"Атбасар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № а-7/244 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 қыркүйекте № 4965 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № а-4/115 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 21.04.2016 № а-4/115 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Атбасар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А.Никишов

  Атбасар ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "24" шілдедегі
№ а-7/244 қаулысымен
бекітілген

"Атбасар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Атбасар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Атбасар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар:
      Атбасар ауданы әкімдігінің жанындағы "Атбасар - Ветсервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      3. "Атбасар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Атбасар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Атбасар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Атбасар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Атбасар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Атбасар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Атбасар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. "Атбасар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 020400, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Жеңіс көшесі 67.
      10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы "Атбасар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Атбасар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Атбасар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      13. "Атбасар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субьектілерімен "Атбасар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Атбасар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Атбасар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудан аумағында адамдар мен малдарға ортақ аурудан тұрғындардың денсаулығын қорғау мақсатында ветеринария саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
      15. Міндеттері:
      1. халықтың денсаулығын адамдар мен малдарға ортақ аурулардан қорғау;
      2. малдарды аурудан қорғау және емдеу;
      3. ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      4. Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден малдардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуын қорғау;
      5. ветеринария саласында жеке және заңды тұлғалар қызметiнің жүзеге асырылуында қоршаған ортаның бұзылуын алдын алу және жою;
      6. Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген басқа да міндеттер.
      16. Функциялары:
      1) "Атбасар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1. облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу;
      2. қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
      3. ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
      4. мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      5. ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
      6. жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
      7. жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
      8. жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
      9. ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
      10. ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
      11. мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
      12. тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      13. эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
      14. эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
      15. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
      ішкі сауда объектілерінде;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;
      экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
      16. мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      17. жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
      18. тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      19. уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
      20. ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      21. ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;
      22. ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
      23. облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
      24. облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
      25. ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
      26. облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
      27. ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
      28. жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
      2) ведомствоның функциялары:
      1. жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді;
      2. ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді;
      3. ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуді;
      4. жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсетуді;
      5. құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстауды;
      6. қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды;
      7. ветеринариялық анықтама беруді;
      8. ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді және одан үзінді көшірме беруді;
      9. биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды зертханаға жеткізуді;
      10. ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар құрады;
      Аудандардың жергілікті атқарушы органдары құратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар ветеринариялық пункттерімен құрылады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1. өкілетті мемлекеттік органнан және басқа да ұйымдардан ветеринарлық салада міндеттерге қарай қажетті ақпаратты сұрауға және алуға;
      2. облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
      3. облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
      4. облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;.

3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру

      18. "Атбасар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшылығы "Атбасар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Атбасар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын Атбасар ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Атбасар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1. "Атбасар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларының функционалдық міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
      2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Атбасар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметшілерін лауазымға тағайындайды және босатады;
      3. "Атбасар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс регламентін бекітеді;
      4. "Атбасар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне бекітілген заңнамаларға сәйкес тәртіптік жаза қолданады;
      5. "Атбасар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің бұйрықтарына қол қояды;
      6. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Атбасар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан барлық мемлекеттік мекемелерде және де басқа да ұйымдарда өкілдік етеді;
      7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдайды және осыған жауапты болып табылады.
      8. Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттерді жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі

      21. "Атбасар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Атбасар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Атбасар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлігі Атбасар ауданының коммуналдық меншігіне жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Атбасар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Атбасар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. "Атбасар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі және оның ведомстваларының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1. Атбасар ауданы әкімдігі жанындағы "Атбасар - Ветсервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады