"Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1046 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 17 ақпанда № 13103 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 қарашадағы № ҚР ДСМ-180/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.11.2020 № ҚР ДСМ-180/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Дәрігердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес "Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;

      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;

      10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;

      11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;

      12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес "Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру және қайтарып алуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты бекітілсін.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 12-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он күннің ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және


әлеуметтік даму министрі

Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________Е. Досаев

      2016 жылғы 18 қаңтар



  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1046 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 272 бұйрығына
12-қосымша

"Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның
тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу
мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім
беру немесе қайтарып алуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру немесе қайтарып алуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижесін беру мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 3 (үш) жұмыс күні;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беруді тіркеу туралы анықтама не осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беруді тіркеуден бас тарту туралы анықтама;

      2) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісімді қайтарып алуды тіркеу туралы анықтама.

      7. Жеке тұлғаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін үзіліссіз сенбі күні – сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар:

      қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 4 немесе 5- қосымшаларға сәйкес өтініш.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайға не 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, № 5-кіреберіс мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына шағым беріледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) көрсетіле отырып, шағымның тіркелуі, көрсетілетін қызметті берушінің, немесе Министрліктің кеңесінде оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмысы күні ішінде қаралуға жатады. Көрсетілетін қызметті берушіге шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметі көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілген қызметті алушы заңнамамен белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері
ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында мүмкіндігі шектелген көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар (пандустар мен лифтер) көзделген.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" бөлімінде, сондай -ақ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының интернет-ресурсында орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары арқылы алуға құқығы бар.

      15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары Министрліктің www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Транспланттау мақсатында
азаматтан қайтыс болғаннан кейін
оның тіндерін және (немесе) ағзаларын
(ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі
туралы көзі тірісінде еркін көңіл
білдіруіне келісім беру немесе қайтарып
алуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

      Нысан

Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін
оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін)
алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл
білдіруіне келісім беру туралы
анықтама

      Құрметті ______________________________________________________

      Сіздің транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейін тіндерді

      (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) көзі

      тірісінде еркін көңіл білдіру келісіміңіз тіркелді.

      Тіркелген күні: 20____жылғы "___" ____________

      МСАК ұйымы басшысының

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) __________________

      қолы____________

      МСАК ұйымының мөрі

  "Транспланттау мақсатында
азаматтан қайтыс болғаннан кейін
оның тіндерін және (немесе) ағзаларын
(ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі
туралы көзі тірісінде еркін көңіл
білдіруіне келісім беру немесе қайтарып
алуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

      Нысан

Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның
тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу
мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіру
келісіміңізді тіркеуден бас тарту туралы
анықтама

      Құрметті ______________________________________________________

      Сізге транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейін тіндерді

      тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу

      мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіру келісіміңізді

      тіркеуден бас тартылды.

      Бас тарту себебі ______________________________________________

      (қарсы көрсетілімдерінің болуы (АИТВ/ЖИТС, В және С

      гепатиттері, психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, алкогольдік

      және (немесе) есірткілік тәуелділік).

      Тіркелген күні: 20____жылғы "___" ____________

      МСАК ұйымы басшысының

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) __________________

      қолы____________

      МСАК ұйымының мөрі

  "Транспланттау мақсатында
азаматтан қайтыс болғаннан кейін
оның тіндерін және (немесе) ағзаларын
(ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі
туралы көзі тірісінде еркін көңіл
білдіруіне келісім беру немесе қайтарып
алуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша

      Нысан

Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның
тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу
мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім
беруді қайтарып алуды тіркеу туралы
анықтама

      Құрметті ______________________________________________________

      Сізге транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейін тіндерді

      (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу

      мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісімді

      қайтарып алу тіркелді.

      Тіркелген күні: 20____жылғы "___" ____________

      МСАК ұйымы басшысының

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) __________________

      қолы ____________

      МСАК ұйымының мөрі

  "Транспланттау мақсатында
азаматтан қайтыс болғаннан кейін
оның тіндерін және (немесе) ағзаларын
(ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі
туралы көзі тірісінде еркін көңіл
білдіруіне келісім беру немесе қайтарып
алуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша

      Нысан

Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның
тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу
мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім
беру қайтарып алуды тіркеу үшін
өтініш

      Мен, __________________________________________________________

      (адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Туған күні 19___жылғы ___________ "____"

      ЖСН ___________________________________________________________

      (жеке басын куәландыратын құжат: №, кім және қашан берген)

      Мен транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейін тіндерді

      (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу

      мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне бұрын

      берілген келісімімді қайтарып аламын.

      Менің жеке деректерімді енгізуге, жинауға, өңдеуге және

      сақтауға келісім беремін.

      ___________________________________________________ /_________/

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

      20__ жылғы "___" _____________

      қол қойылған күн

  "Транспланттау мақсатында
азаматтан қайтыс болғаннан кейін
оның тіндерін және (немесе) ағзаларын
(ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі
туралы көзі тірісінде еркін көңіл
білдіруіне келісім беру немесе қайтарып
алуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
5-қосымша

      Нысан

Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның
тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу
мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне
келісім беруді тіркеу үшін
өтініш

      Мен, __________________________________________________________

      тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Туған күні 19___ жылғы __________________ "_______"

      ЖСН__________________________________________________________________

      (жеке басын куәландыратын құжат: №, кім және қашан берген)

      Өзіңізге ыңғайлы нұсқалардың бірін таңдаңыз:


1. Мен транспланттау үшін менің қайтыс болғаным туралы факті

      белгіленген жағдайда менің кез келген ішкі ағзаларым мен тіндерімді

      алуға болатынын растаймын.


2. Мыналардан басқа барлық ағзаларды алуға болады

      _____________________________________________________________________


3. Тек қана _________________________________________ алуға болады

      Менің жеке деректерімді енгізуге, жинауға, өңдеуге және

      сақтауға келісім беремін.

      __________________________________________ /_________/

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

      20 __ жылғы "___" _____________

      қол қойылған күн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады