Бұланды ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 5С-37/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 5 мамырда № 4781 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 6С-35/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 11.01.2019 № 6С-35/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 6 бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы", Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 19.04.2016 № 6С-2/5 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Бұланды ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс 37-сессияның төрағасы Е.Қапезов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Ш.Құсайынов

      КЕЛІСІЛДІ

      Бұланды ауданының әкімі Қ.Испергенов

      10 сәуір 2015 жыл

  Бұланды аудандық мәслихатының
2015 жылғы 10 сәуірдегі № 5С-37/3
шешіміне қосымша

Бұланды ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері 1. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Бұланды ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) беріледі.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) Бұланды аудандық бөлімінің филиалы "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе "электрондық үкіметтің www.еgov.кz веб-порталы арқылы жүзеге асырады, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеуді іске асыратын уәкілетті органға жүгінеді".

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 19.04.2016 № 6С-2/5 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Тұрғын үй жәрдемақысы өтініш берілген күнге байланысты емес ағымдағы тоқсанға толық тағайындалады, ал отбасының (азаматтың) өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.

      4. Коммуналдық қызметтер көрсету бойынша шығындар, коммуналдық қызметтер төлемақысына жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша алынады.

      5. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган ретінде "Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) айқындалды.

      6. Уәкілетті орган аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді екінші деңгейдегі банктер арқылы өтініш берушілердің дербес шотына аудару жолымен жүзеге асырады.

2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

      7. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысы уәкілетті органмен қолданыстағы заңнамамен анықталған тәртіпте тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсан бойынша есептеледі.

      8. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі:

      жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға;

      тұрғынжайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақы, отбасының (азаматтың) жиынтық кірісінің 11 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      9. Жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемнің нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр. Жалғыз тұратын азаматтар үшін жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы отыз шаршы метр.

      10. Электрқуатты, суық суды, ыстық суды, кәрізді, қоқысты әкету және жылуды тұтыну шығындары алдынғы тоқсандағы нақты шығындары бойынша төленеді.

      11. Электр энергиясының шығын нормасы – бір адамға айына 50 (елу) киловатт.

      12. Телекоммуникациялар желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақы тарифтерiнiң көтерiлуiне өтемақы "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 қаулысымен бекітілген әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу ережесі негізінде жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады