"Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № А-3/83 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 9 сәуірде № 4743 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № А-4/123 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 20.04.2016 № А-4/123 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 37 бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ақкөл ауданы әкімі Т.Едігенов

  Ақкөл ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "11" наурыздағы № А-3/83
қаулысымен бекітілген

"Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:
      Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Жұмыспен қамту Орталығы" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.
      3. "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
      8. "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеменің орналасқан жері – 020100, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 81 үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
      13. "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: әлеуметтік бағдарламалар, халықты жұмыспен қамту және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саясатын iске асыру.
      15. Міндеттері:
      азаматтарды жұмысқа орналастыруға, жұмыссыздарды оқытуға жәрдемдесу және әлеуметтік қолдау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
      еңбек рыногының жағдайына талдау мен болжам жасау, осының негiзiнде халықты жұмыспен қамтудың перспективалық және ағымдағы бағдарламаларына ұсыныстар әзiрлеу және оларды iске асыруды қамтамасыз ету;
      азаматтардың жұмысқа орналасу кезеңiн қысқартуға, жұмыссыздар мен жұмыс берушілерге қызмет көрсетуге арналған іс-шаралар тiзбесiнiң сапасын арттыруға және ұлғайтуға бағытталған жұмыстың жаңа прогрессивтi нысандары мен әдістерiн енгiзу;
      бағдарламалар мен қызметтерге ұсыныстар әзiрлеу, жұмыс iздеп жүрген азаматтармен және жұмыссыздармен iс-қимылды жақсарту жөнiндегi автоматтандырылған ақпараттық жүйенi енгiзу.
      16. Функциялары:
      1) "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      жеке кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнестi дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын ашуды қолдау;
      жұмыссыздарға әлеуметтік қорғау көрсету;
      еңбек ресурстарына қажеттілікті қалыптастыру, халықты жұмыспен қамтуды ұйымдастыру және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
      құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету;
      туу, қайтыс болу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын, әкесінің атын және тегін өзгерту жөніндегі азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
      жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етеді.
      2) ведомствоның функциялары:
      өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыз және аз қамтылған тұрғындарды жұмысқа орналастыруда қолдау көрсету және кәсіби оқытуды ұйымдастыру;
      ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытуда қолдау көрсету;
      еңбек ресурстарының жұмылдырығын жоғарлату;
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      жұмыс берушiге жұмыс күшi қажет болған жағдайда, оларға азаматтар мен жұмыссыздарды жiберуге;
      еңбек делдалдығын көрсетуге;
      өтiнiш жасаған азаматтар мен жұмыссыздарға - жұмыс табу мүмкiндiгi туралы, ал жұмыс берушiлерге жұмыс күшiмен қамтамасыз ету мүмкiндiгi туралы хабарлап отыруға;
      кәсiби бағдарлау iсiнде азаматтар мен жұмыссыздарға тегін қызметтер көрсетуге;
      халықтың экономикалық тұрғыдан белсендi бөлiгiне (жұмыс күшiне) сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және халыққа, жергілікті және орталық атқарушы органдарға еңбек рыногының жай-күйi туралы хабарлауға;
      құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясатты және нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді қамтамасыз ететін арнайы iс-шараларды iске асыруға;
      Қазақстан Республикасы Заңнамасымен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруға.

3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру

      18. "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын Ақкөл ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғаларының функционалдық міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеменің жұмыс регламентін бекітеді;
      "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне бекітілген заңнамаларға сәйкес тәртіптік жаза қолданады;
      "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеменің бұйрықтарына қол қояды;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан барлық мемлекеттік мекемелерде және де басқа да ұйымдарда өкілдік етеді;
      сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдайды және осыған жауапты болып табылады;
      Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі

      21. "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік Ақкөл ауданының коммуналдық меншігіне жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:

      1. Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Жұмыспен қамту Орталығы" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады