РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1)-тармақшасына сәйкес, Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Бұланды ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № а-04/121 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4771 тіркелген, 2015 жылғы 8 мамырда "Бұланды таңы", "Вести Буланды жаршысы" аудандық газеттерінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
аталған қаулы келесі мазмұнда 3-1 тармағымен толықтырылсын:
"3-1. Осы қаулының іс-әрекеті 2015 жылдың 1 қаңтардан бастап туындаған құқық қатынастарына таратылады".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бұланды ауданы әкімнің орынбасары Б.Ш. Тасылбековаға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі Қ.Испергенов