Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 110-1675 қаулысы. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 6 наурыздағы № 06-433 қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 06.03.2018 № 06-433 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 110-995 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 823 болып тіркелген, 2014 жылғы 31 шілдедегі № 84 (3141) "Астана ақшамы" және 2014 жылғы 31 шілдедегі № 83 (3159) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған):

      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      8) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) ақпараттық және жарнамалық рәсімдеудің эскиздік жобасы мәтіндерінің тіл туралы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкестігіне келісім беру;";

      "11) орталық атқарушы органдар аумақтық бөлімшелерінің тіл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;";

      21-тармақта:

      10) тармақша алынып тасталсын.

      2) "Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 110-995 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 110-399 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 898 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 46 (3251) "Астана ақшамы" және 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 46 (3269) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      2. "Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулының көшірмесін мерзiмдi баспа басылымдарында ресми жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жазба және электрондық түрде жолдау және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Астана қаласының әкімі Ә. Исекешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады