Атбасар ауданы әкімдігінің қаулыларының күші жойғандығын тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № а-4/115 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, заң күшіндегі нормативтік құқықтық актілерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Атбасар ауданы әкімдігінің қаулыларын күші жойғандығын тану туралы
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Никишов

  Атбасар ауданы
әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі
№ а-4/115 қаулысына
қосымша

Атбасар ауданы әкімдігінің күшін жойғандығы танылған қаулылар тізбесі

      1. "Атбасар ауданы Борисовка ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Атбасар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі №а-9/395 қаулысы, нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4362 тіркелген, "Атбасар" аудандық газетінде 2014 жылғы 10 қазанда, "Простор" аудандық газетінде 2014 жылғы 10 қазанда жарияланды;
      2. "Атбасар ауданы Новосельское ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Атбасар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі №а-9/396 қаулысы, нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4412 тіркелген, "Атбасар" аудандық газетінде 2014 жылғы 31 қазанда, "Простор" аудандық газетінде 2014 жылғы 31 қазанда жарияланды;
      3. "Атбасар ауданы Сочинское ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Атбасар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі №а-9/398 қаулысы, нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4409 тіркелген, "Атбасар" аудандық газетінде 2014 жылғы 7 қарашада, "Простор" аудандық газетінде 2014 жылғы 7 қарашада жарияланды;
      4. "Атбасар ауданы Есенкелді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Атбасар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі №а-9/399 қаулысы, нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4414 тіркелген, "Атбасар" аудандық газетінде 2014 жылғы 31 қазанда, "Простор" аудандық газетінде 2014 жылғы 31 қазанда жарияланды;
      5. "Атбасар ауданы Сепе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Атбасар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі №а-9/397 қаулысы, нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4413 тіркелген, "Атбасар" аудандық газетінде 2014 жылғы 28 қарашада, "Простор" аудандық газетінде 2014 жылғы 28 қарашада жарияланды;
      6. "Атбасар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Атбасар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 шілдедегі №а-7/244 қаулысы, нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4965 тіркелген, "Атбасар" аудандық газетінде 2015 жылғы 18 қыркүйекте, "Простор" аудандық газетінде 2015 жылғы 18 қыркүйекте жарияланды;
      7. "Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Атбасар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қазандағы №а-10/332 қаулысы, нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5042 тіркелген, "Атбасар" аудандық газетінде 2015 жылғы 27 қарашада, "Простор" аудандық газетінде 2015 жылғы 27 қарашада жарияланды;
      8. "Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту және Ережесін бекіту туралы" Атбасар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы №а-1/7 қаулысы, нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5248 тіркелген, "Атбасар" аудандық газетінде 2016 жылғы 26 ақпанда, "Простор" аудандық газетінде 2016 жылғы 26 ақпанда жарияланды;
      9. "Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Атбасар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы №а-1/33 қаулысы, нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5271 тіркелген, "Атбасар" аудандық газетінде 2015 жылғы 25 наурызда, "Простор" аудандық газетінде 2016 жылғы 25 наурызда жарияланды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады