РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" кодексінің 387 бабының 1-1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақкөл ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығы мөлшерлемесі он есе жоғарылатылсын.
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақкөл аудандық мәслихат сессиясының төрайымы | А.Мананбаева |
Ақкөл аудандық мәслихат хатшысы | Ж.Салыбекова |
КЕЛІСІЛДІ
Ақкөл ауданының әкімі | Т.Қ.Едігенов |
30 наурыз 2015 жыл | |
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік Кірістер комитеті Мемлекеттік кірістер департаментінің Ақкөл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы"Республикалық мемлекеттік мекеме басшысы |
А.С.Мұстафин |
30 наурыз 2015 жыл |