Ақкөл қаласының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № С 47-5 шешімі және Ақкөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № А-4/149 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 маусымда № 4819 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 5-1) тармағына сәйкес, қала халқының пікірін ескере отырып, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақкөл қаласының Октябрьская көшесі Шегебай Ұзақбаев көшесіне қайта аталсын.
      2. Осы Ақкөл аудандық мәслихатының шешімі және Ақкөл ауданы әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Ақкөл аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Ө.Бертілеуов

      Ақкөл ауданы әкімі                         Т.Едігенов

      Ақкөл аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Ж.Салыбекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады