Аршалы ауданы бойынша 2015 жылы субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № А-276 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 шілдеде № 4912 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қаңтардағы № А-04 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 05.01.2016 № А-04 қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндеті атқарушысы 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 «Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығындылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар - жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми - өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 175 ұсынысына сәйкес, Аршалы ауданның әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аршалы ауданы бойынша 2015 жылы субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсың.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Т. Ыбыраевқа жүктелсін.
      3. Аршалы ауданы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының құқықтық қатынастары 2015 жылдың 5 мамырынан бастап таратылады.

      Аршалы ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                          Ә.Ыбыраев

Аршалы ауданы әкімдігінің
«30» 06 2015 жылғы № А-276
қаулысына қосымша    

Аршалы ауданы бойынша 2015 жылғы субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері

т/б №

Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері

Субсидия алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдері

1.

Жаздық бидай

14 мамырдан 9 маусымға дейін

9 маусымға дейін қоса есептегенде

2.

Жаздық арпа

25 мамырдан 11 маусымға дейін

11 маусымға дейін қоса есептегенде

3.

Сұлы

25 мамырдан 11 маусымға дейін

11 маусымға дейін қоса есептегенде

4.

Күздік қара бидай

15 тамыздан 10 қыркүйекке дейін

10 қыркүйекке дейін қоса есептегенде

5.

Асбұршақ

15 мамырдан 31 мамырға дейін

31 мамырға дейін қоса есептегенде

6.

Ноқат

7 мамырдан 28 мамырға дейін

28 мамырға дейін қоса есептегенде

7.

Қытайбұршақ

19 мамырдан 31 мамырға дейін

31 мамырға дейін қоса есептегенде

8.

Жасымық

19 мамырдан 31 мамырға дейін

31 мамырға дейін қоса есептегенде

9.

Күнбағар

5 мамырдан 31 мамырға дейін

31 мамырға дейін қоса есептегенде

10.

Зығыр

18 мамырдан 31 мамырға дейін

31 мамырға дейін қоса есептегенде

11.

Мақсары

7 мамырдан 31 мамырға дейін

31 мамырға дейін қоса есептегенде

12.

Картоп

9 мамырдан 10 маусымға дейін

10 маусымға дейін қоса есептегенде

13.

Ашық топырақтық көкөніс

20 сәуірден 10 маусымға дейін

10 маусымға дейін қоса есептегенде

14.

Жабық топырақтық көкөніс

5 мамырдан 25 мамырға дейін

25 мамырға дейін қоса есептегенде

15.

Сүрлей жүгерісі және жемдік астық

5 мамырдан 31 мамырға дейін

31 мамырға дейін қоса есептегенде

16.

Мал азықтық тары, судан шөбі

20 мамырдан 10 маусымға дейін

10 маусымға дейін қоса есептегенде

17.

Тұқымдық судан шөбі

15 мамырдан 25 мамырға дейін

25 мамырға дейін қоса есептегенде

18.

Аралас бұршақтық-сұлы

5 мамырдан 10 маусымға дейін

10 маусымға дейін қоса есептегенде

19.

Жемдік астыққа аралас бұршақтық-арпа

25 мамырдан 11 маусымға дейін

11 маусымға дейін қоса есептегенде

20.

Көк балауса үшін күздік қара бидай

15 тамыздан 10 қыркүйекке дейін

10 қыркүйекке дейін қоса есептегенде

21.

Көктемде ерте себілетін көпжылдық астық тұқымдас және бұршақтық шөптер

Далаға шығудың бірінші мүмкіншілігіннен 30 сәурге дейін

30 сәуірге дейін қоса есептегенде

22.

Көпжылдық астық тұқымдастық және бұршақ шөптердің көктемгі егілуі

1 мамырдан 15 шілдеге дейін

15 шілдеге дейін қоса есептегенде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады