Аршалы ауданы әкімінің 2014 жылғы 09 желтоқсандағы № 23 "Сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 13 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 тамызда № 4953 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімінің 2016 жылғы 5 қаңтардағы № 01 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімінің 05.01.2016 № 01 шешімімен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабының 1 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 2 тармағына, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 4673 болып тіркелді) «Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Ақмола облысы әкімінің және Ақмола облыстық мәслихатының кейбір бірлескен шешімдеріне, Ақмола облысы әкімдігінің қаулылары мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» біргелікті Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № А-2/65 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 17 ақпандағы № 5С-34-6 шешіміне сәйкес, Аршалы ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аршалы ауданы әкімінің «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне 2014 жылғы 09 желтоқсандағы № 23 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 4548 тіркелген, «Вперед», «Аршалы айнасы» газеттерінде 2015 жылғы 19 қаңтарда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      қосымшада мемлекеттік тілде «селосы» сөзі «ауыл» сөзімен, орыс тілінде «аул» сөзі «село» сөзімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімі аппаратының басшысы Ә.Қ.Балташевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аршалы ауданының әкімі                     Ж.Нұркенов

      «КЕЛІСІЛГЕН»

      Аршалы аудандық сайлау
      комиссиясының төрағасы                     Л.Асанова
      «21» 07 2015 жылғы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады