Степногорск қаласы және елді мекендер бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 12 тамыздағы № 5С-42/8 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 9 қыркүйекте № 4972 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 6С-3/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 18.04.2016 № 6С-3/2 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Степногорск қаласы және елді мекендер бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы
В.Козейчук
      Қалалық мәслихаттың хатшысы Ғ.Көпеева

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Степногорск қаласының әкімі Ә.Күмпекеев

      12.08.2015

  Степногорск қалалық мәслихатының
2015 жылғы 12 тамыздағы
№ 5С-42/8 шешіміне
қосымшасы

Степногорск қаласы және елді мекендер бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері


р/с

Нысан

Есептік бірлік

Құны,
теңгеде

1
Жайлы үйлерден коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифі
1 тұрғын/айына

202,12

2
Жайлы емес үйлерден коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифі
1 тұрғын/айына

260,53

3
Заңды тұлғалардан коммуналдық қалдықтарды жинау және әкету тарифі
1 текше метр

1 089

4
Заңды тұлғалардан коммуналдық қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифі
1 текше метр

313

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады