Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 20.07.2017 № 166/21-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 5 мамырдағы Заңына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 28/6-III шешiмiне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 5 мамырда № 326 болып тіркелген, "Астана хабары" газетінің 2004 жылғы 15 мамырдағы 62-63 - нөмірінде, "Вечерняя Астана" газетінің 2004 жылғы 22 мамырдағы 63-64 - нөмірінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидаларында:
"Ақылы автотұрақтарды және гараж кооперативтерін орнату және абаттандыру" деген 8-тарау алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы | А. Ким |
Астана қаласы | |
мәслихатының хатшысы | С. Есілов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Астана қаласы Сәулет және | |
қала құрылысы басқармасы" | |
(СҚҚБ) ММ басшысы | В. Силецкий |
"Астана қаласының | |
Құрылыс басқармасы" (ҚБ) | |
ММ басшысының м.а. | Е. Айтуғанов |