"Көкшетау қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № А-2/219 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 ақпанда № 4650 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № А-4/878 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 21.04.2016 № А-4/878 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесі негізінде Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Көкшетау қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімі аппаратының басшысы Е.Ш.Тушановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Е.Маржықпаев

  Көкшетау қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 20 ақпандағы
№ А-2/219 қаулысымен
бекітілген

"Көкшетау қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Көкшетау қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық хал актілерін тіркеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Көкшетау қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Көкшетау қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Көкшетау қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Көкшетау қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Көкшетау қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Көкшетау қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Көкшетау қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Көкшетау қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Ақан сері көшесі, 90 А.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Көкшетау қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Көкшетау қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Көкшетау қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Көкшетау қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Көкшетау қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Көкшетау қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

      14. "Көкшетау қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру.
      15. "Көкшетау қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да міндеттер.
      16. "Көкшетау қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) тууды, қайтыс болуды, неке (ерлі-зайыптылықты) қию және бұзуды, ұл (қыз) бала асырап алуды, әке болуды белгілеуді, есімін, әкесінің есімін, тегін, жынысын ауыстыруды мемлекеттік тіркеуді жүргізеді;
      2) азаматтық хал актілері жазбаларын өзгертеді, толықтырады, түзетеді және жояды;
      3) жоғалған жазбаларды қалпына келтіреді;
      4) бастапқы және қайталама куәлiктерді, анықтамаларды, азаматтық хал актiлерiнiң көшiрмелерiн бередi.
      17. "Көкшетау қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен құқықтары:
      1) өз құзыреттігі шегінде мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу;
      2) өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді шығару;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының нормаларын сақтау;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Көкшетау қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемені басқаруды "Көкшетау қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшысы жүзеге асырады.
      19. Көкшетау қаласының әкімі "Көкшетау қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Көкшетау қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттерді орындауға және функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапкершілікте болады;
      2) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің өкілеттік шеңберін және міндеттерін анықтайды;
      3) заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеме қызметшілерін лауазымға тағайындайды және жұмыстан босатады;
      4) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне заңнамамен белгіленген тәртіпте тәртіптік жазалар қолданады;
      5) мемлекеттік мекеменің актілеріне қол қояды;
      6) мемлекеттік мекеменің атынан мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда өкілеттілік етеді;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Көкшетау қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Көкшетау қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамамен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Көкшетау қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Көкшетау қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Көкшетау қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Көкшетау қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады