"Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлік құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүріп өтуі үшін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 672 және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 739 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 25 ақпандағы № 230 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 103 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 11 сәуірде № 13585 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 7 қазандағы № 518 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 992 бірлескен бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 07.10.2020 № 518 және ҚР Қаржы министрінің 12.10.2020 № 992 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңына 43-1 бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлік құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүріп өтуі үшін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 672 және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 739 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13029 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлік құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүріп өтуі үшін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне:

      5,6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1-көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

      отандық көрсетілетін қызметті алушы үшін:

      1) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын ақпараттық жүйеге автоматты түрде тіркеу;

      2) 2 (екі) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен ұсынылған құжаттардың 2015 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің № 206 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11395 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларымен (бұдан әрі – Қағидалар) белгіленген талаптарына сәйкестігін қарау;

      3) 1 (бір) жұмыс күн ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің аралық нәтижесін жіберу:

      Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздердің жоқтығы кезінде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуіне алым сомасын төлеу үшін хабарлама жіберіледі;

      Стандарттың 10-тармағында ұсынылған негіздердің болған кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартылуы туралы дәлелді жауап жіберіледі;

      4) 4 (төрт) сағат ішінде алым сомасының төленгенін растайтын құжаттардың тексеруі:

      төленген соманың сәйкестігі кезінде 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы қолы қойылған арнайы рұқсат және оған бақылау талоны рәсімделеді;

      төленген соманың сәйкессіздігі кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартылуы туралы дәлелді жауап электрондық түрде рәсімделеді;

      көрсетілетін қызметті алушыға хабарланған күннен 10 (он) жұмыс күн ішінде алымдардың сомаларын төленгенін растайтын құжаттарының жоқтығы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап рәсімделеді;

      5) 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:

      арнайы рұқсат және оған бақылау талоны курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартылуы туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне электрондық түрде;

      шетелдік көрсетілетін қызметті алушы үшін:

      1) 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеу;

      2) 2 (екі) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен ұсынылған құжаттардың Қағидаларымен белгіленген талаптарына сәйкестігін қарау;

      3) 1 (бір) жұмыс күн ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің аралық нәтижесін жіберу:

      Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздердің жоқтығы кезінде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуіне алым сомасын төлеу үшін хабарлама жіберіледі;

      Стандарттың 10-тармағында ұсынылған негіздердің болған кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартылуы туралы дәлелді жауап жіберіледі;

      4) 4 (төрт) сағат ішінде алым сомасының төленгенін растайтын құжаттардың тексеруі:

      төленген соманың сәйкестігі кезінде 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы қолы қойылған арнайы рұқсат және оған бақылау талоны рәсімделеді;

      төленген соманың сәйкессіздігі кезінде 2 (екі) сағат ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартылуы туралы дәлелді жауап рәсімделеді;

      көрсетілетін қызметті алушыға хабарланған күннен 10 (он) жұмыс күн ішінде алымдардың сомаларын төленгенін растайтын құжаттарының жоқтығы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап рәсімделеді;

      5) 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру;

      2-көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

      5) 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдар) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылдар) орындауды бастау үшін негіз болады 1-көрсетілетін қызметті беруші жүгінген кезде:

      1) отандық көрсетілетін қызметті алушы үшін:

      электрондық өтінішті ақпараттық жүйеде тіркеу;

      ұсынылған құжаттарды қарастыру;

      мемлекеттік қызметті көрсетудің аралық нәтижесін жіберу;

      алым сомасын төлегенін растайтын құжаттарды тексеру;

      мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдеу;

      арнайы рұқсатты және оған бақылау талонын Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы беру.

      2) шетелдік көрсетілетін қызметті алушы үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркеу;

      ұсынылған құжаттарды қарастыру;

      мемлекеттік қызметті көрсетудің аралық нәтижесін жіберу;

      алым сомасын төлегенін растайтын құжаттарды тексеру;

      мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдеу;

      мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру.

      Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдар) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылдар) орындауды бастау үшін негіз болады 2-көрсетілетін қызметті беруші жүгінген кезде:

      көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркеу;

      ұсынылған құжаттарды қарастыру;

      мемлекеттік қызметті көрсетудің аралық нәтижесін жіберу;

      алым сомасын төлегенін растайтын құжаттарды тексеру;

      мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдеу;

      мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру.";

      8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелігінің сипаттамасы:

      1-көрсетілетін қызметті беруші жүгінген кезде:

      отандық көрсетілетін қызметті алушы үшін:

      1) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын ақпараттық жүйеге автоматты түрде тіркеу;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен ұсынылған құжаттардың Қағидаларымен белгіленген талаптарына сәйкестігін қарау - 2 (екі) жұмыс күн;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің аралық нәтижесін жіберу - 1 (бір) жұмыс күн:

      Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздердің жоқтығы кезінде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуіне алым сомасын төлеу үшін хабарлама жіберіледі;

      Стандарттың 10-тармағында ұсынылған негіздердің болған кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартылуы туралы дәлелді жауап жіберіледі;

      4) алым сомасының төленгенін растайтын құжаттардың тексеруі - 4 (төрт) сағат:

      төленген соманың сәйкестігі кезінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы қолы қойылған арнайы рұқсат және оған бақылау талоны рәсімделеді - 2 (екі) сағат;

      төленген соманың сәйкессіздігі кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартылуы туралы дәлелді жауап электрондық түрде рәсімделеді - 2 (екі) сағат;

      көрсетілетін қызметті алушыға хабарланған күннен 10 (он) жұмыс күн ішінде алымдардың сомаларын төленгенін растайтын құжаттарының жоқтығы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап рәсімделеді - 2 (екі) сағат;

      5) арнайы рұқсат және оған бақылау талоны курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға жолдау - 2 (екі) сағат;

      шетелдік көрсетілетін қызметті алушы үшін:

      1) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеу - 1 (бір) сағат;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен ұсынылған құжаттардың Қағидаларымен белгіленген талаптарына сәйкестігін қарау - 2 (екі) жұмыс күн;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің аралық нәтижесін жіберу - 1 (бір) жұмыс күн:

      Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздердің жоқтығы кезінде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуіне алым сомасын төлеу үшін хабарлама жіберіледі;

      Стандарттың 10-тармағында ұсынылған негіздердің болған кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартылуы туралы дәлелді жауап жіберіледі;

      4) алым сомасының төленгенін растайтын құжаттардың тексеруі - 4 (төрт) сағат:

      төленген соманың сәйкестігі кезінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы қолы қойылған арнайы рұқсат және оған бақылау талоны рәсімделеді - 2 (екі) сағат;

      төленген соманың сәйкессіздігі кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартылуы туралы дәлелді жауап рәсімделеді - 2 (екі) сағат;

      көрсетілетін қызметті алушыға хабарланған күннен 10 (он) жұмыс күн ішінде алымдардың сомаларын төленгенін растайтын құжаттарының жоқтығы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап рәсімделеді - 2 (екі) сағат;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру - 2 (екі) сағат;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру - 2 (екі) сағат.";

      4-тарау келесі редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ ақпараттық жүйені пайдалану тәртібін сипаттау";

      9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен өзге де құжаттарын Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) портал көрсетілетін қызметті берушіге өтініш беру тәртібінің сипаттамасы қызмет көрсету барысындағы функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграмма, портал арқылы № 2 диаграммада осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес келтірілген.";

      Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде рәсімдерінің (іс-қимылдарының) дәйектілігі мен ұзақтығы:

      Мемлекеттік корпорация арқылы:

      1-үдеріс – өтінішті және құжаттарды қабылдау;

      1-шарт – ұсынылған құжаттарын тексеру;

      2-үдеріс – өтінішті қабылдаудан бас тарту;

      3-үдеріс – өтінішті тіркейуі және ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жіберу;

      2-шарт – көрсетілетін қызметті берушімен ұсынылған құжаттардың белгілеген талаптарға сәйкестігін тексеру;

      4-үдеріс – мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ақпараттық жүйелер арқылы жіберуі;

      5-үдеріс – автокөлік құралдарының жүріп өтуіне алым сомасын төлеу үшін хабарлама жіберу;

      6-үдеріс – алым сомасының төленгенін растайтын құжаттардың қабылдау;

      3-шарт – алым сомасының төленгенін растайтын құжаттардың тексеру;

      7-үдеріс – мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ақпараттық жүйелер арқылы жіберу;

      8-үдеріс – арнайы рұқсат және оған бақылау талоны курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға жіберу.

      портал арқылы:

      1 үдеріс – көрсетiлетін қызметті алушының Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, оның құрылымы мен форматты талаптарды ескере отырып (деректерді енгізу), көрсетiлетін қызметті алушының тіркеу куәліктерін алуға электрондық сұрау салудың нысанын толтыруы;

      2 үдеріс – көрсетiлетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды ЭҮШ арқылы жіберу;

      1 шарт – көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердің болуын тексеру;

      3 үдеріс – көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердің жо болуына байланысты деректерді алу мүмкінсіздігі себепті сұрау салынып отырған қызметті көрсетуден бас тарту;

      4 үдеріс – электрондық сұрау салуды Ақпараттық жүйеде тіркеу;

      2 шарт – Көрсетілетін қызметті беруші жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының тұлғасын тексеруі (сәйкестендіруі) және өтінішті сәйкестігіне тексеруі;

      5 үдеріс – көрсетiлетін қызметті алушыға Көрсетiлетін қызметті берушіге жіберу үшін оның электрондық пошта мекенжайына бірегей нөмірі көрсетілген өтініш келіп түседі;

      6 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы құжаттар қоса берілген бірегей нөмірі бар өтінішті Көрсетілетін қызметті берушіге жібереді;

      7 үдеріс – 2 шартта орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту;

      3 шарт – ақпараттық жүйе Көрсетілетін қызметті беруші жауапты орындаушысының ЭЦҚ куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын тексеруді жүзеге асырады;

      8 үдеріс – Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өзінің ЭЦҚ куәландыру арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын растайды және оны Ақпараттық жүйеге жібереді;

      9 үдеріс – 3 шартта орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту;

      10 үдеріс – куәлікті беру және көрсетілетін қызметті алушыға оның электрондық пошта мекенжайына куәліктің дайын болғаны туралы хабарлама жіберу;

      4 шарт – ақпараттық жүйе көрсетілетін қызметті беруші жауапты орындаушысының ЭЦҚ куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын тексеруді жүзеге асырады;

      11-процесс – порталда электрондық құжатты тіркеу;

      12-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ұйымдастырылған қызмет қорытындысын алу. Электронды құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қолдану арқылы жасалынады.";

      1, 2-қосымшалар осы бұйрықтың 1, 2-қосымшаларына сәйкес жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін жұмыс бес күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электронды түрде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алаған күннен бастап жұмыс бес күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушы
_____________ Ж. Қасымбек

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________ Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
2016 жылғы 25 ақпандағы № 230 және
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2016 жылғы 4 наурыздағы № 103
бірлескен бұйрығына 1-қосымша
  "Қазақстан Республикасының аумағы
арқылы ауыр салмақты және (немесе)
iрi көлемді көлiк құралдарының
(шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп
өтуі үшін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік корпорация арқылы электронды қызмет көрсетуде
функционалды өзара әрекеттесу № 1 диаграммасы

Портал арқылы электронды қызмет көрсетуде функционалды өзара
әрекеттесу № 2 диаграммасы

      Шартты белгілер:

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
2016 жылғы 25 ақпандағы № 230 және
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2016 жылғы 4 наурыздағы № 103
бірлескен бұйрығына 2-қосымша
  "Қазақстан Республикасының аумағы
арқылы ауыр салмақты және (немесе)
iрi көлемді көлiк құралдарының
(шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп
өтуі үшін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің
анықтамалығы "Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр
салмақты және (немесе) iрi көлемді көлік құралдарының
(шетелдiктердi қоса алғанда) жүріп өтуі үшін арнайы
рұқсат беру"

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады