РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астрахан ауданы әкімдігінің «Астрахан ауданы бойынша 2015 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерінің мемлекеттік тапсырысын бекіту туралы» 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 7 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4645 тіркелген, аудандық «Маяк» газетінде 2015 жылғы 27 ақпанда жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
қаулы келесі мазмұндағы 4 тармақпен толықтырылсын:
«Осы қаулының әрекеті туындаған 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап құқықтық қатынастарға таралады»
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қ. Қожахметке жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астрахан ауданының әкімі Т.Ерсейітов