Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 20.07.2017 № 170/21-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 521/75-ІV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 30 желтоқсанда 707 нөмірмен тіркелген, 2012 жылғы 7 қаңтарда № 2 "Астана ақшамы", 2012 жылғы 7 қаңтарда № 2 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) "Қалқанша безінің медуллярлы ісігі" ауруына дәрілер, "Вандетаниб" препараты".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | Қ. Құлмұқанов |
Астана қаласы | |
мәслихатының хатшысы | С. Есілов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Астана қаласының
Денсаулық сақтау
басқармасы" (ДБ) мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Э. Байжүнісов