Бұланды аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 5С-37/3 "Бұланды ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 6С-2/5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 сәуірде № 5303 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 6С-35/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 11.01.2019 № 6С-35/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 6 бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бұланды аудандық мәслихаттың "Бұланды ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 5С-37/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4781 тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырында "Бұланды таңы" газетінде және 2015 жылғы 15 мамырында "Вести Бұланды жаршысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      кіріспе мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 6 бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы", Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:"
      2 тармақ шешімінің қосымшасы мынадай мазмұнда баяндалсын:
      "2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) Бұланды аудандық бөлімінің филиалы "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе "электрондық үкіметтің www.еgov.кz веб-порталы арқылы жүзеге асырады, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеуді іске асыратын уәкілетті органға жүгінеді".".
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі

      Кезектен тыс 2-сессияның төрағасы Т.Садвақасов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Ш.Құсайынов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бұланды ауданының әкімі К.Испергенов

      19 сәуір 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады