Атбасар ауданында сайлау учаскесін құру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 12 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 қарашада № 5041 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің 14.12.2018 № 11 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Атбасар аудандық сайлау комиссиясының 2015 жылғы 5 қазандағы келісімі бойынша Атбасар ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. № 810 сайлау учаскесі құрылсын. Шекарасы: Атбасар қаласы. Ш.Уәлиханов көшесі,15.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      А.Никишов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Атбасар аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
Т.Боранбаев

      "12" 10.2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады