"Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № А-5/216 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 маусымда № 4838 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № А-6/219 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.05.2016 № А-6/219 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.
      2. "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді камтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.З.Әділбековке жүктелсін.
      4. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі С.Кулагин

  Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 20 мамырдағы
№ А-5/216 қаулысымен
бекітілген

"Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 29.03.2016 № А-5/137 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінде осы Ереженің қосымшасында көрсетілген ведомствоға бағынысты ұйымдары бар.
      3. "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
      5. "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      6. "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдерді қабылдайды.
      8. "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, индексі 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, А.С. Пушкин көшесі, 23.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
      13. "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, басты мақсаттары, функциялары, құқықтары
мен мiндеттерi

      14. "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: халықты жұмыспен қамту, арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету, халықтың көші-қон салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
      15. Мақсаты: халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау саласындағы салааралық үйлестіру мен мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      1) облыстың аймағында тұратын нысаналы топтарды жыл сайын айқындау бойынша жұмысына мониторинг жүргізу және үйлестіру, оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шараларды қабылдау;
      2) жұмыссыздарға әлеуметтік қорғауды көрсету бойынша жұмысына мониторинг жүргізу және үйлестіру;
      3) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жұмысына мониторинг жүргізу және үйлестіру;
      4) шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және облыстың аймағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін немесе квотадан тыс ішкі корпоративтік ауыстыру шеңберінде жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға орталық атқарушы органымен белгіленген квотаның шегінде рұқсат беру, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұру және қайтарып алу бойынша жұмысына мониторинг жүргізу және үйлестіру;
      5) орталық атқарушы органымен белгіленетін тәртібінде қиын жұмыстардағы, еңбектің зиянды, қауіп-қатерлі жағдайы жұмыстарындағы жұмыс орындарын есептеусіз жұмыс орынның санынан екі пайыздан төрт пайызға дейінгі көлемінде мүгедектерге жұмыс орындарына квота белгілеу бойынша жұмысына мониторинг жүргізу және үйлестіру;
      6) мүгедектерді жұмысқа орналастыруға әлеуметтік жұмыс орнын құру бойынша жұмысына мониторинг жүргізу және үйлестіру;
      7) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жұмысына мониторинг жүргізу және үйлестіру;
      8) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу бойынша жұмысына мониторинг жүргізу және үйлестіру;
      9) интернаттық ұйымдардың кәмелет жасқа толмаған түлектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу бойынша жұмысына мониторинг жүргізу және үйлестіру;
      10) жастар тәжірибесін ұйымдастыру бойынша жұмысына мониторинг жүргізу және үйлестіру;
      11) еңбек ресурстарына қажеттілікті қалыптастыру, халықты жұмыспен қамтуды ұйымдастыру және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша жұмысына мониторинг жүргізу және үйлестіру;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық нысанында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің құзыреті шегінде мониторинг көрсету;
      13) халықты жұмыспен қамтуға ықпал ететін басқа да іс-шараларды жүзеге асыру;
      14) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердi техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
      15) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердiң және мүгедек-балалардың санаторий-курорттық емделуiн қамтамасыз ету;
      16) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес Ақмола облысының аумағында әлеуметтік оңалтуды ұйымдастыру;
      17) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген мүгедектерге әлеуметтік қолдаудың қосымша шараларын көрсету;
      18) оралман мәртебесін беру туралы шешімді қабылдау;
      19) оралмандарды уақытша орналастыру орталығының қызметін ұйымдастыру;
      20) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөнiнде ұсыныстарды енгізу;
      21) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға оралмандар мен көшіп келушілерді орналастыруға өңірлерге тиісті аймақтарды жатқызу бойынша ұсыныстарды енгiзу;
      22) этникалық қазақтардан оралман мәртебесін беруге қажетті құжаттардың қосымшасымен қоса өтінішті қабылдау;
      23) этникалық қазақтардан оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына қосуға қажетті құжаттардың қосымшасымен қоса өтінішті қабылдау;
      24) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына қосу туралы шешім қабылдау;
      25) оралман куәлігін беру;
      26) көшіп келушілерді қабылдаудың өңірлік квотасына қосуға Қазақстан Республикасының азаматтарынан қажетті құжаттардың қосымшасымен қоса өтінішті қабылдау;
      27) көшіп келушілерді қабылдаудың өңірлік квотасына қосу туралы шешімді қабылдау;
      28) шетелдік қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленетін тізімді, халықтың көші-қоны мәселелері бойынша уәкілетті органымен белгіленген квотаның шегінде Ақмола облысының аумағына жұмысқа орналастыруға рұқсатты беру туралы шешімді қабылдау, сондай-ақ осы рұқсаттарды тоқтату және қайтару;
      29) халықтың көші-қоны мәселелері бойынша уәкілетті органымен белгіленетін тәртібінде отбасыны қайта біріктіру мақсатында шетелде тұратын этникалық қазақтардың санынан туыстарын Қазақстан Республикасына қоныстандыру үшін Қазақстан Республикасының азаматтығына шақыруды қарастыру және куәландыру;
      30) жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара әрекет ету;
      31) арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің мемлекеттік сатып алуын жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;
      32) "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін субъектілерді құру және олардың қызметін қамтамасыз ету;
      33) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
      34) әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
      35) халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiру;
      36) тұрақты күтімге және медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж азаматтарға медициналық-әлеуметтік мекемеге жолдама беру;
      37) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу бойынша жұмысын үйлестіру;
      38) Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның жұмысын ұйымдастыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан басқарманың қызметін іске асыру үшін қажетті құжаттарды, сондай-ақ ақпаратты сұрау және алу;
      Сараптау кеңесінің табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне бағаларының (тарифтерінің) жобаларын талқылау бойынша отырыстарына, бұқаралық тыңдауларға қатысу;
      18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақыларды, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті, тұрғын үй көмегін, үйде оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмекті, "Өрлеу" пилоттық жобасы бойынша айтулы ақшалай көмекті төлеу мониторингін жүзеге асыру;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінде басшылықты "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы облыс әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      20. "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметінен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының өкiлеттiгi:
      1) "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді.
      2) "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін, ведомствоға бағынышты мекемелердің басшыларын заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
      3) "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін, ведомствоға бағынышты мекемелердің басшыларын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен марапаттау, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
      4) "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда ұсынады;
      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша шаралар қолданады және ол үшін дербес жауапкершілік алады;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға атқарады.
      22. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүліктен, сондай-ақ өз қызмет нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық мүлікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесін өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  "Ақмола облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы" мемлекеттік
мекемесі туралы ережеге
қосымша

Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Бұланды ауданы, Макинск қаласы, қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Жарқайың ауданы, Державинск қаласы, қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Еңбекшілдер ауданы, Макинка ауылы, қарттар мен мүгедектерге арналған Макинка медициналық-әлеуметтік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Целиноград ауданы, Малотимофеевка ауылы, қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Шортанды ауданы, Дамса ауылы, қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Көкшетау қаласы, психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Астрахан ауданы, Первомайка ауылы, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Бұланды ауданы, Купчановка ауылы, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Шортанды ауданы, Жолымбет кентінің психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Степногорск қаласы, Шаңтөбе кентінің мүгедектерге арналған оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады