Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 28.02.2018 № 06-400 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі, " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, " Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту: Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 10.05.2017 № 113-900 қаулысымен.1. "Астана қаласының Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 113-319 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 20 наурыздағы № 890 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 наурыздағы № 31 (3236) "Астана ақшамы" және 2015 жылғы 21 наурыздағы № 1 (3254) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Астана қаласының Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
1-тармақтағы "коммуналдық мүлікті жеке және заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз), өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға беру бойынша функциялардан басқа," және "Астана қаласының коммуналдық мүлкіне ие болуға, оны пайдалануға және иелік етуге уәкілетті" деген сөздер алынып тасталсын;
14-тармақтағы "Астана қаласының коммуналдық мүлкін басқару" деген сөз алынып тасталсын;
15-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
16-тармақтың 26) тармақшасы алынып тасталсын;
16-тармақтың 27) тармақшасы алынып тасталсын;
16-тармақтың 28) тармақшасы алынып тасталсын;
16-тармақтың 29) тармақшасы алынып тасталсын;
16-тармақтың 30) тармақшасы алынып тасталсын;
16-тармақтың 31) тармақшасы алынып тасталсын;
16-тармақтың 32) тармақшасы алынып тасталсын;
16-тармақтың 33) тармақшасы алынып тасталсын;
16-тармақтың 34) тармақшасы алынып тасталсын;
16-тармақтың 35) тармақшасы алынып тасталсын;
16-тармақтың 36) тармақшасы алынып тасталсын;
17-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
2. "Астана қаласының Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны кейіннен ресми және мерзімді баспасы басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.И. Лукинге жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі | Ә. Жақсыбеков |