Атбасар ауданы бойынша 2015 жылғы субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдерін анықтау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № а-7/219 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 шілдеде № 4896 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген, басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығындылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес, «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 295 қорытындысы негізінде Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Атбасар ауданы бойынша 2015 жылғы субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкімінің орынбасары А.Ғ.Қисықовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулының күші 2015 жылы 20 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Атбасар ауданының әкімі                    А.Никишов

Атбасар ауданы әкімдігінің 
2015 жылғы 30 маусым № а-7/219
қаулысына қосымша      

Атбасар ауданы бойынша 2015 жылғы субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері

№ р/с

Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері

Өтінімді беру мерзімдері

Оңтайлы себу мерзімдері (басталуы, аяқталуы)

1.

Жаздық бидай

20 маусымға дейін қоса есептегінде

14 мамырдан 5 маусымға дейін

2.

Жаздық арпа

20 маусымға дейін қоса есептегінде

27 мамырдан 7 маусымға дейін

3.

Сұлы

20 маусымға дейін қоса есептегінде

27 мамырдан 7 маусымға дейін

4.

Майлы тұқымдық күнбағыс

20 маусымға дейін қоса есептегінде

10 мамырдан 30 мамырға дейін

5.

Зығыр

20 маусымға дейін қоса есептегінде

18 мамырдан 31 мамырға дейін

6.

Қыша

20 маусымға дейін қоса есептегінде

17 мамырдан 30 мамырға дейін

7.

Картоп

20 маусымға дейін қоса есептегінде

9 мамырдан 10 маусымға дейін

8.

Ашық топырақта көкөністер

20 маусымға дейін қоса есептегінде

20 сәуірден 20 маусымға дейін

9.

Сүрлемге жүгері және мал жемі

20 маусымға дейін қоса есептегінде

5 мамырдан 30 мамырға дейін

10.

Судан шөбі

20 маусымға дейін қоса есептегінде

15 мамырдан 15 маусымға дейін

11.

Ақ жүгері

20 маусымға дейін қоса есептегінде

20 мамырдан 10 маусымға дейін

12.

Көп жылдық дәнді және бұршақты шөптер

20 маусымға дейін қоса есептегінде

30 сәуірден 15 маусымға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады