Ақкөл ауданында жиналыстар, митингілер,шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 тамыздағы № С 5-3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 2 қыркүйекте № 5511 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 тамыздағы № С 60-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 25.08.2020 № С 60-3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт шерулер, пикеттер, митингілер мен жиналыстар өткізуді және ұйымдастыру тәртібі туралы" Заңының 10 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 15) тармақшасына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Ақкөл ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.
      2. Ақкөл аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 1 шілдедегі № С 48-12 "Ақкөл ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындарын анықтау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4924 тіркелген, 2015 жылғы 14 тамызда "Ақкөл өмірі" және "Знамя Родины КZ" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы
А.Мананбаева
      Ақкөл аудандық
мәслихатының хатшысы
Ж.Салыбекова

      КЕЛІСІЛДІ

      Ақкөл ауданының әкімі Т.Қ.Едігенов

      12 тамыз 2016 жыл

  Ақкөл аудандық мәслихатының
2016 жылғы 12 тамыздағы
№ С 5-3 шешіміне
қосымша

Ақкөл ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 07.02.2020 № С 52-1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Ақкөл қаласында жиналыстар және митингілер өткізу орындары болып белгіленсін:

      аудандық мәдениет үйі ғимаратының алдындағы С.Нұрмағамбетов көшесі бойындағы орталық алаңы;

      Пушкин көшесі бойындағы қалалық стадионы.

      Ақкөл қаласында шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруты белгіленсін:

      Пушкин көшесіндегі ауғандық жауынгерлерді есте сақтау монументінен Пушкин көшесіндегі № 90 үйге дейін.

      2. Іс-шараның уәкілдері (ұйымдастырушылары) мен қатысушыларына алкогольдік және есірткілік масаң күйінде қатысуға жол берілмейді.

      3. Қоғамдық тәртіп пен пикет қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:

      1) әртүрлі жеке пикеттердің қатысушылары бір-біріне біршама 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы немесе тікелей көру шегінде болуы тиіс;

      2) бір күнде және уақытта бір объектте үштен аспайтын жеке пикеттерді өткізуге рұқсат беріледі.

      4. Пикет өткізу кезінде:

      1) пикет өткізілетін объектінің алдында тұруға, отыруға;

      2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;

      3) пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, слогандар айғайлап айтуға рұқсат етіледі.

      5. Іс-шараны жиналыстың, митингтің, шерунің, пикеттің және демонстрацияның басқа нысанда жалғастыру үшін "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңымен белгіленген тәртіппен, Ақкөл ауданының жергілікті атқарушы органының шешімін алу қажет.

      6. Жиналысты, митингті, шеруні, пикетті және демонстрацияны өткізуге Ақкөл ауданы әкімдігінің бас тартуын алған жағдайда немесе оны тыйым салу туралы шешім шығарылса, уәкілдер (ұйымдастырушылар) барлық дайындық шараларын тоқтатуға және бұл туралы ықтимал қатысушыларды тиісті хабардар ету бойынша тез арада шаралар қолданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады