Ақкөл ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындарын анықтау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 1 шілдедегі № С 48-12 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 5 тамызда № 4924 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 тамыздағы № С 5-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 12.08.2016 № С 5-3 (ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақкөл ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ақкөл аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы
Н.Калашникова
      Ақкөл аудандық
мәслихаттың хатшысы
Ж.Салыбекова

      КЕЛІСІЛДІ
      Ақкөл ауданының әкімі Т.Қ.Едігенов

      1 шілде 2015 жыл

  Ақкөл аудандық мәслихаттың
2015 жылғы 1 шілдедегі № С 48-12
шешіміне қосымша

Ақкөл ауданының бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткізу үшін белгіленген орындар тізімі


Елді мекен атауы
Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орны
1
Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы
Орталық алаң, С.Нұрмағамбетов к., 71
2
Ақкөл орман шаруашылығы
Ауылдың орталық алаңы
3
Ерназар ауылы
Ауылдың орталық алаңы
4
Радовка ауылы
Кітапхана ғимаратының жанындағы алаң
5
Наумовка ауылы
Ауылдың орталық алаңы, Ы.Алтынсарин к., 28
6
Виноградовка ауылы
Ауылдың орталық алаңы, Мектеп к., 5
7
Өрнек ауылы
Ауылдың орталық алаңы, Мектеп к., 34
8
Домбыралы ауылы
Ауылдың орталық алаңы, Алаш к., 29
9
Кеңес аулы
Ауылдың орталық алаңы, Жеңіс к., 54
10
Малый Барап ауылы
Ауылдың орталық алаңы, Қабанбай к., 26
11
Красный Горняк ауылы
Ауылдың орталық алаңы, Достық к., 17
12
Азат ауылы
Ауылдың орталық алаңы, Алаш к., 4
13
Минское ауылы
Ауылдың орталық алаңы, Ы. Алтынсарин к., 1-А
14
Қарасай ауылы
Ауылдың орталық алаңы, Мұхтар Әуезов к., 15
15
Қына ауылы
Ауылдың орталық алаңы, Тәуелсіздік к., 1
16
Еңбек ауылы
Мәдениет үйі алдындағы алаң, Бейбітшілік к., 25
17
Рамадан аулы
Ауылдың орталық алаңы, Бейбітшілік к., 18
18
Подлесное ауылы
Ауылдың орталық алаңы, Лесная к., 25
19
Новорыбинка ауылы
Ауылдың Мәдениет үйі алдындағы алаң, Стрельцов к., 12
20
Құрылыс ауылы
Ауылдың орталық алаңы, Болашақ к., 1
21
Қараөзек ауылы
Ауылдық клуб алдындағы алаң, Жасыл к., 22
22
Урюпинка ауылы
Ауылдың орталық алаңы, Кенесары к., 66
23
Ерофеевка ауылы
Ауылдың орталық алаңы, Мұхтар Әуезов к., 17
24
Малоалександровка ауылы
Ауылдық клуб алдындағы алаң, Ы.Алтынсарин к., 10
25
Амангелді ауылы
Ауылдың орталық алаңы, Ж.Бектұров к., 11
26
Талғара ауылы
Ауылдық клуб алдындағы алаң, Ә.Молдағұлова к., 1
27
Жалғызқарағай ауылы
Ауылдың орталық алаңы, Кирдищев к., 14
28
Қайнар ауылы
Ауылдық клуб алдындағы алаң, М.Мәметова к., 2
29
Тастыадыр ауылы
Ауылдың орталық алаңы, Ә.Молдағұлова к., 4

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады