Ислам бағалы қағаздары шығарылымын мемлекеттік тіркеу, ислам бағалы қағаздарын орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ ислам бағалы қағаздарына ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру жөніндегі ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 57 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 6 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5669 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 251 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының 3 8 9 және 32-3-баптарына және "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі – Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұсынылып отырған Ислам бағалы қағаздары шығарылымын мемлекеттік тіркеу, ислам бағалы қағаздарын орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ ислам бағалы қағаздарына ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру жөніндегі ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Хаджиева М.Ж.):
      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
      4. Агенттіктің Төраға Қызметі (Кенже А.А.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

       Төрайым                                 Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы  
Қаржы нарығын және қаржы 
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының 
2009 жылғы 27 наурыздағы
N 57 қаулысымен бекітілген

Ислам бағалы қағаздары шығарылымын мемлекеттік тіркеу, ислам бағалы қағаздарын орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ ислам бағалы қағаздарына ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру жөніндегі ереже

      Осы Ереже "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шiлдедегi Заңының 3 8 9 және 32-3 баптарына "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi Заңының 12-бабына сәйкес әзiрлендi және ислам бағалы қағаздары шығарылымын (исламдық жалдау сертификаттарын және исламдық қатысу сертификаттарын) мемлекеттiк тiркеу талаптары мен тәртібін, ислам бағалы қағаздарын орналастыру және өтеу қорытындысы жөніндегі есептерді қарауды, сондай-ақ ислам бағалы қағаздарына ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беруді айқындайды.

1-тарау. Ислам бағалы қағаздары шығарылымын мемлекеттiк тiркеу

      1. Ислам бағалы қағаздары шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшін эмитент бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) ислам бағалы қағазының түрін көрсете отырып, еркiн нысанда жазылған өтiнiштi;
      2) эмитент органының шығарылым тәртібі, орналастыру, ислам бағалы қағаздарын айналысқа түсіру және өтеу, эмитент ислам бағалы қағаздарын орналастыру нәтижесінде алған қаражатты пайдалану, шығарылым көлемі, саны және ислам бағалы қағаздарының саны, ислам бағалы қағаздарының номиналды құны, ислам бағалы қағаздарының айналыс жасау мерзімі, ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың құқықтары, тіркеуші, сондай-ақ эмитент бағалы қағаздарын ұстаушылардың құқықтарын, тіркеуші, сондай-ақ эмитент қабылдап отырған міндеттемелер (шектеулер) туралы мәмілелері бар ислам бағалы қағаздары шығарылымы жөніндегі шешімінің көшірмесін;
      3) исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңеспен келісілген ислам бағалы қағаздары шығарылымының проспекті , екі данада;
      4) эмитенттің және оригинатор жарғыларының көшірмелері;
      5) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасымен және исламдық қатысу сертификаттарын сатып алу немесе мерзімінен бұрын өтеу жөніндегі міндеттемелерді, сондай-ақ ислам бағалы қағаздары шығарылымы проспектісімен белгіленген жағдайларда эмитенттен мүлік сатып алуды қосқандағы ислам бағалы қағаздары проспектісімен белгіленген міндеттемелерді оригинатордың орындау талаптарын анықтайтын эмитент пен оригинатордың арасында жасалған шарттың көшірмесі;
      6) алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен;
      7) алынып тасталды 
      8) бөлінген активтерді құрайтын мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының көшірмесі (мүлікті сенімгерлікпен басқаруға берген кезде).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.29 № 50 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулыларымен.
      2. Ислам бағалы қағаздары шығарылымы проспектісі осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағышта (мемлекеттiк және орыс тiлдерінде) Acrobat Reader форматында және электронды тасымалдағышта мемлекеттiк және орыс тiлдерінде (қоғамның қаржылық есебiн қоспағанда) екі данада жасалады. Екi дананың әр қайсысында мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi ислам бағалы қағаздары шығарылымы проспектiсi болуы керек.
      Ислам бағалы қағаздары шығарылымы проспектiсiндегi мәлiметтер ислам бағалы қағаздары шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттарды берер алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша қаржылық есеп беруге сай көрсетiлетін эмитенттiң (осы Ереженiң 1-қосымшасының 5-тарауында көрсетiлген) қаржылық жай-күйi туралы ақпаратты қоспағанда, уәкiлеттi органға құжаттарды беру күнiнiң алдындағы айдың соңғы күнi көрсетілуі керек.
      3. Мыналар ислам бағалы қағаздары шығарылымы проспектiсiнің ажырамас бөлігі болып табылады:
      1) эмитенттің соңғы екі қаржы жылы үшiн аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есеп беруі (жаңадан құрылған эмитенттерді қоспағанда) және ислам бағалы қағаздары шығарылымын мемлекеттік тіркеуге берер алдындағы аяққы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша қаржылық есеп беру.
      Ағымдағы жылдың 1-қаңтарынан 1-маусымына дейiнгi кезеңде акционерлік қоғам нысанында құрылған эмитентте соңғы аяқталған қаржы жылы үшiн аудит жасалған аудиторлық жылдық қаржылық есеп болмаған жағдайда уәкілетті органға соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екi жыл үшiн аудит жасалған қаржылық есептi ұсынады (аяқталған қаржы жылы үшiн аудит жасалған қаржылық есептi қоғам акционерлердiң жалпы жиналысы аудит жасалған жылдық қаржылық есептi бекiткен күннен бастап бiр ай iшiнде ұсынады);
      2) оригинатордың соңғы екі қаржы жылы үшiн жасалған аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есеп беруі (жаңадан құрылған оригинаторларды қоспағанда) және уәкілетті органға құжаттарды берудің алдындағы күнгі соңғы тоқсан үшін оригинатордың қаржылық есеп беруі;
      3) ислам бағалы қағаздары эмитентінің және ислам бағалы қағаздары ұстаушыларының өкілі арасында жасалған ислам бағалы қағаздары ұстаушыларының мүдделерін ұсыну жөніндегі шарттың көшірмесі;
      4) оригинатордың басқару органымен (бақылау кеңесімен) бекітілген және исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңеспен келісілген жобаның нақты сипаты, болжалданып отырған қаржы ағыны, жобаның әлеуеттік тәуекелдері, қайтымдылық мерзімдері бар инвестициялық жобаның бизнес – жоспары (исламдық қатысу сертификаттары шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін).
      4. Ислам бағалы қағаздарын шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу талаптары ислам бағалы қағаздары шығарылымы проспектiсiмен белгіленеді.
      5. Эмитент мемлекеттік тіркеуге беріп отырған ислам бағалы қағаздарының құжаттары Қазақстан Республикасы заңнамасының және осы Ереженің талаптарына сәйкес келген жағдайда:
       1) ислам бағалы қағаздары шығарылымын тіркейді және осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес ислам бағалы қағаздары шығарылымының мемлекеттік тіркелгендігі жөнінде эмитентке куәлік береді;
      2) эмиентке ислам бағалы қағаздары шығарылымы проспектісінің уәкілетті органның оның мемлекеттік тіркелгендігі жөніндегі белгісі бар бір данасын қайтарады.
      6. Ислам бағалы қағаздарының келесі шығарылымы осының алдындағы шығарылымды өтеу аяқталған соң жүзеге асырылады.

2-тарау. Ислам бағалы қағаздары проспектiсiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу

      7. Ислам бағалы қағаздары проспектiсiне енгізіліп отырған өзгерістер мен толықтырулар исламдық жалдау сертификаттарының бастапқы тіркелген санының өсу мүмкіндіктерін көздемейді.
      8. Эмитент ислам бағалы қағаздары проспектiсiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу мақсатында уәкiлеттi органға мыналарды береді:
      1) еркiн түрде жазылған өтiнiштi;
      2) бiрiншi басшы, бас бухгалтер қол қойған және эмитенттiң мөрiмен бекiтiлген, қағаз тасымалдағышта мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде екi данада жасалған ислам бағалы қағаздары шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды. Мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi екi дананың әр қайсысында ислам бағалы қағаздары шығарылымының проспектiсiне енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар бар;
      3) қаржылық есеп берусiз Аcrobat Reader форматында электрондық тасымалдағышта оған енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулары бар (мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде) ислам бағалы қағаздары шығарылымының проспектiсiн;
      4) исламдық қатысу сертификаттары (исламдық қатысу сертификаттары шығарылса) санын өсіру қажеттігі негізідемесі бар ислам бағалы қағаздары шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген эмитент органы шешiмiнiң көшiрмесiн;
      5) эмитенттiң атауы, тұрғылықты жерi өзгерген, сондай-ақ исламдық қатысу сертификаттарының саны өскен жағдайда ислам бағалы қағаздары шығарылымын мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi куәлiктiң түпнұсқасы;
      6) ислам бағалы қағаздары шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу нәтижесiнде ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың құқықтары бұзылмайтындығы туралы эмитенттiң жазбаша мiндеттемесiн;
      7) эмитенттің (оригинатордың) орналасқан жері өзгерген жағдайда – жарғының көшiрмесi.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулыларымен.
      9. Эмитент ислам бағалы қағаздары шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу үшiн ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкiлеттi орган:
      1) ислам бағалы қағаздары шығарылымының проспектiсiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды тiркейдi және эмитенттің атауы, тұрғылықты жерi өзгерген, сондай-ақ исламдық қатысу сертификаттарының саны өскен жағдайда ислам бағалы қағаздары шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi ауыстыруды жүзеге асырады;
      2) уәкiлеттi органның олардың мемлекеттiк тiркелгенi туралы белгiсiн қойып, ислам бағалы қағаздары шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтырулардың бiр данасын эмитентке қайтарады.
      10. Уәкiлеттi орган ислам бағалы қағаздары шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу үшiн эмитент ұсынған құжаттарды осы Ереженiң 8-тармағында көрсетiлген құжаттарды берген күннен бастап он бес күнтiзбелiк күн iшiнде қарайды.

3-тарау. Ислам бағалы қағаздарын орналастыру және өтеу
қорытындылары туралы есептерді қарау

      11. Ислам бағалы қағаздарын орналастыру қорытындылары туралы есептi қарау үшiн эмитент уәкiлеттi органға "Бағалы қағаздар рыногы" туралы 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңның 24-бабының 1-тармағында белгiленген құжаттарды ұсынады. Ислам бағалы қағаздарын орналастыру қорытындылары туралы есеп осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады және қағаз тасымалдағышта екi данада және Acrobat Reader форматында электронды тасымалдағышта (мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде) ұсынылады. Бұл ретте екi дананың әр қайсысында мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi ислам бағалы қағаздарын орналастыру қорытындылары туралы есеп бар.
      12. Ислам бағалы қағаздарды орналастыру кезеңi жүйелi алты ай болады.
      Орналастырудың бiрiншi есептi кезеңiнiң басталу күнi ислам бағалы қағаздарын орналастыру проспектiсiнде белгiленген ислам бағалы қағаздарын орналастыруды бастаған күнi болып табылады.
      Келесi есептi кезеңнiң басталу күнi алдыңғы есептi кезеңнiң аяқталған күннен кейiн келетiн күн болып табылады.
      Ислам бағалы қағаздарын орналастыруды аяқтау күнi эмитенттiң жеке шотынан жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшiн эмитенттiң ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың тiзiлiм жүйесiнде тiркелген тұлғалардың жеке шоттарынан барлық ислам бағалы қағаздарын есептен шығару жөніндегі соңғы операцияны жүргiзу күнi не ислам бағалы қағаздары шығарылымы проспектісі белгілеген ислам бағалы қағаздарын орналастыру мерзімінің аяқталған күні болып табылады. V064175
      Эмитент ислам бағалы қағаздарын орналастыру қорытындысы туралы есептi орналастырудың есептi кезеңi аяқталғаннан кейiн бiр ай iшiнде ұсынады.
      13. Эмитент ислам бағалы қағаздарын өтеу қорытындысы туралы есептi уәкілетті органға қарауға және бекітуге беру үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) ислам бағалы қағаздарын өтеу қорытындысы туралы есептi қарау жөніндегі өтініш;
      2) есепті айдың аяғындағы немесе ислам бағалы қағаздарын өтеуді аяқтау күнгі жағдай бойынша эмитенттің және оригинатордың қаржылық есеп беруі;
      3) осы Ереженің 4-қосымшасымен белгіленген талаптарға сәйкес жасалған және ресімделген ислам бағалы қағаздарын өтеу қорытындысы туралы есеп;
      4) эмитенттің ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімін жабу жөніндегі тіркеушінің хабарламасы;
      5) эмитенттің ислам бағалы қағаздарын өтеу жөніндегі өз міндеттемелерін эмитенттің (оригинатордың) орындауын растайтын төлем агентінің немесе эмитенттің (төлем агентімен шарт болмаған жағдайда) хабарламасы.
      14. Ислам бағалы қағаздарын өтеу қорытындысы туралы есепті эмитент ислам бағалы қағаздары шығарылымы проспектісі белгілеген өтеу мерзімі аяқталғаннан кейін бір ай ішінде ұсынады.
      15. Ислам бағалы қағаздарын өтеу қорытындысы туралы есепті уәкілетті орган құжаттарды уәкілетті органға берген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн ішінде қарайды.
      16. Ислам бағалы қағаздарын орналастыру немесе өтеу қорытындысы туралы есепті қарау үшiн эмитент ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнама талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкiлеттi орган:
      1) ислам бағалы қағаздарын өтеу қорытындысы туралы есепті бекiтедi және эмитентке осы Ереженiң 5-қосымшасына сай ислам бағалы қағаздарын орналастыру немесе өтеу қорытындысы туралы есептің бекiтiлгенi туралы хабарлама жiбередi;
      2) эмитентке ислам бағалы қағаздарын орналастыру немесе өтеу қорытындысы туралы есептің уәкiлеттi органның оны бекiткендiгi туралы белгiсi қойылған бiр данасын қайтарады.
      17. Егер ислам бағалы қағаздарды орналастырудың есептi кезеңi басталған күнiнен бастап алты ай iшiнде эмитент бiр де бiр ислам бағалы қағаздарын орналастырмаса, эмитент уәкiлеттi органға мыналарды береді:
      1) осы кезеңде ислам бағалы қағаздарын орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы мәлiмет бар жазбаша хабарламаны;
      2) ислам бағалы қағаздарын орналастырудың есептi кезеңi аяқталған күнгi жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттiң жеке шотының жай-күйi туралы тiркеушi берген анықтаманың көшiрмесi.

4-тарау. Ислам бағалы қағаздарына ұлттық сәйкестендіру  нөмірін беру тәртібі

      18. Уәкілетті орган болжалданып отырған шығарылым бойынша ислам бағалы қағаздарына ұлттық сәйкестендіру нөмірін беруді эмитенттің құжаттарының осы Ережемен белгіленген ислам бағалы қағаздары шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсынудың талаптары мен тәртібіне сәйкес келген жағдайында жасалады.
      19. Уәкілетті органның жауапты қызметкері:
      1) осы Ережеге сәйкес ұлттық сәйкестендіру нөмірін ретке келтіреді;
      2) айналыста бар ислам бағалы қағаздары шығарылымына ұқсас ұлттық сәйкестендіру нөмірлерінің болмауын тексереді;
      3) ұлттық сәйкестендіру нөмірін береді;
      4) ұлттық сәйкестендіру нөмірі берілген ислам бағалы қағаздары шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті қоса бере отырып, эмитентті ұлттық сәйкестендіру нөмірі берілгендігі туралы жазбаша хабардар етеді.
      20. Ислам бағалы қағаздарына ұлттық сәйкестендіру нөмірін беру үшін араб цифрлары мен латын алфавитінің қаріптері ("I" және "О" қаріптерін қоспағанда) жазба (тақырыптық) пайдаланылады.
      21. Ұлттық сәйкестендіру нөмірі қандай да бір тыныс белгісімен бөлінбеген қатарынан он екі символдарды (солдан оңға қарай есептегенде) құрайды және мынадай үш бөліктен тұрады:
      1) бірінші және екінші позицияларда орналасқан символдар, заңнамаға сәйкес эмитенттің ислам бағалы қағаздары шығарылымын шығарған елдің екі әріпті кодын білдіреді (Қазақстан Республикасы үшін "KZ" коды пайдаланылады);
      2) үшінші – он бірінші позицияда орналасқан символдар осы Ереженің 22 27-тармақтарына сәйкес есептелетін бақылаушы цифр болып табылады;
      3) он екінші позицияда орналасқан символ осы Ереженің 28-тармағына сәйкес есептелетін бақылаушы цифр болып табылады;
      22. Үшінші позицияда орналасқан символ ислам бағалы қағаздарының түрлерін білдіреді (исламдық жалдау сертификаттары үшін "3" символы пайдаланылады, ал исламдық қатысу сертификаттары үшін "4" символы пайдаланылады).
      23. Төртінші позицияда орналасқан символ ислам бағалы қағаздары эмитентінің мынадай ұйымдық-құқықтық нысанын білдіреді:
      1) "C" символы – акционерлік қоғам;
      2) "P" символы – жауапкершілігі шектеулі серіктестік.
      24. Ислам бағалы қағаздары шығарылымын тіркеу кезінде бесінші позицияда орналасқан символ "0" цифрымен белгіленеді.
      25. Алтыншы позицияда орналасқан символ ислам бағалы қағаздарының айналыс мерзімінің мынадай өлшем бірліктерін білдіреді (осы Ереженің 26-тармағына сәйкес белгіленген ерекшеліктерді ескеріп):
       1) "Y" символы – жылдарды;
      2) "M" символы – айларды;
      3) "W" символы – аптаны;
      4) "D" символы – күндерді.
      26. Жетінші және сегізінші позицияларда орналасқан символдар ислам бағалы қағаздарының тиісті өлшем бірлігіне сай айналыс мерзімін білдіреді.
      Егер айналыс мерзімі тиісінше 10 өлшем бірлігінен кем болмаса, жетінші позицияда "0" (ноль) символы көрсетіледі.
      Егер айналыс мерзімі өлшем бірлігінің толық емес санын құраған жағдайда, ол төмен тұрған өлшем бірліктеріне ауыстырылады. Бұл ретте айдың ұзақтығы 30 күнге тең деп алынады. Егер осылай аударым жасау қорытындысында ұсақ сан пайда болса немесе 99-дан асатын сан пайда болса, онда өлшем бірлігі өзгермейді, керісінше бүтін санға дөңгелектене салады. Мысалы, 4,5 жыл 54 аймен ауыстырылады (4,5 х 12 = 54), 3,5 ай 4 аймен ауыстырылады (3,5 х 30 = 105 > 99).
      Егер, қандай да бір бірліктердегі айналыс мерзімі мейлінше жоғары деңгейдегі өлшем бірлігінің бүтін санын құраған жағдайда, ол жоғарыда аталған өлшем бірлігіне ауыстырылады. Мысалы, 36 ай 3 жылмен ауыстырылады.
      Айналыс мерзімі тиісті 99 өлшем бірлігіннен асып кеткен жағдайда, ол жоғарыда аталған өлшем бірлігіне дөңгелектеніп, ауыстырылады. Бұл ретте айдың ұзақтығы 30 күнге тең деп алынады. Мысалы, 180 күн 6 аймен ауыстырылады (180 : 30 = 6,00), 115 күн төрт аймен ауыстырылады (115 : 30 = 3,83), 110 ай 9 жылмен ауыстырылады (110 : 12 = 9,17), 225 күн 8 аймен ауыстырылады (225 : 30 = 7,5).
      Ислам бағалы қағаздарының мерзімі бойынша өлшем бірліктерін өзгерту кезінде осы тармақтың үшінші–бесінші абзацтарына сәйкес тиісінше алтыншы позицияда орналасқан символ өзгереді.
      27. Тоғызыншы, оныншы және он бірінші позицияларда орналасқан символдар Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізу кезінде берілген ислам бағалы қағаздары шығарылымының нөмірлерін білдіреді.
      28. Бақылау цифры былайша есептеледі:
      1) 1-адым - алғашқы он бір позиция осы Ереженің 21-тармақтың 1) тармақшасына және 22 27-тармақтарына сәйкес толтырылады;
      2) 2-адым - позицияларда орналастырылған қаріптік символдар осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес сандармен ауыстырылады;
      3) 3-адым - сандық қатардан (оң шеттен басталған) алынған әрбір цифр мынадай коэффициентке көбейтіледі - "2" – тақ позицияларда орналасқан цифрлар үшін, "1" – жұп позицияларда орналасқан цифрлар үшін;
      4) 4-адым – 3-адымды орындау нәтижесінде алынған қатардың цифрымен жиынтықталады;
      5) 5-адым - 4-адымды орындау нәтижесінде алынған сома "0"-ге аяқталатын болса, онда бақылау цифры "0" болады. Керісінше жағдайда бақылау цифры болып, 4-адымды орындау нәтижесінде алынған сома, осы сомадан асып кететін және он есе барынша төмен есептеу қорытындысы болып табылады.
      29. Ислам бағалы қағаздарына ұлттық сәйкестендіру нөмірін беру мысалы осы Ереженің 7-қосымшасында келтірілген.

5-тарау. Қосымша ережелер

      30. Уәкілетті орган ислам бағалы қағаздары шығарылымы проспектілері, сондай-ақ уәкілетті органның ресми web-сайтында орналастыру жолымен не мүдделі тұлғалардың сұратуы бойынша орналастыру және өтеу қорытындысы бойынша есептер аясында ұсынылған ақпаратты ашады. Осы Ережеге сәйкес эмитент (оригинатор) уәкілетті органға электронды және қағаз тасымалдағыштармен ұсынған құжаттар мазмұны бір-біріне дәлме-дәл келуі тиіс.
      31. Эмитент (оригинатор) уәкілетті органға ұсынған құжаттар көшірмесі бірінші басшының (не оның орнындағы адамның) қолымен және эмитенттің (оригинатордың) мөр бедерімен расталады.
      Құжаттардың беттері көп болған жағдайда әрбір парақ не құжат расталады және әрбір парақ не құжат тігіледі және тігілген жиекке және ішінара қағазға желімделіп, қағаз пломбамен бекітіледі. Бірінші басшының (не оның орнындағы адамның) қолы және мөр бедері ішінара қағаз пломбаға, ішінара құжат парағына қойылуы тиіс.
      32. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен шешілуі тиіс.

Ислам бағалы қағаздары    
шығарылымын мемлекеттік тіркеу,
ислам бағалы қағаздарын    
орналастыру және өтеу     
қорытындылары туралы есептерді
қарау, сондай-ақ ислам бағалы
қағаздарына ұлттық сәйкестендіру
нөмірлерін беру жөніндегі   
ережеге 1-қосымша       

Ислам бағалы қағаздары шығарылымы проспектісі

      1. Ислам бағалы қағаздары шығарылымы проспектісінің бiрiншi бетiнiң парағында:
      1) құжаттың атауы: "Ислам бағалы қағаздары шығарылымы проспектісі";
      2) эмитенттiң толық және қысқартылған атауы;
      3) тіркелген ислам бағалы қағаздарының түрi және саны бар;
      4) исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңеспен проспектіні келісу күні және исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің атауы жөніндегі мәліметтер;
      5 ) "Уәкiлеттi органның ислам бағалы қағаздары шығарылымын мемлекеттік тіркеу ислам бағалы қағаздарын сатып алуға қатысты инвесторларға қандай да болмасын ұсыным берудi бiлдiрмейдi. Ислам бағалы қағаздары шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырушы уәкiлеттi орган осы құжаттағы ақпараттың шынайылығы үшiн жауап бермейдi. Ислам бағалы қағаздары шығарылымы проспектiсiнiң Қазақстан Республикасы заңнама талаптарына сәйкестiгi ғана қаралады. Эмитенттiң лауазымды тұлғалары осы проспектiдегi ақпараттың шынайылығы үшiн жауап бередi және ондағы барлық ақпарат шынайылығын және эмитентке және оның ислам бағалы қағаздарына қатысты инвесторларды шатастырмайтындығын растайды" деген жазба. Ислам бағалы қағаздары шығарылымы проспектiсiнiң мәтiнi мыналардан тұрады".
      2. Ислам бағалы қағаздары шығарылымы проспектісінің мәтінінде эмитенттiң (оригинатордың) қаржылық жай-күйi мен қызметi туралы мынадай ақпарат бар:

       1-тарау. Эмитент және оригинатор туралы жалпы мәлiметтер:

       1. Эмитенттiң атауы.
      Осы тармақта эмитенттiң және оригинатордың толық және қысқаша атауын көрсету керек.
      Егер эмитенттің және оригинатордың жарғысында оның толық және қысқаша атауы шет тiлiнде көзделген болса, онда осындай атауды қосымша көрсету керек.
      Эмитенттің және оригинатордың атауы өзгерген жағдайда оның осының алдындағы атауының толық және қысқарған түрi, сондай-ақ оның өзгертiлген күнi көрсетiлуi керек.
      Егер эмитент және оригинатор заңды тұлғаның (заңды тұлғалардың) қайта ұйымдастырылуы негiзiнде құрылған болса, онда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалар мен эмитенттiң заңды мұрагерлерiне қатысты мәлiметтердi көрсету қажет.
      2. Эмитенттi және оригинаторды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы мәлiметтер.
      Осы тармақта эмитенттi және оригинаторды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтаманың немесе куәлiктiң күнi және нөмiрi, сондай-ақ оны мемлекеттiк тiркеудi (қайта тiркеудi) жүзеге асырған органның атауы көрсетiлуi тиіс.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Эмитенттiң және оригинатордың орналасқан жерi, байланыс телефондарының және факсының нөмiрлерi, электрондық почтасының адресi туралы ақпарат.
      4. Эмитенттiң және оригинатордың банктiк деректемелерi.
      5. Эмитенттің және оригинатордың қызметiнiң түрлерi.
      6. Эмитентке және оригинаторға немесе олар шығарған бағалы қағаздарға халықаралық рейтинг агенттiктерi және (немесе) Қазақстан Республикасының рейтинг агенттiктерi берген рейтингтердiң болуы туралы мәлiметтер.
      7. Эмитенттiң барлық филиалдары мен өкiлдiктерiнiң атауы, тiркелген күнi, орналасқан жерi және почталық мекен-жайы.
      8. Эмитенттiң соңғы аяқталған үш қаржы жылына қаржылық есебiне қаржылық есеп беру аудитiн жүзеге асыратын аудиторлық ұйымның (фамилиясы, аты, болса аудитордың аты-жөнi), олардың тиiстi алқалы органға (қауымдастық, палата) қатыстылығы көрсетiлген толық ресми атауы.
      Проспектi уәкiлеттi органға ұсыну алдындағы үш жыл iшiнде тиiстi қызмет көрсету шарттары жасалған заң және қаржылық мәселелер бойынша кеңесшiлердiң, олардың тиiстi алқалы органға (қауымдастық, палата) қатыстылығы көрсетiлген толық ресми атауы.
      Егер жоғарыда аталған тұлғалардың шарттың бұзуы орын алған жағдайда, оның бастамашысы болған тарап туралы ақпаратты көрсете отырып, шарттың бұзылу себебi туралы ақпарат ұсынылуы тиiс.
      9. Эмитенттiң корпоративтi басқару кодексiн қабылдаған күнi (оның қабылдануы эмитенттiң жарғысында қаралған жағдайда).

2-тарау. Эмитенттің органдары

      10. Эмитенттiң органдарының құрылымы.
      Осы тармақта эмитенттiң және оригинатордың органдарының құрылымы және олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына, эмитенттiң жарғысына және iшкi құжаттарына сәйкес құзыретi көрсетiледi.
      11. Эмитенттiң директорлар кеңесiнiң (бақылау кеңесiнiң) (осындай органдар болған жағдайда) мүшелерi.
      Осы тармақта:
      1) эмитенттiң директорлар кеңесi (бақылау кеңесi) мүшелерiнiң әрқайсының, оның iшiнде директорлар кеңесi (бақылау кеңесi) төрағасының фамилиясы, аты, болған жағдайда - әкесiнiң аты, туған жылы;
      2) директорлар кеңесiнiң тәуелсiз мүшелерiнiң әрқайсының фамилиясы, аты, болған жағдайда - әкесiнiң аты;
      3) эмитенттiң директорлар кеңесiнiң (бақылау кеңесi) әрбiр мүшелерiнiң соңғы үш жылда атқарған және қазiргi уақытта атқаратын, оның iшiнде қоса атқарған қызметтерi хронологиялық тәртiппен;
      4) эмитенттiң және оригинатордың директорлар кеңесiнiң (бақылау кеңесiнiң) әрбiр мүшелерiнiң әрқайсының қатысу үлесiн көрсете отырып эмитенттiң және оның еншiлес және тәуелдi ұйымдарының жарғылық капиталына (акцияларына/үлесiне) қатысуы;
      5) өткен екi жыл iшiндегi директорлар кеңесiнiң (бақылау кеңесiнiң) құрамындағы өзгерiс көрсетiледi.
      12. Эмитенттiң директорлар кеңесiнiң комитеттерi (ондай болған жағдайда).
      Осы тармақта эмитенттiң және оригинатордың директорлар кеңесi комитетiнiң (комитеттерiнiң) атауын, оның (олардың) құзыретiн көрсету қажет.
      13. Эмитенттiң атқарушы органы.
      Осы тармақта:
      1) эмитенттiң жеке дара атқарушы органының функциясын жүзеге асыратын тұлғаның аты-жөнi және туған жылы және эмитенттiң алқалы атқарушы органы мүшелерiнiң әрқайсысының аты-жөнi және туған жылы;
      2) эмитенттiң жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғасы не эмитенттiң алқалы атқарушы органы мүшелерiнiң әрқайсының соңғы үш жылда атқарған және қазiргi уақытта атқаратын, оның iшiнде қоса атқарған қызметтерi хронологиялық тәртiппен;
      3) эмитенттiң жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғасы не эмитенттiң алқалы атқарушы органының әрбiр мүшелерiнiң әрқайсының қатысу үлесiн көрсете отырып эмитенттiң және ұйымдардың төленген жарғылық капиталына қатысуы көрсетiледi.
      14. Директорлар кеңесiнiң (бақылау кеңесінің) мүшелерiне, эмитенттiң атқарушы органының мүшелерiне және эмитенттiң басқа басқарушы тұлғаларына төленетiн сыйақылар.
      Осы тармақта осы Қосымшаның 11 12 және 13-тармақтарында көрсетiлген тұлғалардың, сондай-ақ эмитенттің басқа басшы қызметкерлерінің ислам бағалы қағаздары шығарылымы туралы шешiм қабылданған күннiң алдындағы соңғы үш айда алған сыйақысының (ақшалай, бағалы қағаздармен немесе қандай да болмасын басқа нысанда) жалпы мөлшерi, сондай-ақ ислам бағалы қағаздары шығарылымын шығару туралы шешiм қабылданған күннен бастап соңғы он екi ай iшiнде аталған тұлғаларға төленетiн сыйақының жоспарланған жалпы мөлшерi көрсетiледi.
      15. Эмитенттiң ұйымдық құрылымы.
      Осы тармақта:
      1) эмитенттiң құрылымдық бөлiмшелерi, филиалдары және өкiлдiктерi;
      2) эмитент қызметкерлерiнiң, оның iшiнде эмитенттiң филиалдары мен өкiлдiктерi қызметкерлерiнiң жалпы саны;
      3) эмитенттiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары туралы мәлiметтер көрсетiледi.

3-тарау. Эмитенттің акционерлері (қатысушылары) және  аффилиирленген тұлғалары

      16. Эмитенттiң акционерлерi (қатысушылары).
      Осы тармақта:
      1) эмитент акционерлерiнiң (қатысушыларының) жалпы саны және (толық және қысқартылған атауы, заңды тұлғаның мекен-жайы не жеке тұлғаның тегі, аты, бар болса – әкесінің аты) эмитент үлестерiнiң (орналастырылған және дауыс берушi акцияларының) он және одан да көп пайызын иеленген акционерлер (қатысушылар) туралы ақпарат;
      2) эмитенттiң акционерлерi (қатысушылары) болып табылмайтын, бiрақ басқа ұйымдар арқылы эмитенттiң қызметiн бақылау құқығы бар тұлғалар туралы мәлiметтер көрсетiледi (толық және қысқартылған атауы, заңды тұлғаның тұрғылықты жері не аты, тегі, бар болса – жеке тұлғаның әкесінің аты).
      17. Эмитенттiң заңды тұлғаларының толық атауын, орналасқан жерiн, оның жарғылық капиталындағы эмитенттiң акцияларының (үлестерiнiң) проценттiк қатынасын, қызмет түрiн, бiрiншi басшысының тегін, атын және бар болса әкесінің атын көрсете отырып, оның акцияларының (қатысу үлестердiң) он және одан да көп пайызын иеленген заңды тұлғалар туралы мәлiметтер.
      18. Эмитент қатысатын өндiрiстiк, банктiк, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы ақпарат.
      19. Эмитенттiң басқа да аффилиирленген тұлғалары туралы мәлiметтер.
      Осы тармақта заңды тұлғаның толық атауын (тегі, аты, бар болса - жеке тұлғаның әкесiнiң аты), оның орналасқан жерi, қызметiнiң түрiн, бар болса бiрiншi басшысының аты-жөнiн көрсете отырып, осы Ереженiң 11 12 13 16 және 17-тармақтарына сәйкес көрсетiлмеген, бiрақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес эмитенттiң аффилиирленген тұлғалары болып табылатын барлық өзге тұлғалар туралы мәлiметтер көрсетiледi.
      20. Аффилиирленген тұлғалардың қатысуымен жасалған мәмілелер.
      Осы тармақта заңды тұлғаның атауы және оның мекен-жайы және (немесе) тегі, аты, бар болса - жеке тұлғаның әкесiнiң аты және туған жылы, мәмiле жасалған сомасы және осы шешiмдi эмитенттiң қандай органы қабылдаған қорытындысының күндерi көрсетiле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес эмитентке қатысты аффилиирленген болып табылатын ұйымдардың қатысуымен соңғы жылда эмитент жүргiзген барлық мәмілелер туралы ақпарат ашылады.
      21. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында құрылған эмитент мынадай тұлғалар туралы мәлімет ұсынуы керек:
      1) эмитенттің бақылау кеңесінің қатысушысы не мүшесі болып табылатын жеке тұлғамен некеде болуына байланысты жақын туыстығы (ата-анасы, ағасы (інісі), сіңлісі, апасы (қарындасы), қызы немесе ұлы), сондай-ақ жұбайымен туыстығына (ерінің (жұбайының) ағасы (інісі), сіңлісі, апасы (қарындасы), қызы немесе ұлы) байланысты жеке тұлғалар туралы;
      2) осы тармақтың 3) 7) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғаның бақылау кеңесінің мүшелері туралы;
      3) эмитенттің бақылау кеңесінің қатысушысы не мүшесі болып табылатын тұлға бақылау жасайтын заңды тұлғалар туралы;
      4) ірі қатысушы болып табылатын не мүліктен он және одан артық пайыздық мөлшердегі үлес алуға құқығы бар эмитенттің бақылау кеңесінің қатысушысы не мүшесі болып табылатын тұлғаға қатысты заңды тұлғалар туралы;
      5) эмитент ірі акционер болып табылатын немесе мүліктен он және одан артық пайыздық мөлшердегі үлес алуға құқылы болатын заңды тұлғалармен қатысы туралы;
      6) эмитентпен бірге үшінші тұлғаның бақылауында болатын заңды тұлғалар туралы;
      7) эмитент қабылдайтын шешімдерді шартқа сәйкес анықтайтын эмитентпен байланысқан тұлғалар туралы.

4-тарау. Эмитент қызметiнiң сипаты

      22. Нәтижесінде эмитенттiң қызметiне елеулi түрде ықпал ететiн эмитентпен жасалған келiсiм-шарттар, келiсiмдер туралы мәлiметтер.
      23. Құжаттың нөмiрi мен күнi, қолданылу мерзiмi және осы құжатты берген орган көрсетiлген эмитент қызметiн жүзеге асыру үшiн алынған патенттер, рұқсаттар туралы мәлiметтер.
      24. Эмитенттiң негiзгi қызмет түрлерi бойынша сатудың (жұмыстардың, қызмет көрсетудiң) кiрiстiлiгiне оң және терiс әсер ететiн факторлар.
      25. Эмитенттiң қызметiне әсер ететiн негiзгi факторлар:
      1) егер осы мәмiленiң (мәмiлелердiң) сомасы эмитент активтерiнiң баланстық құнының он пайызынан асқан жағдайдағы, ислам бағалы қағаздарын шығару туралы шешiм қабылданған күннен бастап алты ай iшiнде жасалуы тиiс (жасалған) немесе орындалуы тиiс (орындалған) мәмiле (мәмiлелер) туралы мәлiметтер;
      2) эмитенттiң болашақтағы негiзгi мiндеттемелерi және осы мiндеттемелердің эмитенттiң қызметiне әсер етуi мүмкiн терiс ықпалы ашылады;
      3) эмитенттiң сот процестерiне оның негізін сипаттай отырып, қатысуы туралы мәлiметтер. Эмитенттiң қатысуымен өткен, нәтижесiнде эмитент қызметiнiң тоқтатылуы немесе шектелуi, оған маңызды ақшалай және өзге де мiндеттемелер берiлуi мүмкiн сот процестерiнiң мәнiне сипаттама беру керек;
      4) уәкiлеттi мемлекеттiк органдар және/немесе соттың санкция қолданылған күндi, санкция қолданған органды, санкция қолдану себептерiн, санкцияның түрлерiн және мөлшерiн, сондай-ақ санкцияның орындалу дәрежесiн көрсете отырып, соңғы жыл iшiнде эмитентке және оның лауазымды тұлғаларына қолданған барлық әкiмшiлiк санкциялар туралы мәлiметтер;
      5) ислам бағалы қағаздарын ұстаушылары ұшырауы мүмкiн тәуекел факторларына нақты талдауды көрсеткендегі тәуекел факторлары;
      6) эмитенттiң қызметi туралы басқа да ақпарат.

5-тарау. Қаржылық жай-күй

      26. Баланстық құны материалдық емес активтердiң жалпы баланстық құнының бес және одан көп пайызын құрайтын материалдық активтердiң түрлерi.
      27. Баланстық құны негiзгi құрал-жабдықтың жалпы баланстық құнының бес және одан көп пайызын құрайтын негiзгi құрал-жабдықтың түрлерi.
      28. Инвестициялар.
      Осы мәселе бойынша ақпарат мынадай құрылымда ұсынылуы тиiс: басқа заңды тұлғалардың капиталына тiкелей инвестициялар, ұзақ мерзiмдi инвестициялар және инвестициялық портфель.
      29. Дебиторлық берешек.
      Осы тармақта эмитенттiң алдында дебиторлық берешектiң жалпы сомасының бес және одан көп пайызы мөлшерiнде дебиторлық берешегi бар ұйымның атауын көрсете отырып дебиторлық берешектiң құрылымы не эмитенттiң неғұрлым iрi он дебиторының тiзiмi ашылады.
      30. Осы тармақта эмитенттiң жарғылық және меншiктi капиталының мөлшерi көрсетiледi.
      31. Заемдар.
      Осы тармақта қолданылып жүрген банктiк заемдар және кредиттiк желiлер, олардың валютасы, сыйақы ставкалары, қамтамасыз ету түрлерi туралы ақпарат ашылады. Жақын арадағы он екi ай iшiнде өтелетiн сомалар тоқсан бойынша бөлiнуi тиiс, қалған сомалар жылдар бойынша бөлiне отырып ұсынылады.
      32. Эмитенттiң негiзгi қызметiн жүзеге асыруға байланысты кредиторлық берешегi.
      Осы тармақта эмитент өзiнiң кредиторлық берешектiң жалпы сомасының бес және одан көп пайызы мөлшерiнде берешегi бар ұйымның атауын көрсете отырып, кредиторлық берешектiң құрылымы не эмитенттiң бiрiншi он неғұрлым iрi кредиторлық тiзiмi ашылады.
      33. Эмитенттiң соңғы үш аяқталған қаржы жылы iшiнде алған (шеккен) кiрiстiң (шығынның) мөлшерi (үш жылдың iшiндегi әр жылдың қорытындысы бойынша бөлiгiнде).
      34. Левередж.
      Осы тармақта эмитенттiң және оригинатордың левередж шамасы соңғы үш жылдың әр аяқталған қаржы жылының бiрiншi күнгi, сондай-ақ ислам бағалы қағаздары шығарылымының проспектiсiн беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша көрсетiледi.
      35. Эмитенттің қаржылық жай-күйінің критерийлері және эмитент пен оригинатор үшiн ислам бағалы қағаздары шығарылымын сатып алу мiндеттілігіне алып әкелетiн басқа да көрсеткiштер.

6-тарау. Тіркелген бағалы қағаздар шығарылымдары туралы мәлiметтер

      36. Ислам бағалы қағаздары шығарылымы туралы шешiм қабылданғанға дейiн эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарының барлық тiркелген шығарылымдарына қатысты былай көрсетіледі:
      1) ислам бағалы қағаздарының әрбiр шығарылымының саны, түрi және номиналдық құны, әрбiр шығарылым бойынша тартылған ақша көлемі, сондай-ақ осы бағалы қағаздар ұстаушыларына төленген өтеу сомасы мен кіріс мөлшерін қосқандағы ислам бағалы қағаздары бойынша өтеу күні және төлемнің жалпы мөлшері, ислам бағалы қағаздары шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырған орган, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi және осы шығарылымды мемлекеттiк тiркеу күнi;
      2) эмитенттің орналастырылған акцияларының жалпы саны, түрi және номиналдық құны, сондай-ақ акцияларды орналастыру кезiнде тартылған ақшаның жалпы сомасы, соңғы сатып алынған күнгі бағасы көрсетілген айналыстағы, сатып алынған акциялар саны, акцияны сатып алу әдiстемесi бекiтiлген күн, акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырған орган, осындай шығарылымның мемлекеттiк тiркеу нөмiрi және мемлекеттiк тiркеу күнi;
      3) егер бағалы қағаздардың қандай да болмасын шығарылымы тоқтатылған немесе жарамсыз болып танылған не күшi жойылған жағдайда осындай шешiмдердi қабылдаған мемлекеттiк орган, оларды қабылдау негiздемелерi және күнi;
      4) ислам бағалы қағаздары бойынша өтеу күндерi және төлемдердiң жалпы мөлшерi;
      5) соңғы екi қаржылық жылының әрбiр жылындағы немесе нақты жұмыс iстеу кезеңiндегi бiр акцияға дивидендтердiң есептелген сомасын және төленген дивидендтердiң сомасын көрсеткендегі дивиденд мөлшерi;
      6) сауда-саттық ұйымдастырушылардың атауын қоса отырып, эмитенттiң бағалы қағаздарымен сауда жүзеге асырылатын негiзгi нарықтары.

7-тарау. Ислам бағалы қағаздарын шығару жөніндегі мәлiметтер

      37. Ислам бағалы қағаздары туралы мәлiметтер:
      1) Ислам бағалы қағаздарының түрлерi;
      2) шығарылатын ислам бағалы қағаздарының саны;
      3) бiр ислам бағалы қағаздарының номиналдық құны;
      4) ислам бағалы қағаздары шығарылымының номиналдық құны бойынша жалпы көлемі;
      5) ислам бағалы қағаздары бойынша кіріс мөлшерін анықтау тәртібі;
      6) ислам бағалы қағаздары бойынша кірісті ислам бағалы қағаздары ұстаушыларына төлем жасау мерзімі және талаптары;
      7) резервтік қорды қалыптастыру тәртібі, оның ішінде эмитенттің бөлінген активтері құрамында осы қорды құру және одан әрі қалыптастыруға бағытталған алынған кірістің пайызы, сондай-ақ резервтік қордың қаражатын пайдалану жөніндегі мәліметтер;
      8) эмитент пен оригинатор арасындағы инвестициялық жоба бойынша (исламдық қатысу сертификаттарын шығару кезінде) кірісті бөлу және пайыздық арақатынас тәртібі;
      9) сенімгерлік басқарушыға бөлінген актив бойынша (оригинаторға) төленетін комиссиялық сыйақы мөлшері;
      10) қаржыландыру объектісіне қойылатын талаптар (исламдық қатысу сертификаттарын шығару кезінде);
      11) ислам бағалы қағаздарын орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу жөніндегі, мыналарды көрсеткендегі, мәліметтер:
      ислам бағалы қағаздарын орналастыру мерзімі (орналастырудың басталу және аяқталу күні);
      ислам бағалы қағаздарын айналысқа жіберу мерзімі (айналысқа жіберудің басталу және аяқталу күні);
      ислам бағалы қағаздарын өтеу күні және талаптары;
      ислам бағалы қағаздарын өтеу жасалатын орын (орындар);
      ислам бағалы қағаздарын өтеу тәсілдері;
      12) ислам бағалы қағаздарына төлем жасау талаптары және тәртібі, есеп айырысу тәсілдері;
      13) оригинатор мен эмитенттің құқықтары мен міндеттері;
      14) әрбір ислам бағалы қағазының оның ұстаушысына мынаны көрсете отырып берген құқығы:
      ислам бағалы қағаздарын мерзімінен бұрын өтеу және сатып алу тәртібі (ислам бағалы қағаздарын сатып алу талаптары, жағдайлары, өтеу және сатып алу мерзімі);
      эмитенттің және оригинатордың қызметі, оның ішінде эмитенттің және оригинатордың ислам бағалы қағаздары ұстаушылары үшін ақпарат жариялап отыратын бұқаралық ақпарат құралдары туралы ақпаратты қосқандағы эмитенттің және оригинатордың қаржылық есеп беруі жөнінде ислам бағалы қағаздары ұстаушыларына ақпарат беру тәртібі;
      қаржыландыруға байланысты (ислам қатысу сертификаттарын шығарған кезде) инвестициялық жобаларды іріктеу кезінде оригинатормен бірлесіп, шешімдерді қабылдау құқықтарын іске асыру рәсімдері;
      ислам бағалы қағаздары бойынша дефолт жариялануы мүмкін жағдай пайда болған кездегі оқиғалар және бұл жағдайда ислам бағалы қағаздары ұстаушыларының қандай құқықтары бар;
      әрбір ислам бағалы қағаздары бойынша ұстаушыға берілетін өзге де құқықтар;
      15) эмитенттің және оригинатордың ислам бағалы қағаздары бойынша дефолт болған жағдайда қабылдайтын шаралары, сондай-ақ ислам бағалы қағаздарын өтеу кезінде міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың құқықтарын қорғау рәсімдері көрсетіледі;
      16) тіркеушінің атауын, оның тұрғылықты жерін, телефон нөмірлерін, шарттың күні және нөмірі көрсете отырып, ислам бағалы қағаздары бойынша құқықтарды есепке алу тәртібі;
      17) төлем жасаушы агент жөніндегі мәліметтер (атауы, тұрғылықты жері, телефон нөмірлері, тиісті шарттың күні және нөмірі).
      Оның атауы, оның тұрғылықты жері, телефон нөмірлері, тиісті шарттың күні және нөмірі көрсетіледі.
      38. Исламдық жалдау сертификаттарын шығару кезінде мыналар көрсетіледі:
      қолданыстағы жалдау шарты бұзылған жағдайда жаңа жалдау шартын ( қаржы лизингі ) жасау талаптары мен мерзімі;
      жалдау шарттарын (қаржы лизингі) жасау (бұзу) фактісі туралы исламдық жалдау сертификаттарының ұстаушыларын хабардар ету тәртібі мен мерзімі;
      бөлінген активтерді құрайтын (исламдық жалдау сертификаттарын шығару кезінде) мүлікті (қаржы лизингі) жалдау жөніндегі шарт бойынша келіп түскен төлемдерді бөлу тәртібі және мерзімі;
      бөлінген активтер құрамына кіретін мүлік және талап ету құқықтары туралы ақпарат, сондай-ақ оларды пайдалану талаптары, тәртібі және мерзімі.
      39. Ислам бағалы қағаздарын орналастырудан түскен ақшаны пайдалану.
      Ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған ақшаны инвестициялаудың тәртібі мен талаптары, сондай-ақ алынған ақшаны жоспарлап отырған бөлудегі болуы мүмкін өзгерістер пайда болған кезде, осы өзгерістерді көрсететін талаптар, ислам бағалы қағаздары шығарылымынан және оны орналастырудан алынған қаражат есебінен сатып алынған мүлікке тәуелсіз баға берушінің баға беру тәртібі мен мерзімі көрсетіледі.
      40. Бөлінген активтер бойынша уақытша еркін түскен түсімдерді инвестициялау тәртібі.
      41. Эмитентті тарату.
      Оригинатор эмитентті таратуға құқылы болған кездегі талаптар көрсетіледі.
      42. Эмитенттің инвестициялық жобадағы акцияларды (қатысу үлестерін) оригинаторға сенімгерлік басқаруға берген жағдайында осы акцияларды (қатысу үлестерін) беру мерзімі мен тәртібі көрсетіледі.

8-тарау. Ислам бағалы қағаздары ұстаушыларының өкілі туралы ақпарат

      43. Ислам бағалы қағаздары ұстаушыларының өкілі туралы мәліметтер:
      1) атауы;
      2) тұрғылықты орны, байланыс телефоны;
      3) ислам бағалы қағаздары ұстаушыларының өкілі атқарушы органының бірінші басшысының, мүшелерінің тегі, аты, бар болса әкесінің аты;
      4) ислам бағалы қағаздары ұстаушыларының өкіліне уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығындағы кастодиандық және (немесе) брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру үшін берген лицензиясының күні және нөмірі;
      5) ислам бағалы қағаздары ұстаушыларына және оның эмитентіне қатысты ислам бағалы қағаздары ұстаушыларының өкілінің құқықтары мен міндеттері;
      6) ислам бағалы қағаздары ұстаушыларының және (немесе) эмитенттің өкілге олардың атынан олардың мүдделерін қорғау мақсатында сотқа, уәкілетті органға және өзге мемлекеттік органдарға шағым жасау жөніндегі құқықтарын ұсыну тәртібі;
      7) өкілдің ислам бағалы қағаздары ұстаушылары, сондай-ақ оригинатордың қызметі және оның қаржылық есеп беруі жөніндегі ақпаратты алу тәртібі;
      8) өкілдің эмитенттің ислам бағалы қағаздары ұстаушылары алдындағы міндеттемелерін орындау жөніндегі эмитенттің есептерін алу тәртібі мен мерзімі;
      9) өкілдің қаржыландыру объектісі туралы құжаттар мен ақпаратты алу тәртібі мен мерзімі;
      10) ислам бағалы қағаздары ұстаушылары өкілінің, сондай-ақ уәкілетті органның қаржыландыру объектісінің ислам бағалы қағаздары шығарылымының талаптарына сәйкес келмеуі туралы хабарламаны беру тәртібі мен мерзімі;
      11) өкілдің қаржыландыру объектісінің ислам бағалы қағаздары шығарылымының талаптарына сәйкес келмеуі себептері бойынша ислам бағалы қағаздарын мерзімінен бұрын өтеу туралы талаптарын эмитентке немесе оригинаторға жіберу тәртібі мен мерзімі.

9-тарау. Қосымша ақпарат

      44. Ислам бағалы қағаздары айналысындағы шектеулер.
      Ислам бағалы қағаздары жасаған айналысындағы кезкелген шектеулер, орналастырылатын ислам бағалы қағаздарының ықтимал сатып алушыларына қатысты шектеулер, оның iшiнде арасында ислам бағалы қағаздарын орналастыру жоспарланып отырған тұлғалар тобы көрсетiледi.
      45. Ислам бағалы қағаздары шығарылымына кеткен шығындардың сомасы және осы шығындар қандай тәсiлмен төленгендігі (төленетіндігі) туралы мәлiметтер.
      46. Инвесторлар эмитент жарғысының көшiрмесiмен, ислам бағалы қағаздары шығарылымның проспектiсiмен, ислам бағалы қағаздарын орналастыру жиынтығы туралы есеппен таныса алатын орындар туралы эмитент қызметі туралы ақпарат жариялау үшiн пайдаланатын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру.
      Ислам бағалы қағаздары шығарылымының проспектiсiне эмитенттiң бiрiншi басшысы, бас бухгалтерi немесе олардың орнындағы адамдардың қолы қойылады және эмитент мөрiнiң таңбасымен куәландырылады. Проспектiсiнiң әрбiр данасы осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге тiгiледi және тiгiстiң түйiнiне және жартылай параққа желiмделген қағаз пломбамен бекiтiледi. Мөрдiң таңбасы жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына басылуы және бiрiншi басшысының немесе оның орнындағы адамның қолымен куәландырылуы тиiс.

Ислам бағалы қағаздары     
шығарылымын мемлекеттік тіркеу,
ислам бағалы қағаздарын    
орналастыру және өтеу     
қорытындылары туралы есептерді
қарау, сондай-ақ ислам бағалы 
қағаздарына ұлттық сәйкестендіру
нөмірлерін беру жөніндегі   
ережеге 2-қосымша       

Нысан

Бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы
куәлік

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.

Алматы қаласы     20 ___ жылғы «___» __________    № _____

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі _____________________________________________________________________
      (тіркеуші органның атауы, тіркеу нөмірі және күні)
тіркелген _____________________________________________________________________
              (эмитенттің атауы және мекенжайы)
_____________________________________________________________________
         (ислам бағалы қағаздарының түрі көрсетіледі)
шығарылымды мемлекеттік тіркеуге алды
      Шығарылым
_____________________________________________________________________
       (ислам бағалы қағаздары саны цифрмен және жазбаша)
                      бөлінді әрі оларға
ұлттық сәйкестендіру нөмірі берілді.
Бір __________________________________________________________________
     (ислам бағалы қағаздарының түрі және құны цифрмен және жазбаша)
      номиналдық құны ______________________________________ теңге.
       Шығарылымының көлемі __________________________________________
                         (ислам бағалы қағаздарының түрі көрсетіледі) ________________________________________________________теңге бола        (шығарылатын ислам бағалы қағаздарының жиынтық
       номиналдық құны цифрмен және жазбаша)
Шығарылым ________________________________________________нөмірімен
эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізілді. Шығарылым туралы қосымша ақпарат:____________________________________
___________________________________________________________________
   Куәлікке қол қойған адамның тегі, аты, бар болса әкесінің
             аты және лауазымы, қолы, мөрі

Ислам бағалы қағаздары   
шығарылымын мемлекеттік тіркеу,
ислам бағалы қағаздарын   
орналастыру және өтеу   
қорытындылары туралы есептерді
қарау, сондай-ақ ислам бағалы
қағаздарына ұлттық сәйкестендіру
нөмірлерін беру жөніндегі 
ережеге 3-қосымша     

Ислам бағалы қағаздарын орналастыру
қорытындылары туралы
ЕСЕП

      1. Эмитенттiң атауы.
      2. Эмитенттi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы мәлiметтер.
      Осы тармақта эмитенттi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтаманың немесе куәлiктiң күнi және нөмiрi, сондай-ақ оны мемлекеттiк тiркеудi (қайта тiркеудi) жүзеге асырған органның атауы көрсетiлуi тиіс.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 
      3. Эмитенттiң орналасқан жерi.
      4. Ислам бағалы қағаздары шығарылымын мемлекеттiк тiркеу күнi және нөмiрi.
      5. Ислам бағалы қағаздары туралы мәлiметтер: жалпы саны, түрi, номиналдық құны;
      6. Ислам бағалы қағаздарын орналастыру туралы мәлiметтер:
      1) Ислам бағалы қағаздарын орналастыру қорытындылары туралы алдыңғы есептi (есептердi) бекiту күнi;
      2) есеп ұсынылатын кезеңдегi орналастырудың басталу және аяқталу күнi;
      3) айналыс кезеңінің басталу және аяқталу күні;
      4) ұйымдаспаған бағалы қағаздар рыногындағы жазу және аукциондық жолмен орналастырылған ислам бағалы қағаздарының саны және тартылған ақша сомасы. Ислам бағалы қағаздарын аукцион өткiзу жолымен орналастырған жағдайда олардың өткен күнiн және аукциондағы ең жоғарғы сату бағасын көрсету керек;
      5) бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында ислам бағалы қағаздарын орналастыру туралы ақпарат (caуда-саттықты ұйымдастырушылар тiзiмiнiң санаты, ислам бағалы қағаздарын орналастыру аяқталған күнге ислам бағалы қағаздарының рыноктық құны, сауда-саттықтағы ең жоғарғы баға және бiрiншi және соңғы сауда-саттық күнi орналастырылған акциялардың саны және тартылған ақша сомасы);
      6) есептi кезеңдегi орналастырылған ислам бағалы қағаздарының саны және олардың айналысқа түскен күнiнен бастап осының алдында орналастырылған барлық ислам бағалы қағаздарын ескерiп;
      7) есептi кезең аяқталған күнге сатып алынған ислам бағалы қағаздарының саны, сатып алу жөнiнде шешiм қабылданған күн, сондай-ақ эмитент оларды сатып алған кезде келген шығындар;
      8) ислам бағалы қағаздарын шығару андеррайтерлерi (эмиссиялық консорциумдар) туралы ақпарат. Осы тармақта мынадай ақпаратты көрсету керек:
      бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысының атауы, эмитентпен жасалған андеррайтер қызметiн көрсету жөнiндегi шарттың күнi мен нөмiрi, сондай-ақ эмиссиялық консорциум қатысушылары туралы;
      андеррайтерлерге немесе орналастырушы басқа қатысушыларға, орналастырудың жалпы көлемiнiң процентке шаққандағы, әрбiр орналастырылған ислам бағалы қағаздарының дисконты және комиссиясы көлемiнде өкiлдерге төленген (төленуi тиiс) дисконт және комиссия және шығыстар туралы басқа да мәлiметтер;
      андеррайтерлердi тартпай орналастырылған ислам бағалы қағаздарының саны туралы;
      9) меншiк иелерiнiң санаттары бойынша ислам бағалы қағаздарының меншік иелерінің саны туралы мәлiметтер:
      жоғарыда аталған әр санаттағы тұлғалардың меншігіне жататын ислам бағалы қағаздарының санын көрсеткен зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, екiншi деңгейдегi банктер, банктiк емес ұйымдар, брокер-дилерлер және басқалар;
      10) орналастырылмаған ислам бағалы қағаздарының саны;
      11) тиісті шарттарды жасау күні мен нөмірі көрсетілген оригинатордың атауы мен орналасқан жерi;
      12) есептi кезеңнiң аяқталу күнiне уақытша бос ақшаны инвестициялаудан алынған ақша сомасы.
      7. Тiркеушi туралы мәлiметтер.
      Тiркеушiнiң атауы және орналасқан жерi, шарт жасалған күн және нөмiрi.
      8. Баспасөз басылымының атауы және ислам бағалы қағаздары шығарылымы туралы ақпараттық хабар жарияланған күн.
      9. Ислам бағалы қағаздары бойынша кіріс төлеу туралы мәлiметтер:
      1) есепті кезең ішінде ислам бағалы қағаздары ұстаушыларына төленген кіріс мөлшері;
      2) ислам бағалы қағаздары ұстаушыларына ислам бағалы қағаздары бойынша кірістің кезеңділігі және мерзімі;
      3) ислам бағалы қағаздары бойынша кіріс төлеу кезiндегi есеп айырысу тәртiбi (есеп айырысу нысаны: қолма-қол, аударым жасау арқылы);
      4) есепті кезең ішінде ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған мүлік бойынша алынған кірістің жалпы сомасы;
      5) эмитенттің бөлінген активтері құрамында резервтік қорды құру және одан әрі қалыптастыруға бағытталған ақша сомасы, сондай-ақ есепті кезеңдегі резервтік қордың қаражатын пайдалану жөніндегі мәліметтер;
      6) есепті кезең ішінде бөлінген активтерді сенімгерлік басқарушыға (оригинаторға) төленген комиссиялық сыйақы мөлшері;
      7) есепті кезең ішінде (эмитент және оригинатор үшін жеке көрсетіледі) эмитент пен оригинатор инвестициялық жоба бойынша (исламдық қатысу сертификаттарын шығару кезінде) алған ақша сомасы.
      Есепке эмитенттiң бiрiншi басшысы, бас бухгалтерi немесе олардың орнындағы адамдар қол қояды және эмитенттiң мөрiнiң таңбасымен куәландырылады. Есептiң әрбiр данасы есептi айдың соңындағы жағдай бойынша немесе ислам бағалы қағаздарды орналастыру аяқталған күнгi қаржылық есеп берумен және орналастырылған ислам бағалы қағаздарының саны туралы меншiк иелерiнiң санаты бойынша бөлiгiнде тiркеушi берген анықтаманың көшiрмесiмен бiрге тiгiледi, тiгiстiң түйiнiне және жартылай параққа желiмделген қағаз пломбамен бекiтiледi. Мөрдiң таңбасы жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына басылуы және бiрiншi басшысының немесе оның орнындағы адамның қолымен куәландырылуы тиiс.

Ислам бағалы қағаздары   
шығарылымын мемлекеттік тіркеу,
ислам бағалы қағаздарын  
орналастыру және өтеу   
қорытындылары туралы есептерді
қарау, сондай-ақ ислам бағалы
қағаздарына ұлттық сәйкестендіру
нөмірлерін беру жөніндегі 
ережеге 4-қосымша     

Ислам бағалы қағаздарын өтеу қорытындылары туралы
ЕСЕП

      1. Эмитенттiң және оригинатордың атауы.
      2. Эмитенттi және оригинаторды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы мәлiметтер.
      Осы тармақта эмитенттi және оригинаторды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтаманың немесе куәлiктiң күнi және нөмiрi, сондай-ақ оны мемлекеттiк тiркеудi (қайта тiркеудi) жүзеге асырған органның атауы көрсетiледi.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Эмитенттiң және оригинатордың орналасқан жерi.
      4. Ислам бағалы қағаздары шығарылымы мемлекеттiк тiркелген күн және шығарылым нөмірі.
      5. Ислам бағалы қағаздары шығарылымын орналастыру қорытындылары туралы есеп (есептер) бекiтiлген күн.
      6. Ислам бағалы қағаздарын өтеу туралы мәлiметтер:
      1) ислам бағалы қағаздары өтелген күн;
      2) оригинатордың эмитентке мерзімінен бұрын өтеудің негіздемелерін және ислам бағалы қағаздары өтеу үшін аударған ақша сомасын көрсетіп, мерзімінен бұрын өтелген ислам бағалы қағаздарының саны туралы мәлiметтер;
      3) мерзiмiнен бұрын өтелген ислам бағалы қағаздарын өтеу үшін резервтік қордан қамтылған ақша сомасы.
      7. Ислам бағалы қағаздары бойынша төленген кірістің жиынтық мөлшерi және өтеу сомасы. Осы тармақта есеп толығымен келтiрiледi.
      Ислам бағалы қағаздарын өтеу қорытындысы туралы есеп есептi айдың соңындағы жағдай бойынша немесе ислам бағалы қағаздарын өтеу аяқталған күнгi эмитенттің және оригинатордың қаржылық есеп берумен қоса тiгiледi, оған бiрiншi басшы, бас бухгалтер, не олардың орындарындағы адамдар, ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар өкілі атынан уәкілетті тұлға қол қояды және эмитенттiң мөрiнiң бедерiмен расталады.

Ислам бағалы қағаздары шығарылымын
мемлекеттік тіркеу, ислам бағалы 
қағаздарын орналастыру және өтеу 
қорытындылары туралы есептерді   
қарау, сондай-ақ ислам бағалы   
қағаздарына ұлттық сәйкестендіру 
нөмірлерін беру жөніндегі ережеге
5-қосымша            

Нысан

Ислам бағалы қағаздарын орналастыру (өтеу) қорытындылары
туралы есепті бекіту жөніндегі хабарлама

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.

Алматы қаласы       20 ___ жылғы «___» __________    № _____

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
_____________________________________________________________________
          (тіркеуші органның атауы, тіркеу нөмірі және күні)
тіркелген
_____________________________________________________________________
                 (эмитенттің атауы және мекенжайы)
_____________________________________________________________________
           (ислам бағалы қағаздарының түрі көрсетіледі)
Орналастыру (өтеу) қорытындылары туралы есепті бекітті
Шығарылым _________________________________________________нөмірімен
эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізілді.
Шығарылымның_________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (ислам бағалы қағаздарының түрі, саны цифрмен және жазбаша)
номиналдық құны ____________________________________ теңгеде бөлінді.
______________________________________________________ жағдай бойынша
орналастырылғандары (өтелгендері)____________________________________
орналастырылмағандары________________________________________________
Шығарылым туралы қосымша ақпарат:____________________________________
_____________________________________________________________________
      Хабарламаға қол қойған адамның тегі, аты, бар болса әкесінің аты және атқаратын лауазымы, қолы, мөрі

Ислам бағалы қағаздары    
шығарылымын мемлекеттік тіркеу,
ислам бағалы қағаздарын    
орналастыру және өтеу     
қорытындылары туралы есептерді
қарау, сондай-ақ ислам бағалы
қағаздарына ұлттық сәйкестендіру
нөмірлерін беру жөніндегі  
ережеге 6-қосымша      

Қаріптік белгілерді сандарға ауыстыру кестесі      

A

10

F

15

L

20

R

25

W

30

B

11

G

16

M

21

S

26

X

31

C

12

H

17

N

22

T

27

Y

32

D

13

J

18

P

23

U

28

Z

33

E

14

K

19

Q

24

V

29



Ислам бағалы қағаздары    
шығарылымын мемлекеттік тіркеу,
ислам бағалы қағаздарын   
орналастыру және өтеу    
қорытындылары туралы есептерді
қарау, сондай-ақ ислам бағалы
қағаздарына ұлттық сәйкестендіру
нөмірлерін беру жөніндегі  
ережеге 7-қосымша      

Ислам бағалы қағаздарына ұлттық сәйкестендіру
нөмірін берудің мысалдары

Берілді (мысалдың талабы):

      Акционерлік қоғам исламдық жалдау сертификаттары шығарылымын 4,5 жыл айналыс мерзімімен жүзеге асырады. Ислам бағалы қағаздарының осы шығарылымы A58 нөмірімен эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізілген.

                              1-адым:     

Позициялар нөмірі

Белгілер

Түсіндірулер

1–2

KZ

Эмитент елінің таңбалануы (осы Ереженің 21-тармағының 1) тармақшасы)

3

3

Ислам бағалы қағаздары түрінің таңбалануы (осы Ереженің 22-тармағы)

4

С

Эмитент ұйымдық-құқықтық нысанының таңбалануы (осы Ереженің 23-тармағы және мысал талабы)

5

0

Ислам бағалы қағаздары шығарылымын тіркеу кезінде бесінші позицияда орналасқан белгі "0" цифрымен таңбаланады (осы Ереженің 24-тармағы және мысал талабы)

6

М

Айналыс мерзімі өлшем бірлігін таңбалау: осы шығарылымдағы ислам бағалы қағаздарының айналыс мерзімі жылдармен (4,5 жыл). Бірақ осы мерзім толық емес жыл санын беретіндіктен, ол төменде тұрған өлшем бірлігі – айларға ауыстырылады (4,5 х 12 = 54). Аударым жасау кезінде 99-дан аспайтын біршама сан пайда болғандықтан, өлшем бірлігін өзгертуге тура келеді (осы Ереженің 25 және 26-тармақтары және мысал талабы)

7-8

54

Ислам бағалы қағаздары айналыс мерзімін таңбалау (осы Ереженің 26-тармағы және мысал талабы)

9-11

A58

Ислам бағалы қағаздары шығарылымының нөмірін таңбалау (осы Ереженің 27-тармағы және мысал талабы)

      Нәтижесінде ислам бағалы қағаздарының ұлттық сәйкестендіру нөмірі (он екінші позициядағы бақылау цифрынсыз) былайша көрініс береді:

K

Z

3

С

0

М

5

4

А

5

8

2-адым:

      Осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес қаріптік белгілерді сандармен ауыстыру:

1

9

3

3

3

1

2

0

2

1

5

4

1

0

5

8

3-адым:

      Сандық қатардан алынған цифрды көбейту (оның оң қанатынан бастап) мына коэффициентке "2" – тақ позициялардағы цифрлар үшін, "1" – жұп позициялардағы цифрлар үшін:

Сандық қатар (3-адымның орындалу нәтижесі):

1

9

3

3

3

1

2

0

2

1

5

4

1

0

5

8

Көбейту коэффициенттері:

1

2

1

2

1

2

1

2

1

2

1

2

1

2

1

2

Көбейту нәтижесі:

1

1

8

3

6

3

2

2

0

2

2

5

8

1

0

5

1

6

4-адым:

      3-адымды орындау нәтижесінде алынған қатардың цифрын жинақтау:
1 + 1 + 8 + 3 + 6 + 3 + 2 + 2 + 0 + 2 + 2 + 5 + 8 + 1 + 0 + 5 + 1 + 6 = 56

5-адым:

      4-адымды орындау нәтижесінде алынған сома "0"-ге аяқталмайтындықтан осы сомадан асатын сан анықталады және он еседен кем болып табылады. 56 сомасы үшін бұл сан 60. Тиісінше бақылау цифры 4 (60 – 56) тең.
      Осы ислам бағалы қағаздары шығарылымның толық ұлттық сәйкестендіру нөмірі мынаған тең:      

K

Z

3

С

0

М

5

4

А

5

8

4

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады