Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 07.10.2020 № 518 және ҚР Қаржы министрінің 12.10.2020 № 992 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
"Автомобиль көлігі туралы" 2004 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-11-бабы 2-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді көлік құралдарының (шетелдік көліктерді қоса алғанда) жүріп өтуі үшін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлік құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп өтуі үшін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 276 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 198 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9489 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 ақпандағы № 23 (28501) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі _____________ Ә. Исекешев | Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _____________ Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 672 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 739 бірлескен бұйрығымен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді көлік құралдарының (шетелдік көліктерді қоса алғанда) жүріп өтуі үшін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді көлік құралдарының (шетелдік көліктерді қоса алғанда) жүріп өтуі үшін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдарымен (бұдан әрі – 1-көрсетілетін қызметті беруші) және Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттеріндегі мемлекеттік кіріс органдарымен (бұдан әрі – 2-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді көлік құралдарының жүріп өтуі үшін арнайы рұқсат (бұдан әрі – арнайы рұқсат) және оған бақылау талоны, немесе Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу реестріңде № 11476 тіркелген) "Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді көлік құралдарының (шетелдік көліктерді қоса алғанда) жүріп өтуі үшін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін
қызметті берушінің (қызметкерлердің) құрылымдық
бөлімшелерінің іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. 9-тармағында көзделген өтініш беру мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1-көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
отандық көрсетілетін қызметті алушы үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын ақпараттық жүйеге автоматты түрде тіркеу;
2) 2 (екі) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен ұсынылған құжаттардың 2015 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің № 206 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11395 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларымен (бұдан әрі – Қағидалар) белгіленген талаптарына сәйкестігін қарау;
3) 1 (бір) жұмыс күн ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің аралық нәтижесін жіберу:
Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздердің жоқтығы кезінде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуіне алым сомасын төлеу үшін хабарлама жіберіледі;
Стандарттың 10-тармағында ұсынылған негіздердің болған кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартылуы туралы дәлелді жауап жіберіледі;
4) 4 (төрт) сағат ішінде алым сомасының төленгенін растайтын құжаттардың тексеруі:
төленген соманың сәйкестігі кезінде 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы қолы қойылған арнайы рұқсат және оған бақылау талоны рәсімделеді;
төленген соманың сәйкессіздігі кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартылуы туралы дәлелді жауап электрондық түрде рәсімделеді;
көрсетілетін қызметті алушыға хабарланған күннен 10 (он) жұмыс күн ішінде алымдардың сомаларын төленгенін растайтын құжаттарының жоқтығы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап рәсімделеді;
5) 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:
арнайы рұқсат және оған бақылау талоны курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартылуы туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне электрондық түрде;
шетелдік көрсетілетін қызметті алушы үшін:
1) 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеу;
2) 2 (екі) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен ұсынылған құжаттардың Қағидаларымен белгіленген талаптарына сәйкестігін қарау;
3) 1 (бір) жұмыс күн ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің аралық нәтижесін жіберу:
Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздердің жоқтығы кезінде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуіне алым сомасын төлеу үшін хабарлама жіберіледі;
Стандарттың 10-тармағында ұсынылған негіздердің болған кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартылуы туралы дәлелді жауап жіберіледі;
4) 4 (төрт) сағат ішінде алым сомасының төленгенін растайтын құжаттардың тексеруі:
төленген соманың сәйкестігі кезінде 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы қолы қойылған арнайы рұқсат және оған бақылау талоны рәсімделеді;
төленген соманың сәйкессіздігі кезінде 2 (екі) сағат ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартылуы туралы дәлелді жауап рәсімделеді;
көрсетілетін қызметті алушыға хабарланған күннен 10 (он) жұмыс күн ішінде алымдардың сомаларын төленгенін растайтын құжаттарының жоқтығы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап рәсімделеді;
5) 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру;
2-көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

5) 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.02.2016 № 230 және ҚР Қаржы министрінің 04.03.2016 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдар) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылдар) орындауды бастау үшін негіз болады 1-көрсетілетін қызметті беруші жүгінген кезде:
1) отандық көрсетілетін қызметті алушы үшін:
электрондық өтінішті ақпараттық жүйеде тіркеу;
ұсынылған құжаттарды қарастыру;
мемлекеттік қызметті көрсетудің аралық нәтижесін жіберу;
алым сомасын төлегенін растайтын құжаттарды тексеру;
мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдеу;
арнайы рұқсатты және оған бақылау талонын Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы беру.
2) шетелдік көрсетілетін қызметті алушы үшін:
көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркеу;
ұсынылған құжаттарды қарастыру;
мемлекеттік қызметті көрсетудің аралық нәтижесін жіберу;
алым сомасын төлегенін растайтын құжаттарды тексеру;
мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдеу;
мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдар) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылдар) орындауды бастау үшін негіз болады 2-көрсетілетін қызметті беруші жүгінген кезде:
көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркеу;
ұсынылған құжаттарды қарастыру;
мемлекеттік қызметті көрсетудің аралық нәтижесін жіберу;
алым сомасын төлегенін растайтын құжаттарды тексеру;
мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдеу;
мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.02.2016 № 230 және ҚР Қаржы министрінің 04.03.2016 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1-көрсетілетін қызметті беруші жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы.
2-көрсетілетін қызметті беруші жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелігінің сипаттамасы:
1-көрсетілетін қызметті беруші жүгінген кезде:
отандық көрсетілетін қызметті алушы үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын ақпараттық жүйеге автоматты түрде тіркеу;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен ұсынылған құжаттардың Қағидаларымен белгіленген талаптарына сәйкестігін қарау - 2 (екі) жұмыс күн;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің аралық нәтижесін жіберу - 1 (бір) жұмыс күн:
Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздердің жоқтығы кезінде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуіне алым сомасын төлеу үшін хабарлама жіберіледі;
Стандарттың 10-тармағында ұсынылған негіздердің болған кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартылуы туралы дәлелді жауап жіберіледі;
4) алым сомасының төленгенін растайтын құжаттардың тексеруі - 4 (төрт) сағат:
төленген соманың сәйкестігі кезінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы қолы қойылған арнайы рұқсат және оған бақылау талоны рәсімделеді - 2 (екі) сағат;
төленген соманың сәйкессіздігі кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартылуы туралы дәлелді жауап электрондық түрде рәсімделеді - 2 (екі) сағат;
көрсетілетін қызметті алушыға хабарланған күннен 10 (он) жұмыс күн ішінде алымдардың сомаларын төленгенін растайтын құжаттарының жоқтығы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап рәсімделеді - 2 (екі) сағат;
5) арнайы рұқсат және оған бақылау талоны курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға жолдау - 2 (екі) сағат;
шетелдік көрсетілетін қызметті алушы үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеу - 1 (бір) сағат;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен ұсынылған құжаттардың Қағидаларымен белгіленген талаптарына сәйкестігін қарау - 2 (екі) жұмыс күн;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің аралық нәтижесін жіберу - 1 (бір) жұмыс күн:
Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздердің жоқтығы кезінде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуіне алым сомасын төлеу үшін хабарлама жіберіледі;
Стандарттың 10-тармағында ұсынылған негіздердің болған кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартылуы туралы дәлелді жауап жіберіледі;
4) алым сомасының төленгенін растайтын құжаттардың тексеруі - 4 (төрт) сағат:
төленген соманың сәйкестігі кезінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы қолы қойылған арнайы рұқсат және оған бақылау талоны рәсімделеді - 2 (екі) сағат;
төленген соманың сәйкессіздігі кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартылуы туралы дәлелді жауап рәсімделеді - 2 (екі) сағат;
көрсетілетін қызметті алушыға хабарланған күннен 10 (он) жұмыс күн ішінде алымдардың сомаларын төленгенін растайтын құжаттарының жоқтығы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап рәсімделеді - 2 (екі) сағат;
5) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру - 2 (екі) сағат;

5) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру - 2 (екі) сағат.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.02.2016 № 230 және ҚР Қаржы министрінің 04.03.2016 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен. 4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде Мемлекеттік
корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ ақпараттық
жүйені пайдалану тәртібін сипаттау
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.02.2016 № 230 және ҚР Қаржы министрінің 04.03.2016 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
9. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен өзге де құжаттарын Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) портал көрсетілетін қызметті берушіге өтініш беру тәртібінің сипаттамасы қызмет көрсету барысындағы функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграмма, портал арқылы № 2 диаграммада осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес келтірілген.";
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде рәсімдерінің (іс-қимылдарының) дәйектілігі мен ұзақтығы:
Мемлекеттік корпорация арқылы:
1-үдеріс – өтінішті және құжаттарды қабылдау;
1-шарт – ұсынылған құжаттарын тексеру;
2-үдеріс – өтінішті қабылдаудан бас тарту;
3-үдеріс – өтінішті тіркейуі және ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жіберу;
2-шарт – көрсетілетін қызметті берушімен ұсынылған құжаттардың белгілеген талаптарға сәйкестігін тексеру;
4-үдеріс – мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ақпараттық жүйелер арқылы жіберуі;
5-үдеріс – автокөлік құралдарының жүріп өтуіне алым сомасын төлеу үшін хабарлама жіберу;
6-үдеріс – алым сомасының төленгенін растайтын құжаттардың қабылдау;
3-шарт – алым сомасының төленгенін растайтын құжаттардың тексеру;
7-үдеріс – мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ақпараттық жүйелер арқылы жіберу;
8-үдеріс – арнайы рұқсат және оған бақылау талоны курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға жіберу.
портал арқылы:
1 үдеріс – көрсетiлетін қызметті алушының Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, оның құрылымы мен форматты талаптарды ескере отырып (деректерді енгізу), көрсетiлетін қызметті алушының тіркеу куәліктерін алуға электрондық сұрау салудың нысанын толтыруы;
2 үдеріс – көрсетiлетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды ЭҮШ арқылы жіберу;
1 шарт – көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердің болуын тексеру;
3 үдеріс – көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердің жо болуына байланысты деректерді алу мүмкінсіздігі себепті сұрау салынып отырған қызметті көрсетуден бас тарту;
4 үдеріс – электрондық сұрау салуды Ақпараттық жүйеде тіркеу;
2 шарт – Көрсетілетін қызметті беруші жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының тұлғасын тексеруі (сәйкестендіруі) және өтінішті сәйкестігіне тексеруі;
5 үдеріс – көрсетiлетін қызметті алушыға Көрсетiлетін қызметті берушіге жіберу үшін оның электрондық пошта мекенжайына бірегей нөмірі көрсетілген өтініш келіп түседі;
6 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы құжаттар қоса берілген бірегей нөмірі бар өтінішті Көрсетілетін қызметті берушіге жібереді;
7 үдеріс – 2 шартта орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту;
3 шарт – ақпараттық жүйе Көрсетілетін қызметті беруші жауапты орындаушысының ЭЦҚ куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын тексеруді жүзеге асырады;
8 үдеріс – Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өзінің ЭЦҚ куәландыру арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын растайды және оны Ақпараттық жүйеге жібереді;
9 үдеріс – 3 шартта орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту;
10 үдеріс – куәлікті беру және көрсетілетін қызметті алушыға оның электрондық пошта мекенжайына куәліктің дайын болғаны туралы хабарлама жіберу;
4 шарт – ақпараттық жүйе көрсетілетін қызметті беруші жауапты орындаушысының ЭЦҚ куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын тексеруді жүзеге асырады;
11-процесс – порталда электрондық құжатты тіркеу;
12-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ұйымдастырылған қызмет қорытындысын алу. Электронды құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қолдану арқылы жасалынады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.02.2016 № 230 және ҚР Қаржы министрінің 04.03.2016 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік корпорация арқылы электронды қызмет көрсетуде
функционалды өзара әрекеттесу № 1 диаграммасы
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.02.2016 № 230 және ҚР Қаржы министрінің 04.03.2016 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Портал арқылы электронды қызмет көрсетуде функционалды өзара
әрекеттесу № 2 диаграммасы
Шартты белгілер:
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің
анықтамалығы "Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр
салмақты және (немесе) iрi көлемді көлік құралдарының
(шетелдiктердi қоса алғанда) жүріп өтуі үшін арнайы
рұқсат беру"
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.02.2016 № 230 және ҚР Қаржы министрінің 04.03.2016 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.