РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 487-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 38-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Ақмола облыстық маслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақмола облыстық мәслихатының «Ақмола облысы жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» 2009 жылғы 17 маусымдағы № 4С-15-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3325 тіркелген, 2009 жылдың 1 тамызында «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
5-жолы «Балық шаруашылығы, су көздерінен балық аулаушы тұтынушылар» алынып тасталсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрағасы Ж.Камелиденов
Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы Д.Нұрмолдин
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақмола облысы бойынша
мемлекеттік кірістер
департаментінің басшысы Е.Хасенов
30.09.2015
«Ақмола облысының табиғи ресурстар
және табиғатты пайдалануды
реттеу басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы Р.Әубәкіров
30.09.2015