мемлекеттік тіркеу,
орналастыру және өтеу қорытындылары
туралы есептерді қарау және
исламдық бағалы қағаздар шығарылымының
күшін жою қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Исламдық бағалы қағаздарды орналастыру (өтеу) қорытындылары
туралы есепті бекіту туралы хабарлама

      20 ___ жылғы "___" __________ ________ қаласы № _____

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      _____________________________________________________________________

      (тіркеу нөмірі және күні)

      тіркелген____________________________________________________________

      (эмитенттің атауы және мекенжайы)

      _____________________________________________________________________

      (исламдық бағалы қағаздардың түрі көрсетіледі)

      орналастыру (өтеу) қорытындылары туралы есепті бекітті.

      Шығарылым

      ___________________________________________________________нөмірімен

      Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізілді.

      Шығарылым номиналдық құны____________________________________________

      ____________________________________________________________ теңгеде

      (номиналды құнының мөлшері цифрмен және жазбаша)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (исламдық бағалы қағаздардың түрі, саны цифрмен және жазбаша)

      бөлінді.

      _____________________________________________________ жағдай бойынша

      (исламдық бағалы қағаздарды орналастыру (өтеу) аяқталған күні, айы,

      жылы)

      Орналастырылғандардың (өтелгендердің)________________________________

      орналастырылмағандардың______________________________________________

      Шығарылым туралы қосымша ақпарат:____________________________________

      _____________________________________________________________________

      Хабарламаға қол қойған адамның тегі, аты, әкесінің

      аты (бар болса) және атқаратын лауазымы, қолы, мөрі

  Исламдық бағалы қағаздарды
шығару, айналысқа жіберу мен өтеу
және оларды мемлекеттік тіркеу,
орналастыру және өтеу қорытындылары
туралы есептерді қарау және
исламдық бағалы қағаздар шығарылымының
күшін жою қағидаларына
5-қосымша

Қаріптік белгілерді сандарға ауыстыру кестесі

A

10

F

15

L

20

R

25

W

30

B

11

G

16

M

21

S

26

X

31

C

12

H

17

N

22

T

27

Y

32

D

13

J

18

P

23

U

28

Z

33

E

14

K

19

Q

24

V

29



  Исламдық бағалы қағаздарды
шығару, айналысқа жіберу мен өтеу
және оларды мемлекеттік тіркеу,
орналастыру және өтеу қорытындылары
туралы есептерді қарау және
исламдық бағалы қағаздар шығарылымының
күшін жою қағидаларына
6-қосымша

Исламдық бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру
нөмірін берудің мысалдары

      Берілді (мысалдың шарты):

      Акционерлік қоғам исламдық жалдау сертификаттары шығарылымын

      4,5 жыл айналыс мерзімімен жүзеге асырады. Исламдық бағалы

      қағаздардың осы шығарылымы A58 нөмірімен Эмиссиялық бағалы

      қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізілген.

      1-қадам:

Позициялар нөмірі

Белгілер

Түсініктемелер

1-2

KZ

Эмитент елінің таңбалануы (осы Қағидалардың 18-тармағының 1) тармақшасы)

3

3

Исламдық бағалы қағаздар түрінің таңбалануы (осы Қағидалардың 19-тармағы)

4

С

Эмитент ұйымдық-құқықтық нысанының таңбалануы (осы Қағидалардың 20-тармағы және мысал шарты)

5

0

Исламдық бағалы қағаздар шығарылымын тіркеу кезінде бесінші позицияда орналасқан белгі "0" цифрымен таңбаланады (осы Қағидалардың 21-тармағы және мысал шарты)

6

М

Айналыс мерзімі өлшем бірлігінің таңбалануы: осы шығарылымдағы исламдық бағалы қағаздардың айналыс мерзімі жылдармен (4,5 жыл) өлшенеді. Алайда осы мерзім толық емес жыл санын беретіндіктен, ол төменде тұрған өлшем бірлігі – айларға ауыстырылады (4,5 х 12 = 54). Аударым жасау кезінде 99-дан аспайтын бүтін сан пайда болғандықтан, өлшем бірлігін өзгертуге тура келеді (осы Қағидалардың 22 және 23-тармақтары және мысал шарты)

7-8

54

Исламдық бағалы қағаздардың айналыс мерзімін таңбалау (осы Қағидалардың 24-тармағы және мысал шарты)

9-11

A58

Исламдық бағалы қағаздар шығарылымының нөмірін таңбалау (осы Қағидалардың 25-тармағы және мысал шарты)


      Нәтижесінде исламдық бағалы қағаздардың ұлттық сәйкестендіру

      нөмірі (он екінші позициядағы бақылау цифрынсыз) былайша көрініс

      береді:

K

Z

3

С

0

М

5

4

A

5

8


      2-қадам:

      Осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес қаріптік белгілерді

      сандармен ауыстыру:

1

9

3

3

3

1

2

0

2

1

5

4

1

0

5

8


      3-қадам:

      Сандық қатардан алынған цифрды (оның оң қанатынан бастап) "2"

      коэффициентке көбейту – тақ позициялардағы цифрлар үшін, "1" – жұп

      позициялардағы цифрлар үшін:

      сандық қатар (3-қадамның орындалу нәтижесі):

1

9

3

3

3

1

2

0

2

1

5

4

1

0

5

8


      көбейту коэффициенттері:

1

2

1

2

1

2

1

2

1

2

1

2

1

2

1

2


      көбейту нәтижесі:

1

1

8

3

6

3

2

2

0

2

2

5

8

1

0

5

1

6


      4-қадам:

      3-қадамды орындау нәтижесінде алынған қатардың цифрын жинақтау:

      1 + 1 + 8 + 3 + 6 + 3 + 2 + 2 + 0 + 2 + 2 + 5 + 8 + 1 + 0 + 5 + 1 + 6 = 56

      5-қадам:

      4-қадамды орындау нәтижесінде алынған сома "0"-ге

      аяқтамайтындықтан, осы сомадан асатын сан анықталады және он еседен

      кем болып табылады. 56 сомасы үшін осындай сан 60 болып табылады.

      Тиісінше бақылау цифры 4 (60 – 56) тең.

      Осы исламдық бағалы қағаздар шығарылымының толық ұлттық

      сәйкестендіру нөмірі мынаған тең:

K

Z

3

С

0

М

5

4

A

5

8

4


      Исламдық бағалы қағаздарды

      шығару, айналысқа жіберу мен өтеу

      және оларды мемлекеттік тіркеу,

      орналастыру және өтеу қорытындылары

      туралы есептерді қарау және

      исламдық бағалы қағаздар шығарылымының

      күшін жою қағидаларына

      7-қосымша

      Нысан

Исламдық бағалы қағаздар шығарылымының күшін жою туралы куәлік

      20___ жылғы "_____"____________№ ______ ________ қаласы

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тексеру) туралы

      анықтама немесе куәлік берген органның атауы, берілген күні, айы,

      жылы және нөмірі)

      ____________________________________________________________________,

      (тіркелген (қайта тіркелген) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу

      (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе куәлікке сәйкес эмитенттің

      атауы және мекенжайы)

      исламдық бағалы қағаздар шығарылымының күшін жойды.

      Шығарылым

      ___________________________________________________________ тіркелген

      (күні, айы, жылы)

      және Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне

      _____________________________________________________________________

      нөмірімен енгізілген.

      Шығарылым _____________________________________________________

      (санын цифрмен және жазбаша, түрі)

      исламдық бағалы қағаздарына бөлінген.

      Исламдық бағалы қағаздар шығарылымының

      _____________________________________________________________________

      күні (күні/айы/жылы)

      ____________________________________________ байланысты күші жойылды.

      Куәлікке қол қойған тұлғаның тегі, аты, әкесінің

      аты (бар болса) және лауазымы, қолы, мөрі

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Банкі Басқармасының

      2015 жылғы 19 желтоқсандағы

      № 251 қаулысына

      2-қосымша

Исламдық бағалы қағаздардың шығарылымы проспектісіне қойылатын
талаптар

      1. Осы Исламдық бағалы қағаздардың шығарылымы проспектісіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – БҚР туралы заң) 9-бабына сәйкес әзірленген.

      2. Исламдық бағалы қағаздар шығарылымы проспектiсi Талаптардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағышта және PDF форматында электрондық тасымалдағышта қазақ және орыс тiлдерiнде (эмитенттің қаржылық есептілігін қоспағанда) екі данада жасалады. Екi дананың әр қайсысында қазақ және орыс тiлдерiндегi исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектiсi бар.

      Исламдық бағалы қағаздар шығарылымы проспектiсiндегi мәліметтер, исламдық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тiркеу үшiн құжаттарды берер алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша қаржылық есептілікке сәйкес көрсетiлетін эмитенттiң қаржылық жай-күйi туралы ақпаратты қоспағанда (Талаптардың қосымшасына сәйкес нысанда көрсетiлген), уәкiлеттi органға құжаттарды ұсыну күнiнiң алдындағы айдың соңғы күнiне келтiрiледі.

      3. Исламдық бағалы қағаздар шығарылымының ажырамас бөлігі болып табылады:

      1) аудиторлық есептермен расталған соңғы екi қаржы жылының ішінде эмитенттің жылдық қаржылық есептілігінің көшірмелері, сондай-ақ аудиторлық есептердің және эмитенттің есеп саясатының көшірмелері (жаңадан құрылған эмитенттерін қоспағанда);

      2) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсан аяғындағы жағдай бойынша эмитенттiң қаржылық есептiлiгiнің көшірмелері.

      Ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап 1 маусымға дейiнгi кезеңде аяқталған қаржы жылы үшiн қаржылық есептіліктің аудиторлық есебі болмаған жағдайда эмитент уәкiлеттi органға соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екi жыл үшiн қаржылық есептіліктi және көрсетілген кезеңге қаржылық есептіліктің аудиторлық есебін ұсынады.

      4. Исламдық бағалы қағаздарды шығару, айналысқа жіберу және өтеу талаптары исламдық бағалы қағаздардың шығарылымы проспектісінде белгіленеді.

      5. Исламдық жалдау сертификаттарының шығарылымы проспектісіне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар алғашқы тіркелген исламдық жалдау сертификаттарының санын ұлғайту мүмкіндігін көздемейді.

  Исламдық бағалы қағаздар шығарылымы
проспектісіне қойылатын талаптарға
қосымша

      Нысан

Исламдық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісі

      1. Исламдық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінің бiрiншi бетiнiң парағында:

      1) құжаттың атауы: "Исламдық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісі";

      2) эмитенттiң толық және қысқартылған атауы;

      3) тіркелген исламдық бағалы қағаздардың түрi және саны;

      4) исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің атауын және келісу күнін көрсете отырып, исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңеспен проспектіні келісу туралы мәліметтер;

      5) "Уәкiлеттi органның исламдық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу проспектіде сипатталған исламдық бағалы қағаздарды сатып алуға қатысты инвесторларға қандай да бір ұсыным берудi бiлдiрмейдi. Исламдық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган осы құжаттағы ақпараттың дәйектілігі үшiн жауап бермейдi. Исламдық бағалы қағаздар шығарылымы проспектiсi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуіне ғана қаралады. Эмитенттiң лауазымды тұлғалары осы проспектiдегi ақпараттың дәйектілігі үшiн жауап бередi және ондағы барлық ақпарат дәйекті болып табылатынын және эмитентке және оның исламдық бағалы қағаздарына қатысты инвесторларды жаңылыстырмайтынын растайды" деген жазба".

      2. Исламдық бағалы қағаздар шығарылымы проспектiсiнiң мәтiнi мыналарды қамтиды:

1. Эмитент және оригинатор туралы жалпы мәлiметтер:

      1. Эмитенттiң және оригинатордың атауы.

      Осы тармақта эмитенттiң және оригинатордың толық және қысқаша атауын көрсету қажет.

      Егер эмитенттің және оригинатордың жарғыларында оның толық және қысқаша атауы шет тiлiнде көзделген болса, онда осындай атауды қосымша көрсету қажет.

      Эмитенттің және оригинатордың атауы өзгерген жағдайда олардың осының алдындағы барлық толық және қысқарған атауларын, сондай-ақ олардың өзгертiлген күнiн көрсету керек.

      2. Эмитенттi және оригинаторды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы мәлiметтер.

      Осы тармақта эмитенттi және оригинаторды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтамалардың немесе куәлiктердiң күнiн және нөмiрiн, сондай-ақ оларды мемлекеттiк тiркеудi (қайта тiркеудi) жүзеге асырған органның атауын көрсету қажет.

      3. Эмитенттiң және оригинатордың орналасқан жерi, байланыс телефондарының және факсының нөмiрлерi, электрондық почтасының мекенжайыi туралы ақпарат.

      4. Эмитенттiң және оригинатордың банктiк деректемелерi.

      5. Эмитенттің және оригинатордың қызметiнiң түрлерi.

      6. Эмитентке және оригинаторға немесе олар шығарған бағалы қағаздарға халықаралық рейтингілік агенттiктерi және (немесе) Қазақстан Республикасының рейтингілік агенттiктерi берген рейтингтердiң болуы туралы мәлiметтер.

      7. Эмитенттiң және оригинатордың барлық филиалдары мен өкiлдiктерiнiң атаулары, тiркелген күндерi, орналасқан жерлерi және почталық мекенжайлары.

      8. Эмитенттiң және оригинатордың соңғы аяқталған үш қаржы жылына қаржылық есептілігінің аудитiн жүзеге асырған аудиторлық ұйымдардың (аудитордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)), олардың тиiстi алқаларға (қауымдастықтарға, палаталарға) тиістілігін көрсете отырып, толық ресми атауы.

      Проспектiні уәкiлеттi органға ұсыну алдындағы үш жыл iшiнде тиiстi қызметтер көрсету шарттары жасалған заң және қаржылық мәселелер бойынша кеңесшiлердiң, олардың тиiстi алқаларға (қауымдастықтарға, палаталарға) тиістілігін көрсете отырып, толық ресми атауы.

      Егер жоғарыда аталған тұлғалармен шартты бұзу орын алған жағдайда, оған қай тарап бастамашы болғаны туралы ақпаратты көрсете отырып, шарттың бұзылу себебi туралы ақпарат ұсынылуы тиiс.

      9. Эмитенттiң корпоративтiк басқару кодексiн қабылдаған күнi (оны қабылдау эмитенттiң жарғысында қөзделген жағдайда).

2. Эмитенттің органдары

      10. Эмитент органдарының құрылымы.

      Осы тармақта эмитент органдарының құрылымы және олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына, эмитенттiң жарғысына және iшкi құжаттарына сәйкес құзыретi көрсетiледi.

      11. Эмитенттiң директорлар кеңесi (бақылау кеңесi).

      Осы тармақта:

      1) директорлар кеңесiнің (бақылау кеңесiнің) әрбір мүшелерiнiң, оның iшiнде директорлар кеңесi (бақылау кеңесi) төрағасының тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса), туған жылы және осы тұлғалардың эмитент лауазымына кірісу күні;

      2) директорлар кеңесiнiң тәуелсiз мүшелерiнiң тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса), туған жылы және осы тұлғалардың лауазымдарына кірісу күні;

      3) эмитенттiң директорлар кеңесiнiң (бақылау кеңесiнің) әрбiр мүшелерiнiң хронологиялық тәртiппен соңғы үш жылда және қазiргi уақытта атқарған, оның iшiнде қоса атқарған қызметтерi;

      4) эмитенттiң директорлар кеңесiнiң (бақылау кеңесiнiң) әрбiр мүшелерiнiң қатысу үлестерiн көрсете отырып, эмитенттiң және оның еншiлес және тәуелдi ұйымдарының жарғылық капиталына қатысуы (акциялары және (немесе) қатысу үлестерi);

      5) өткен екi жыл iшiндегi директорлар кеңесiнiң (бақылау кеңесiнiң) құрамындағы өзгерiс көрсетiледi.

      12. Эмитенттiң директорлар кеңесiнiң комитеттерi (осындай болған кезде).

      Осы тармақта эмитенттiң директорлар кеңесi комитетiнiң (комитеттерiнiң) атауын (атауларын), оның (олардың) құзыретiн, эмитенттiң директорлар кеңесi комитетiнiң (комитеттерiнiң) әрбір мүшелерінің тегін, атын, әкесiнiң атын (бар болса) және туған жылын және осы тұлғалардың лауазымдарына кірісу күнін көрсету қажет.

      13. Ішкі аудит қызметі (бар болса).

      Осы тармақта қоғамның ішкі аудит қызметі басшысының тегін, атын, әкесiнiң атын (бар болса) және туған жылын және осы тұлғаның лауазымына кірісу күнін көрсету қажет.

      14. Эмитенттiң атқарушы органы.

      Осы тармақта:

      1) эмитенттiң жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса) және туған жылы не эмитенттiң алқалы атқарушы органының әрбір мүшелерiнiң тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса) және туған жылы;

      2) эмитенттiң жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның не эмитенттiң алқалы атқарушы органының әрбір мүшелерiнiң хронологиялық тәртiппен соңғы үш жылда және қазiргi уақытта атқарған, оның iшiнде қоса атқарған қызметтерi;

      3) эмитенттiң жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның не эмитенттiң алқалы атқарушы органының әрбiр мүшелерiнiң қатысу үлестерiн көрсете отырып, эмитенттiң және ұйымдардың төленген жарғылық капиталына қатысуы көрсетiледi.

      15. Эмитенттiң атқарушы органының өкілеттіктері басқа коммерциялық ұйымға (басқарушы ұйымға) берілген болса, осы тармақта:

      1) басқарушы ұйымның толық және қысқартылған атауы;

      2) осы ұйымның жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның тегін, атын, әкесiнiң атын (бар болса) және туған жылын не оның алқалы атқарушы органы мүшелерiнiң және оның директорлар кеңесі (бақылау кеңесі) мүшелерінің тегін, атын, әкесiнiң атын (бар болса) және туған жылын;

      3) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғалардың өкілеттіктерін көрсете отырып, хронологиялық тәртiппен соңғы екі жылда атқарған, оның iшiнде қоса атқарған барлық қызметтерiн;

      4) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғалардың эмитенттiң, оның еншілес ұйымдарының және басқарушы ұымдардың, оның ішінде тәуелді акционерлік қоғамында төленген жарғылық капиталына қатысуын (акцияларын және (немесе) қатысу үлестерін) көрсету қажет.

      Акционерлік қоғамдар осы тармақты толтырмайды.

      16. Директорлар кеңесiнiң мүшелерiне, эмитенттiң атқарушы органының мүшелерiне және басқа басқарушы тұлғаларына төленетiн сыйақылар.

      Талапта осы қосымшаның 11, 12 және 14-тармақтарында көрсетiлген тұлғаларға облигациялар шығару туралы шешiм қабылданған күннiң алдындағы соңғы үш айда төленген сыйақының (ақшалай, бағалы қағаздармен немесе қандай да болмасын басқа нысанда) жалпы мөлшерi, сондай-ақ аталған тұлғаларға облигациялар шығару туралы шешiм қабылданған күннен бастап кейінгі он екi ай iшiнде төленетiн сыйақының жоспарланған жалпы мөлшерi көрсетiледi.

      17. Эмитенттiң ұйымдық құрылымы.

      Осы тармақта:

      1) эмитенттiң құрылымдық бөлiмшелерi, филиалдары және өкiлдiктерi;

      2) эмитент қызметкерлерiнiң, оның iшiнде эмитенттiң филиалдары мен өкiлдiктерi қызметкерлерiнiң жалпы саны;

      3) эмитенттiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары туралы мәлiметтер көрсетiледi.

3. Эмитенттің акционерлері (қатысушылары) және үлестес
тұлғалары.

      18. Эмитенттiң акционерлерi (қатысушылары).

      Осы тармақта:

      1) эмитент акционерлерiнiң (қатысушыларының) жалпы саны және эмитенттің қатысу үлестерiнiң (орналастырылған және дауыс берушi акцияларының) он және одан да көп пайызын иеленген акционерлер (қатысушылар) туралы ақпарат (заңды тұлғаның толық және қысқартылған атауы, орналасқан жері не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса));

      2) эмитенттiң акционерлерi (қатысушылары) болып табылмайтын, бiрақ басқа ұйымдар арқылы эмитенттiң қызметiн бақылау құқығы бар тұлғалар туралы мәлiметтер (заңды тұлғаның толық және қысқартылған атауы, орналасқан жері не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) көрсетiледi.

      19. Эмитенттің заңды тұлғаларының толық атауын, орналасқан жерін, оның жарғылық капиталындағы эмитенттің акцияларының (қатысу үлестерiнiң) пайыздық қатынасын, қызмет түрін, бiрiншi басшысының тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса) көрсете отырып, оның акцияларының (қатысу үлестердің) он және одан да көп пайызын иеленген заңды тұлғалар туралы мәліметтер.

      20. Эмитент қатысатын өндiрiстiк, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы ақпарат.

      21. Эмитенттің басқа да үлестес тұлғалары туралы мәліметтер.

      Осы тармақта заңды тұлғаның толық атауын (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (ол бар болса), оның орналасқан жерi, қызметiнiң түрiн, бар болса бiрiншi басшысының аты-жөнiн көрсете отырып, осы Талаптардың 11, 12, 14, 18 және 19-тармақтарына сәйкес көрсетілмеген, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес эмитенттiң үлестес тұлғалары болып табылатын барлық өзге тұлғалар туралы мәлiметтер көрсетiледi.

      22. Үлестес тұлғалардың қатысуымен жасалған мәмілелер.

      Осы тармақта заңды тұлғаның атауы және оның орналасқан жерi және (немесе) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (ол бар болса) және туған жылы, мәміле жасалған сомасы және осы шешiмдi эмитенттің қандай органы қабылдаған қорытындысының күндері көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес эмитентке қатысты үлестес болып табылатын ұйымдардың қатысуымен соңғы жылда эмитент жүргізген барлық мәмілелер туралы ақпарат ашылады.

      23. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында құрылған эмитент мынадай тұлғалар:

      1) эмитенттің бақылау кеңесінің қатысушысы не мүшесі болып табылатын жеке тұлғамен некеде болуына байланысты жақын туыстығы (ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер), сондай-ақ жұбайымен туыстығына байланысты жеке тұлғалар туралы;

      2) осы тармақтың 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғаның бақылау кеңесінің мүшелері туралы;

      3) эмитенттің бақылау кеңесінің қатысушысы не мүшесі болып табылатын тұлға бақылау жасайтын заңды тұлғалар туралы;

      4) ірі қатысушы болып табылатын не мүліктен он және одан артық пайыздық мөлшердегі үлес алуға құқығы бар эмитенттің бақылау кеңесінің қатысушысы не мүшесі болып табылатын тұлғаға қатысты заңды тұлғалар туралы;

      5) эмитент ірі акционер болып табылатын немесе мүліктен он және одан артық пайыздық мөлшердегі үлес алуға құқылы болатын заңды тұлғалармен қатысы туралы;

      6) эмитентпен бірге үшінші тұлғаның бақылауында болатын заңды тұлғалар туралы;

      7) эмитент қабылдайтын шешімдерді шартқа сәйкес анықтайтын эмитентпен байланысқан тұлғалар туралы мәлімет ұсынуы керек.

4. Эмитент қызметiнiң сипаты

      24. Нәтижесінде эмитенттің қызметіне елеулі түрде ықпал ететін эмитентпен жасалған келiсiм-шарттар, келiсiмдер туралы мәліметтер.

      25. Құжаттың нөмiрi мен күні, қолданылу мерзiмi және осы құжатты берген орган көрсетілген эмитент қызметін жүзеге асыру үшін алынған патенттер, рұқсаттар туралы мәліметтер.

      26. Эмитенттің негiзгi қызмет түрлерi бойынша сатудың (жұмыстардың, қызмет көрсетудің) кiрiстiлiгiне оң және теріс әсер ететін факторлар.

      27. Эмитенттің қызметіне әсер ететін негiзгi факторлар:

      1) егер осы мәмiленiң (мәмiлелердiң) сомасы эмитент активтерiнiң баланстық құнының он пайызынан асқан жағдайдағы, исламдық бағалы қағаздарын шығару туралы шешім қабылданған күннен бастап алты ай iшiнде жасалған немесе орындалған мәміле (мәмілелер) туралы мәліметтер;

      2) болашақтағы мiндеттемелерi және олар орын алуының салдарынан эмитенттің қызметіне теріс әсер етуі;

      3) эмитенттің сот процестеріне оның негізін сипаттай отырып, қатысуы туралы мәліметтер. Эмитенттiң қатысуымен өткен, нәтижесiнде эмитент қызметiнiң тоқтатылуы немесе шектелуi, оған маңызды ақшалай және өзге де мiндеттемелер берiлуi орын алатын сот процестерiнiң мәнiне сипаттама беру керек;

      4) уәкiлеттi мемлекеттік органдар және/немесе соттың санкция қолданылған күнді, санкция қолданған органды, санкция қолдану себептерін, санкцияның түрлерін және мөлшерін, сондай-ақ санкцияның орындалу дәрежесін көрсете отырып, соңғы жыл iшiнде эмитентке және оның лауазымды тұлғаларына қолданған барлық әкiмшiлiк санкциялар туралы мәліметтер;

      5) исламдық бағалы қағаздарды ұстаушылары ұшырауы мүмкін тәуекел факторларына нақты талдауды көрсеткендегі тәуекел факторлары;

      6) эмитенттің қызметі туралы басқа да ақпарат.

5. Қаржылық жай-күйі

      28. Баланстық құны материалдық емес активтердiң жалпы баланстық құнының бес және одан көп пайызын құрайтын материалдық активтердiң түрлерi.

      29. Баланстық құны негiзгi қаражаттың жалпы баланстық құнының бес және одан көп пайызын құрайтын негiзгi қаражаттың түрлерi.

      30. Инвестициялар.

      Осы мәселе бойынша ақпарат мынадай құрылымда ұсынылуы тиiс: басқа заңды тұлғалардың капиталына тiкелей инвестициялар, ұзақ мерзiмдi инвестициялар және инвестициялық портфель.

      31. Дебиторлық берешек.

      Осы тармақта эмитенттiң алдында дебиторлық берешектiң жалпы сомасының бес және одан көп пайызы мөлшерiнде дебиторлық берешегi бар ұйымның атауын көрсете отырып дебиторлық берешектiң құрылымы не эмитенттiң неғұрлым iрi он дебиторының тiзiмi ашылады.

      32. Осы тармақта эмитенттiң жарғылық және меншiктi капиталының мөлшерi көрсетiледi.

      33. Қарыздар.

      Осы тармақта қолданылып жүрген банктiк қарыздар және кредиттiк желiлер, олардың валютасы, сыйақы ставкалары, қамтамасыз ету түрлерi туралы ақпарат ашылады. Жақын арадағы он екi ай iшiнде өтелетiн сомалар тоқсан бойынша бөлiнедi, қалған сомалар жылдар бойынша бөлiне отырып ұсынылады.

      34. Эмитенттiң негiзгi қызметiн жүзеге асыруға байланысты кредиторлық берешегi.

      Осы тармақта эмитент өзiнiң кредиторлық берешектiң жалпы сомасының бес және одан көп пайызы мөлшерiнде берешегi бар ұйымның атауын көрсете отырып, кредиторлық берешектiң құрылымы не эмитенттiң бiрiншi он неғұрлым iрi кредиторлық тiзiмi ашылады.

      35. Эмитенттiң соңғы үш аяқталған қаржы жылы iшiнде алған (шеккен) кiрiстiң (шығынның) мөлшерi (үш жылдың iшiндегi әр жылдың қорытындысы бойынша бөлiгiнде).

      36. Левередж.

      Осы тармақта эмитенттiң және оригинатордың левередж шамасы соңғы үш жылдың әр аяқталған қаржы жылының бiрiншi күнгi, сондай-ақ исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектiсiн беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша көрсетiледi.

      37. Эмитенттің қаржылық жай-күйінің критерийлері және эмитент пен оригинатор үшiн исламдық бағалы қағаздар шығарылымын сатып алу мiндеттілігіне алып әкелетiн басқа да көрсеткiштер.

6. Тіркелген бағалы қағаздар шығарылымдары туралы мәлiметтер

      38. Исламдық бағалы қағаздар шығарылымы туралы шешiм қабылданғанға дейiн эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздардың барлық тiркелген шығарылымдарына қатысты былай көрсетіледі:

      1) исламдық бағалы қағаздардың әрбiр шығарылымының саны, түрi және номиналдық құны, әрбiр шығарылым бойынша тартылған ақша көлемі, сондай-ақ осы бағалы қағаздар ұстаушыларына төленген өтеу сомасы мен кіріс мөлшерін қоса алғанда, исламдық бағалы қағаздар бойынша өтеу күні және төлемнің жалпы мөлшері, исламдық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырған орган, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi және осы шығарылымды мемлекеттiк тiркеу күнi;

      2) эмитенттің орналастырылған акцияларының жалпы саны, түрi және номиналдық құны, сондай-ақ акцияларды орналастыру кезiнде тартылған ақшаның жалпы сомасы, соңғы сатып алынған күнгі бағасы көрсетілген айналыстағы, сатып алынған акциялар саны, акцияны сатып алу әдiстемесi бекiтiлген күн, акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырған орган, осындай шығарылымның мемлекеттiк тiркеу нөмiрi және мемлекеттiк тiркеу күнi;

      3) егер бағалы қағаздардың қандай да болмасын шығарылымы тоқтатылған немесе жарамсыз болып танылған не күшi жойылған жағдайда осындай шешiмдердi қабылдаған мемлекеттiк орган, оларды қабылдау негiздемелерi және күнi;

      4) исламдық бағалы қағаздар бойынша өтеу күндерi және төлемдердiң жалпы мөлшерi;

      5) соңғы екi қаржылық жылының әрбiр жылындағы немесе нақты жұмыс iстеу кезеңiндегi бiр акцияға дивидендтердiң есептелген сомасын және төленген дивидендтердiң сомасын көрсеткендегі дивиденд мөлшерi;

      6) сауда-саттық ұйымдастырушылардың атауын қоса алғанда, эмитенттiң бағалы қағаздарымен сауда жүзеге асырылатын негiзгi нарықтар.

7. Исламдық бағалы қағаздарды шығару жөніндегі мәлiметтер

      39. Исламдық бағалы қағаздары туралы мәлiметтер:

      1) Исламдық бағалы қағаздардың түрлерi;

      2) шығарылатын исламдық бағалы қағаздардың саны;

      3) бiр исламдық бағалы қағаздың номиналдық құны;

      4) исламдық бағалы қағаздар шығарылымының номиналдық құны бойынша жалпы көлемі;

      5) исламдық бағалы қағаздар бойынша кіріс мөлшерін анықтау тәртібі;

      6) исламдық бағалы қағаздар бойынша кірісті исламдық бағалы қағаздар ұстаушыларына төлем жасау мерзімі және талаптары;

      7) резервтік қорды қалыптастыру тәртібі, оның ішінде эмитенттің бөлінген активтері құрамында осы қорды құру және одан әрі қалыптастыруға бағытталған алынған кірістің пайызы, сондай-ақ резервтік қордың қаражатын пайдалану жөніндегі мәліметтер;

      8) эмитент пен оригинатор арасындағы инвестициялық жоба бойынша (исламдық қатысу сертификаттарын шығару кезінде) кірісті бөлу және пайыздық арақатынас тәртібі;

      9) сенімгерлік басқарушыға бөлінген актив бойынша (оригинаторға) төленетін комиссиялық сыйақы мөлшері;

      10) қаржыландыру объектісіне қойылатын талаптар (исламдық қатысу сертификаттарын шығару кезінде);

      11) исламдық бағалы қағаздарды орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу жөніндегі, мыналарды көрсеткендегі, мәліметтер:

      исламдық бағалы қағаздарды орналастыру мерзімі (орналастырудың басталу және аяқталу күні);

      исламдық бағалы қағаздарды айналысқа жіберу мерзімі (айналысқа жіберудің басталу және аяқталу күні);

      исламдық бағалы қағаздарды өтеу күні және талаптары;

      исламдық бағалы қағаздарды өтеу жасалатын орын (орындар);

      исламдық бағалы қағаздарды өтеу тәсілі;

      12) исламдық бағалы қағаздарға төлем жасау талаптары және тәртібі, есеп айырысу тәсілдері;

      13) оригинатор мен эмитенттің құқықтары мен міндеттері;

      14) әрбір исламдық бағалы қағазды оның ұстаушысына мынаны көрсете отырып берген құқығы:

      исламдық бағалы қағаздарды мерзімінен бұрын өтеу және сатып алу тәртібі (исламдық бағалы қағаздарды сатып алу талаптары, жағдайлары, өтеу және сатып алу мерзімі);

      эмитенттің және оригинатордың қызметі, оның ішінде эмитенттің және оригинатордың исламдық бағалы қағаздары ұстаушылары үшін ақпарат жариялап отыратын бұқаралық ақпарат құралдары туралы ақпаратты қосқандағы эмитенттің және оригинатордың қаржылық есеп беруі жөнінде исламдық бағалы қағаздары ұстаушыларына ақпарат беру тәртібі;

      қаржыландыруға байланысты (исламдық қатысу сертификаттарын шығарған кезде) инвестициялық жобаларды іріктеу кезінде оригинатормен бірлесіп, шешімдерді қабылдау құқықтарын іске асыру рәсімдері;

      исламдық бағалы қағаздары бойынша дефолт жарияланған жағдай пайда болған кездегі оқиғалар және бұл жағдайда исламдық бағалы қағаздары ұстаушыларының қандай құқықтары бар;

      әрбір исламдық бағалы қағаздары бойынша ұстаушыға берілетін өзге де құқықтар;

      15) эмитенттің және оригинатордың исламдық бағалы қағаздары бойынша дефолт болған жағдайда қабылдайтын шаралары, сондай-ақ исламдық бағалы қағаздарды өтеу кезінде міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде исламдық бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарын қорғау рәсімдері көрсетіледі;

      16) тіркеушінің атауын, оның тұрғылықты жерін, телефон нөмірлерін, шарттың күні және нөмірі көрсете отырып, исламдық бағалы қағаздары бойынша құқықтарды есепке алу тәртібі;

      17) төлем жасаушы агент жөніндегі мәліметтер (атауы, тұрғылықты жері, телефон нөмірлері, тиісті шарттың күні және нөмірі).

      Оның атауы, оның тұрғылықты жері, телефон нөмірлері, тиісті шарттың күні және нөмірі көрсетіледі.

      40. Исламдық жалдау сертификаттарын шығару кезінде мыналар көрсетіледі:

      қолданыстағы жалдау шарты бұзылған жағдайда жаңа жалдау шартын (қаржы лизингі) жасау талаптары мен мерзімі;

      жалдау шарттарын (қаржы лизингі) жасау (бұзу) фактісі туралы исламдық жалдау сертификаттарының ұстаушыларын хабардар ету тәртібі мен мерзімі;

      бөлінген активтерді құрайтын (исламдық жалдау сертификаттарын шығару кезінде) мүлікті (қаржы лизингі) жалдау жөніндегі шарт бойынша келіп түскен төлемдерді бөлу тәртібі және мерзімі;

      бөлінген активтер құрамына кіретін мүлік және талап ету құқықтары туралы ақпарат, сондай-ақ оларды пайдалану талаптары, тәртібі және мерзімі.

      41. Исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан түскен ақшаны пайдалану.

      Исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақшаны инвестициялаудың тәртібі мен талаптары, сондай-ақ алынған ақшаны жоспарлап отырған бөлудегі болуы мүмкін өзгерістер пайда болған кезде, осы өзгерістерді көрсететін талаптар, исламдық бағалы қағаздардың шығарылымынан және оны орналастырудан алынған қаражат есебінен сатып алынған мүлікке тәуелсіз баға берушінің баға беру тәртібі мен мерзімі көрсетіледі.

      42. Бөлінген активтер бойынша уақытша еркін түскен түсімдерді инвестициялау тәртібі.

      43. Эмитентті тарату.

      Оригинатор эмитентті тарататын кездегі талаптар көрсетіледі.

      44. Эмитенттің инвестициялық жобадағы акцияларды (қатысу үлестерін) оригинаторға сенімгерлік басқаруға берген жағдайында осы акцияларды (қатысу үлестерін) беру мерзімі мен тәртібі көрсетіледі.

8. Исламдық бағалы қағаздары ұстаушыларының өкілі туралы
ақпарат

      45. Исламдық бағалы қағаздарды ұстаушылардың өкілі туралы мәліметтер:

      1) атауы;

      2) тұрғылықты орны, байланыс телефоны;

      3) исламдық бағалы қағаздарды ұстаушылардың өкілі атқарушы органының бірінші басшысының, мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);

      4) исламдық бағалы қағаздарды ұстаушылардың өкіліне уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығындағы кастодиандық және (немесе) брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру үшін берген лицензиясының күні және нөмірі;

      5) исламдық бағалы қағаздарды ұстаушыларға және оның эмитентіне қатысты исламдық бағалы қағаздарды ұстаушылар өкілінің құқықтары мен міндеттері;

      6) исламдық бағалы қағаздары ұстаушылардың және (немесе) эмитенттің өкілге олардың атынан олардың мүдделерін қорғау мақсатында сотқа, уәкілетті органға және өзге мемлекеттік органдарға шағым жасау жөніндегі құқықтарын ұсыну тәртібі;

      7) өкілдің исламдық бағалы қағаздарды ұстаушылар, сондай-ақ оригинатордың қызметі және оның қаржылық есеп беруі жөніндегі ақпаратты алу тәртібі;

      8) өкілдің эмитенттің исламдық бағалы қағаздарды ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін орындау жөніндегі эмитенттің есептерін алу тәртібі мен мерзімі;

      9) өкілдің қаржыландыру объектісі туралы құжаттар мен ақпаратты алу тәртібі мен мерзімі;

      10) өкілдің исламдық бағалы қағаздарды ұстаушыларды, сондай-ақ уәкілетті органның қаржыландыру объектісінің исламдық бағалы қағаздар шығарылымының талаптарына сәйкес келмеуі туралы хабарламаны беру тәртібі мен мерзімі;

      11) өкілдің қаржыландыру объектісінің исламдық бағалы қағаздар шығарылымының талаптарына сәйкес келмеуі себептері бойынша исламдық бағалы қағаздарды мерзімінен бұрын өтеу туралы талаптарын эмитентке немесе оригинаторға жіберу тәртібі мен мерзімі.

9. Қосымша ақпарат

      46. Исламдық бағалы қағаздары айналысындағы шектеулер.

      Исламдық бағалы қағаздар жасаған айналысындағы кез келген шектеулер, орналастырылатын исламдық бағалы қағаздардың ықтимал сатып алушыларына қатысты шектеулер, оның iшiнде арасында исламдық бағалы қағаздарды орналастыру жоспарланып отырған тұлғалар тобы көрсетiледi.

      47. Исламдық бағалы қағаздардың шығарылымына кеткен шығындардың сомасы және осы шығындар қандай тәсiлмен төленгендігі (төленетіндігі) туралы мәлiметтер.

      48. Инвесторлар эмитент жарғысының көшiрмесiмен, исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектiсiмен, исламдық бағалы қағаздарды орналастыру жиынтығы туралы есеппен танысатын орындар туралы эмитент қызметі туралы ақпарат жариялау үшiн пайдаланатын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру.

      Исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектiсiне эмитенттiң бiрiншi басшысы, бас бухгалтерi немесе олардың орнындағы адамдардың қолы қойылады және эмитент мөрiнiң таңбасымен куәландырылады. Проспектiсiнiң әрбiр данасы Талаптардың 3-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге тiгiледi және тiгiстiң түйiнiне және жартылай параққа желiмделген қағаз пломбамен бекiтiледi. Мөрдiң таңбасы жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына басылуы және бiрiншi басшысының немесе оның орнындағы адамның қолымен куәландырылуы тиiс.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 251 қаулысына
3-қосымша

Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Ислам бағалы қағаздары шығарылымын мемлекеттік тіркеу, ислам бағалы қағаздарын орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ ислам бағалы қағаздарына ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 наурыздағы № 57 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5669 тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы № 50 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6219 тіркелген, 2010 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 14, 2010 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" газетінде № 456 (26299) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерi бойынша енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар тiзбесiнің 26-тармағы.

      3. "Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын тіркеу, сондай-ақ орналастыру, айналысқа жіберу және жою мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 77 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7535 тіркелген, 2012 жылғы 5 қыркүйекте "Егемен Қазақстан" газетінде № 582-587 (27660) жарияланған) бекітілген Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын тіркеу, сондай-ақ орналастыру, айналысқа жіберу және жою мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.

      4. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 110 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8505 тіркелген, 2013 жылғы 6 тамызда "Заң газеті" газетінде № 115 (2316) жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 23-тармағы.

      5. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 109 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9712 тіркелген, 2014 жылғы 28 қазанда "Заң газеті" газетінде № 162 (2556) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 8-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады