РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қосымшаға сәйкес аумақтарда Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округі Жібек жолы ауылының шекаралары (шегін) өзгертілсін және белгіленсін.
2. «Аршалы ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер-есебі құжаттарына қажетті өзгерістерді енгізсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аршалы ауданының әкімі Ж.Нұркенов
Аршалы аудандық
мәслихат сессиясының
төрағасы Ю.Сериков
Аршалы аудандық
мәслихатының хатшысы Ю.Сериков
Аршалы ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 04 наурыздағы
№ А-123 бірлескен қаулысына
және Аршалы аудандық
мәслихатының 2015 жылғы
04 наурыздағы № 39/10
шешіміне қосымша
Аршалы ауданының Жібек жолы ауылдық округі Жібек жолы ауылының жерлерінің экспликациясы
гектар
Жерлердің атауы |
Жалпы аумағы |
Құрылыс шекарасында |
«ЖасылАймақ» республикалық мемлекеттік кәсіпорын үшін бөлінген жерлер |
Соның ішінде ауыл шаруашылығына алқаптары: |
Су астында |
Автожол астында |
Басқалар |
|||
егістік жер |
шабындық |
жайылым жер |
жайылым тұрғылықты жақсарт |
|||||||
Жерорналастыру жобаны әзірлеу кезіндегі Жібек жолы ауылының жерлерінің шекаралары (шегі) |
4070,0 |
247,0 |
91,1 |
31,0 |
- |
2788,2 |
276,0 |
483 |
43,7 |
110,0 |
Жібек жолы ауылының шекараларына (шегіне) қосылатын жерлердің көлемі |
1110,9 |
880,2 |
- |
- |
74,2 |
97,0 |
28,4 |
5,2 |
9,1 |
16,8 |
Жерорналастыру жобасы бойынша Жібек жолы ауылының жерлерінің шекаралары (шегі) |
5180,9 |
1127,2 |
91,1 |
31,0 |
74,2 |
2885,2 |
304,4 |
488,2 |
52,8 |
126,8 |