"Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 110-995 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 110-399 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 сәуірде № 898 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 06-400 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 28.02.2018 № 06-400 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 17.08.2017 № 110-1675 қаулысымен.

      1. "Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 110-995 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 23 шілдеде № 823 болып тіркелген, 2014 жылғы 31 шілдедегі № 84 (3141) "Астана ақшамы" және 2014 жылғы 31 шілдедегі № 83 (3159) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулының преамбуласындағы:

      "2001 жылғы 30 қаңтардағы" деген сандар мен сөздер "2014 жылғы 5 шілдедегі" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      5-бөлімнің 25-тармағындағы "Басқарманың қарамағындағы ұйым: "Руханият" орталығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. "Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленетін интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Әкім

Ә. Жақсыбеков


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады