РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № А-1/30 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4631 болып тіркелген, "Акмолинская правда" және "Арқа ажары" газеттерінде 2015 жылғы 12 ақпанда жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген "Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"15. Функциялары:
1) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу;
2) объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялауды жүзеге асыру;
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы белгіленген заңнама нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға көзделген заңнамалық шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдау;
5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау;
6) жобалау құжаттамасының сапасына қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
7) тексерістерді "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асыру;
8) жойылмайтын бұзушылықтарға жол берген, не жол берілген бұзушылықтарды белгіленген нормативтік мерзімде жоймаған заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген шараларды қолдану;
9) объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу.".
2. "Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілетін өзгерістің қоса ұсынылып отырған мәтіні бекітілсін.
3. "Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде енгізілген өзгеріс туралы әділет органдарына хабарлауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д.Н. Нұрмолдинға жүктелсін.
5. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | С.Кулагин |
Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № А-7/309 қаулысымен бекітілген |
"Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілетін өзгерістің мәтін
15-тармақ төмендегі жаңа редакцияда жазылсын:"15. Функциялары: