Аршалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 тамыздағы № 18/2 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аршалы ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 тамыздағы № 44/5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 тамызда № 4962 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 70/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 23.12.2020 № 70/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Аршалы аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аршалы ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 20 тамыздағы № 18/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3801 тіркелген, 2013 жылдың 27 қыркүйекте аудандық "Аршалы айнасы" газетінде, 2013 жылдың 27 қыркүйекте аудандық "Вперед" газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:

      2 бөлімінің 9 тармағы келесі мазмұндағы 7) тармақшасымен толықтырылсын:

      "7) ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардың ақы төлеу негізінде жоғары медициналық оқу орындарында күндізгі оқу формасы бойынша оқитын студенттеріне бес жыл ішінде Аршалы ауданында одан әрі жұмыс істеу шартымен, оқу орнымен жасақан келісімшарттың, аудан әкімі, студент және жұмыс берушінің арасында жасасқан келісімшарттың нотариалды куәландырған көшірмелері, көп баласы немесе аз қамтамысыз етілген отбасының статусын растайтын анықтаманың және оқу орнынан берілген анықтаманың негізінде жылына бір рет жылдың оқу кұны мөлшерінде оқуға төлеуге.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет депарментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
К.Үстенбеков
      Аудандық мәслихатының
хатшысы
Ю.Сериков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Аршалы ауданының әкімі Ж.Нұркенов

      2015 жыл 03 тамыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады