Көкшетау қаласында 2015 жылға өсімдік шаруашылығының шығымдылығына және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылық дақылдарын себудің оңтайлы мерзімдерін айқындау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № А-8/1367 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 қыркүйекте № 4976 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 302 қорытындысының негізінде Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Көкшетау қаласында 2015 жылға өсімдік шаруашылығының шығымдылығына және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылық дақылдарын себудің оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы қаулы 2015 жылғы 1 мамырда туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Көкшетау қаласы әкімінің
      міндетін атқарушы                          А.Смайылов

Көкшетау қаласы әкімдігінің
2015 жылғы «13» 08    
№ А-8/1367 қаулысына   
қосымша          

Көкшетау қаласында 2015 жылға өсімдік шаруашылығының шығымдылығына және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылық дақылдарын себудің оңтайлы мерзімдері

Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері

Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы себу мерзімдері

Субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері

1

Жаздық бидай

10 мамырдан бастап 4 маусымға дейін

20 мамырдан бастап 7 шілдеге дейін

2

Жаздық арпа

25 мамырдан бастап 7 маусымға дейін

20 мамырдан бастап 7 шілдеге дейін

3

Сұлы

25 мамырдан бастап 7 маусымға дейін

20 мамырдан бастап 7 шілдеге дейін

4

Қарақұмық

18 мамырдан бастап 30 мамырға дейін

20 мамырдан бастап 7 шілдеге дейін

5

Асбұршақ

15 мамырдан бастап 31 мамырға дейін

20 мамырдан бастап 7 шілдеге дейін

6

Нұт

7 мамырдан бастап 25 мамырға дейін

20 мамырдан бастап 7 шілдеге дейін

7

Жасымық

20 мамырдан бастап 31 мамырға дейін

20 мамырдан бастап 7 шілдеге дейін

8

Зығыр

19 мамырдан бастап 31 мамырға дейін

20 мамырдан бастап 7 шілдеге дейін

9

Рапс

15 мамырдан бастап 31 мамырға дейін

20 мамырдан бастап 7 шілдеге дейін

10

Күнбағыс

10 мамырдан бастап 30 мамырға дейін

20 мамырдан бастап 7 шілдеге дейін

11

Мақсары

7 мамырдан бастап 25 мамырға дейін

20 мамырдан бастап 7 шілдеге дейін

12

Судан шөбі тұқымға

17 мамырдан бастап 25 мамырға дейін

20 мамырдан бастап 7 шілдеге дейін

13

Азықтық тарысы, судан шөбі

20 мамырдан бастап 15 маусымға дейін

20 мамырдан бастап 7 шілдеге дейін

14

Картоп

10 мамырдан бастап 10 маусымға дейін

20 мамырдан бастап 7 шілдеге дейін

15

Қызылша, сәбіз, қырыққабат, қызанақ, қияр, асқабақ, кәді

10 мамырдан бастап 20 маусымға дейін

20 мамырдан бастап 7 шілдеге дейін

16

Ерте көктемде себілетін көп дәнді және бұршақ тұқымдас шөптер (мықын, жоңышқа, еркекшөп, эспарцет)

егістікке алғашқы шығу мүмкіндігі болғаннан 30 сәуірге дейін

20 мамырдан бастап 7 шілдеге дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады