Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы № а-10/317 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 қазанда № 5016 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 3 ақпандағы № а-1/42 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 03.02.2016 № а-1/42 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 5С 21/6 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiне келісу туралы» шешімі негізінде Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн белгілеу.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.В.Чириковқа жүктелсін.
      3. Осы қаулының әрекеті 2015 жылғы 3 шілдеде туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А.Никишов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Атбасар аудандық
      мәслихат хатшысы                           Б.А.Борұмбаев
      «1» 10. 2015 жыл

Атбасар ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «01» қазандағы
№ а-10/317 қаулысына 
қосымша         

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

1.

Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

1)

Күтiм жөнiндегi әлеуметтiк қызметкер;

2.

Білім беру мамандарының лауазымдары:

1)

директор;

2)

меңгеруші;

3)

директордың орынбасары;

4)

барлық мамандықтар мұғалімдері;

5)

әдіскер;

6)

аға вожатый;

7)

музыкалық жетекші;

8)

кітапхана меңгерушісі;

9)

кітапханашы;

10)

тәрбиеші;

11)

тәрбиешінің көмекшісі;

12)

медбике;

13)

емдәмбике;

14)

әлеуметтік педагог;

15)

логопед;

16)

педагог-психолог;

17)

алғашқы әскери оқытушы-ұйымдастырушысы.

3.

Мәдениет мамандарының лауазымдары:

1)

директор (меңгеруші);

2)

филиал меңгерушісі;

3)

музыкалық жетекші (мәдени ұйымдастырушы);

4)

әдіскер;

5)

кітапханашы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады