"Астана қаласының Тұрғын үй инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 09-348 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылы 1 сәуірде № 893 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 06-400 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 28.02.2018 № 06-400 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 желтоқсандағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астана қаласының Тұрғын үй инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Астана қаласының Тұрғын үй инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ.Қ. Айтмұхаметовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Әкім

Ә. Жақсыбеков


  Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 10 наурыздағы
№ 09-348 қаулысына
қосымша

"Астана қаласының Тұрғын үй инспекциясы басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Астана қаласының Тұрғын үй инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Астана қаласының аумағындағы тұрғын үй қорын басқару саласында мемлекеттік бақылауды оған берілген өкілеттілігі шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Газ және газбен қамтамасыз ету туралы", "Азаматтық қорғау туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Басқармаға егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқытық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарманың кұрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Сарыарқа" ауданы, Желтоқсан көшесі, № 43.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Астана қаласының Тұрғын үй инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Басқарма қызметін қаржыландыру Астана қаласының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.

      13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      14. Басқарманың миссиясы: тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылауды іске асыру, газбен қамту, газды тұтыну жүйелері саласында, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінде қазандық қондырғыларын жабдықтауда, коммуналдық-тұрмыстық тағайындалымды объектілерде (тұрғын үй қоры) жинақталған көтеруші құрылғыларды (лифттер, эскалаторлар, фуникулерлер) қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын қадағалау.

      15. Міндеттері:

      1) тұрғын үй қатынастары саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

      2) гендерлік отбасы-демографиялық саясатты жүзеге асыру;

      3) қызметкерлерді жұмысқа қабылдағанда және қызмет бабында жоғарылату кезінде гендерлік теңгерімнің нормаларын сақтау;

      4) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңының нормаларын сақтау.

      16. Функциялары:

      1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру;

      2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін, кезеңділігін, кезектілігін айқындау;

      3) кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстардың сметасын келісу;

      4) кондоминиумның ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;

      5) газды тарату мен газды пайдаланудың құрылысы аяқталған және жаңғыртылған жүйелерін, көтеруші құрылғыларды (лифттер, эскалаторлар, фуникулерлер), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінде қазандық қондырғыларының жабдықтарын Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестілігіне қабылдау жөніндегі жұмыс және мемлекеттік комиссиялардың жұмысына қатысу;

      6) тұрғын үй қорын басқару саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      7) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газды пайдалану жүйелерін және газ жабдықтарын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінде және көтеруші құрылғыларда (лифттер, эскалаторлар, фуникулерлер) қазандық қондырғыларын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      8) тексерудің жоспарларын "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірлеу және бекіту;

      9) кондоминиум объектісінің үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелері өтінішпен жүгінгенде кондоминиум объектісін басқару бойынша есептің болуына тексеруді жүргізу;

      10) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерi кондоминиум құрылған күнінен бастап бір ай мерзімде жалпы жиналыста кондоминиум объектiсiн басқару нысаны туралы мәселе шешілмеген жағдайда тұрғын үй инспекциясы тұрғын үй (тұрғын ғимарат) пайдалануға берілген кезде үш ай мерзімге кондоминиум объектісін басқару органының функцияларын жүзеге асырушы қызмет көрсететін ұйымды айқындау;

      11) азаматтарды қабылдауға, азаматтардың хаттары мен арыздарын өз құзыреті шегінде қарауға;

      12) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Газ және газбен қамтамасыз ету туралы", "Азаматтық қорғау туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен белгіленген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      1) тексеру жүргізген уақытта қызметтік куәлігін көрсеткен кезде тексерілетін объектіге баруға;

      2) тексеру жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратуға, тексеру нысанына жататын құжаттардың түпнұсқаларымен танысуға;

      3) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексеру жүргізуге;

      4) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін объектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;

      5) тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге;

      6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау тәртібінің бұзушылығы, газды тарату және газды тұтыну жүйелерін, көтеруші құрылғыларды (лифттер, эскалаторлар, фуникулерлар) қауіпсіз пайдалану ережелері мен техникалық регламенттердің бұзушылығы жөнінде актілер жасауға, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін істен шыққан техникалық құрылғының бұзылуын жойғанға дейін, бұл өндірісті уақытша тоқтатумен, тоқтатып тастауға байланысты жағдайларды қоспағанда, техникалық құрылғыларды пайдалануға тыйым салуға;

      7) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау, өнеркәсіп қауіпсіздігі ережелерінің бұзушылықтарын, қауіпті өндірістік объектілерде технологиялық жобалау нормаларының бұзушылығын, жабдықтарды жасау мен монтаждаудан кейін пайдалану кезінде қауіпсіздік деңгейін төмендететін кемшіліктерді жою бойынша орындалуы міндетті нұсқаманы шығаруға; өткізілген тексерудің нәтижесінде айқындалған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама талаптарын орындамаған жағдайда нұсқама талаптарын мәжбүрлі орындау немесе жеке және заңды тұлғаның қызметін уақытша тоқтату, тыйым салу, ішінара немесе толықтай тоқтату туралы талап ету арызын дайындап, беруге;

      8) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және олар туралы істерді қарау;

      9) бекітілген кәсіби біліктілік талаптарға сәйкес кооперативтердің төрағалары лауазымына кандидатураларды және өзге сұрақтарды пәтер (үй-жай) иелерінің ортақ жиналысына ұсыну;

      10) сотта талапкер және жауапкер болуға;

      11) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Газ және газбен қамтамасыз ету туралы", "Азаматтық қорғау туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен белгіленген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыруға.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      19. Басқарма басшысы Астана қаласы әкімінің өкіміне сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      20. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      21. Басқарма басшысының өкілеттігі:

      1) Басқарманың бөлім басшылары мен құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен өкілеттіктерін, жауапкершілік дәрежелерін белгілейді;

      2) Басқарма қызметкерлері Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларының нормаларын сақтамағаны үшін жауапты болады;

      3) Басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      4) Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

      5) өз құзыреті шегінде Басқарманың қызметкерлеріне орындалуы міндетті бұйрықтар шығарады;

      6) құқықтық актілердің және Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқа да құжаттардың әзірленуіне бақылау жүргізеді;

      7) тұрғын үй қоры саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуына бақылауды жүзеге асырады, оның бұзылғаны туралы фактілерді қарайды және өз құзыреті шегінде олар бойынша шешімдер қабылдайды;

      8) өз құзыреті шегінде Басқарманы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және ұйымдарда ұсынады;

      9) Басқарма бөлімдері туралы ережені және қызметкерлердің лауазымдық нұсқауларын бекітеді.

      Басқарманың басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкілеттігін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.

4. Басқарманың мүлкі

      23. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару кұқығында оқшауланған мүлікке ие болуы мүмкін.

      Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге кұқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады