Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 11 қарашадағы № 1063 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 19 ақпанда № 13138 болып тіркелді.

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Министрінің кейбір бұйрықтарына мындай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 49 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10407 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасында қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді Алматы, Павлодар, Өскемен және Теміртау қалаларының жергілікті атқарушы органдары жүргізеді (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар).";

      6-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті жергілікті атқарушы органдар өтініш берілген күннен бастап сегіз жұмыс күнінде қарайды.

      Қаралған өтініштердің қортындылары бойынша жергілікті атқарушы органдар қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті береді не қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын тіркеуден бас тартады.";

      15-тармақ алынып тасталсын;

      2) Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.10.2020 № 514 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.10.2020 № 514 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың

      2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _________________ Е. Досаев

      2016 жылғы 21 қаңтар



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады