Ақмола облысы Атбасар ауданының Октябрь ауылын және Октябрь ауылдық округін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қазандағы № А-10/483 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 21 қазандағы № 5С-42-6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 қарашада № 5105 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 22 шілдедегі қорытындысының, «Октябрь ауылын Ақан Құрманов ауылына, Октябрь ауылдық округін Ақан Құрманов ауылдық округіне өзгерту жөнінде ұсыныс енгізу туралы» Атбасар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 5 тамыздағы № а-8/255/1 қаулысы мен Атбасар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 5 тамыздағы № 5С 33/4 шешімінің негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Атбасар ауданының Октябрь ауылы Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылы деп қайта аталсын.
      2. Атбасар ауданының Октябрь ауылдық округі Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округі деп қайта аталсын.
      3. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі                     С.Кулагин

      Ақмола облыстық
      мәслихаты сессиясының
      төрайымы                                   Е.Мащинская

      Ақмола облыстық
      мәслихатының хатшысы                       Д.Нұрмолдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады