"Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № А-4/127 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 5 мамырда № 4782 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № А-6/219 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.05.2016 № А-6/219 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
      2. "Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.З.Әділбековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі С.Кулагин

  Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ А-4/127 қаулысымен
бекітілді

"Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі еңбек қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Ақан сері көшесі, 111 "А" үй.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы: "Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшылық құжаты болып табылады.
      11. "Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары
мен міндеттемелері

      13. Миссиясы: еңбек қатынастарын реттеу, соның ішінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      14. Міндеттері:
      еңбек, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы бақылау;
      ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету.
      15. Функциялар:
      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асырады;
      өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептеріне талдау жүргізеді және олардың профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен тергеп-тексереді;
      жұмыс берушілердегі еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізеді;
      өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамына қатысады;
      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды;
      жұмыскерлердің, жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарайды;
      өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингін жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру кестелерін әзiрлейдi және бекiтедi;
      еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбекті қорғау және еңбек қауiпсiздiгі жөніндегі ақпараттық жүйе негізінде кезеңдік есептерді, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау жай-күйі мониторингінің нәтижелерін ұсынады;
      еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша ұжымдық еңбек дауларының мониторингін жүргізеді;
      еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбек қатынастары бойынша қажетті ақпаратты береді;
      жұмыс берушінің қызметін декларациялауды жүзеге асырады.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 29.03.2016 № А-5/139 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      16. "Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттемелері:
      жұмыс берушілерден "Ақмола облысының еңбек испекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды орындауға қажетті құжаттарды, түсініктемелерді, ақпаратты сұратуға және алуға;
      жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар, қорытындылар беруге, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар мен қаулылар толтыруға, әкімшілік жазалар қолдануға;
      "Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
      өндірістегі жазатайым оқиғаларды белгіленген тәртіппен тергеп-тексеруге;
      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қолдану мәселесі бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін уақытылы қарау;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттермен құқықтарды жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылық ету еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның келісімімен, "Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болатын басшы – облыстың бас мемлекеттік еңбек инспекторымен жүзеге асырылады.
      18. "Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы облыс әкімінің өкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      19. "Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары бар.
      Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 29.03.2016 № А-5/139 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      20. Басшының өкілеттігі:
      "Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің штат кестесін мен жұмыс регламентін бекітеді;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін және лауазымға тағайындайды және қызметтен босатады;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік ұйымдарда білдіреді;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен "Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін марапаттау, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
      "Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу бойынша шаралар қолданады және ол үшін жеке жауапкершілік алады;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлға атқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамамен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық мүлікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады