РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Ақмола облысында жануарларды асырау қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрағасы Ж.Камелиденов
Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы Д.Нұрмолдин
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақмола облысының әкімі С.Кулагин
30.09.2015
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
комитетінің Ақмола облысының
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау жөніндегі
департаментінің басшысы Қ.Баймұхамбетов
30.09.2015
«Ақмола облысының ветеринария
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы Б.Бұлашев
30.09.2015
Ақмола облыстық мәслихатының
2015 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 5С-41-9 шешімімен
бекітілген
Ақмола облысында жануарларды асырау Қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ақмола облысында жануарларды асырау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Ветеринария туралы» (бұдан әрі - Заң) 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Ақмола облысының елді мекендерінде жануарларды асырау тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жануарлар – фаунаға жататын биологиялық объектілер: ауыл шаруашылығы, үй және жабайы жануарлар;
2) жануар иесі – жеке немесе басқа меншігінде жануары бар жеке немесе заңды тұлға;
3) жабайы жануарлар – табиғи тіршілік ету ортасы жабайы табиғат болып табылатын, сонымен қатар еріксіз немесе жартылай бостандықта мекендейтін жануарлар;
4) жануарларды бірдейлендіру – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыр шаруашылығы жануары туралы мәліметтерді енгізе отырып және ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмір беруді қамтитын, жануарларды есепке алу рәсімі;
5) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық) талаптарды белгілейтін, сондай-ақ ветеринариялық нормативтердің негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылатын нормативтік құқықтық акт.
3. Осы Қағидалар асыл тұқымды мал шаруашылығын қоса алғанда жануарларды өсірумен, асыраумен, бағумен, көбейтумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне қолданылады.
2. Жануарларды асырау тәртібі
4. Асыл тұқымдыларды қоса алғанда, жануарларды өсірумен, асыраумен, бағумен, көбейтумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар:
1) жануарларды уақытылы бірдейлендіруді;
2) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жануарларға уақытылы вакцина егуге және диагностикадан өткізуді;
3) жануарлардың түріне, жасына және физиологиясына сәйкес саулығы, ауқаттылығы жөніндегі күтімді және оларды пайдалануды;
4) жануарлар және адамдар ортасының қауіпсіздігін, сонымен қатар мүліктің жануарлардан зиян келтіруінен, көлік жолында жануарлармен өткен кезде жол қозғалысының қауіпсіздігін сақтау және оның жолдан өтіп бара жатқандағы тәртібін тікелей қадағалау арқылы жолдан өткен кезде жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтауды;
5) санитариялық-гигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) нормалар мен қағидалардың талаптарын сақтауды;
6) жабдықталған торлар, аквариумдар, террариумдар, бассейндер, вольерлер және басқа да арнайы учаскелер мен (немесе) жайлар болған жағдайда жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстауды қамтамасыз етеді.
5. Жеке және заңды тұлғалар ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауды, көбейтуді, пайдалануды осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы басқа нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
6. Жануарлардың иелері Заңның 25-бабына сәйкес жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, сойылғаны, сатылғаны, өлгені, ауырғаны немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға уақытында хабарлайды.
7. Көпшілік пайдаланатын орындарда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда немесе белгіленген санитарлық аймақ шегінен тыс жүрген ауыл шаруашылығы жануарлары және басқа жануарлар қараусыз жануарлар деп есептеледі және қамауға алуы мүмкін. Ұсталған қараусыз жануарларды ұстау, иесіне қайтару тәртібі және иелерінің жауапкершілігі Қазақстан Республикасы 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 246-бабымен анықталады.
3. Қорытынды ережелер
8. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін жануарлардың иелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.