2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № а-04/121 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 сәуірде № 4771 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1)-тармақшасына сәйкес, Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 6 мамырда № 4156 болып тіркелген «2014 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» Бұланды ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 7 сәуірдегі № а-04/97 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бұланды ауданы әкімінің орынбасары О.Қ. Смағұловқа жүктелсін.
      3-1. Осы қаулының іс-әрекеті 2015 жылдың 1 қаңтардан бастап туындаған құқық қатынастарына таратылады.
      Ескерту. Қаулы 3-1-тармағымен толықтырылды - Ақмола облысы  Бұланды ауданы әкімдігінің 01.07.2015 № А-07/213 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі                                К.Испергенов

Бұланды ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 01.04.   
№ а-04/121 қаулысына  
қосымша         

2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Мектепке дейінгі білім ұйымның түрі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бір айға арналған жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері (теңге)

Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бір айға арналған ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге)

мемлекеттік

жекеменшік

мемлекеттік

жекеменшік

мемлекеттік

жекеменшік

мемлекеттік

жекеменшік

Балабақша

490

0

21476

0

21476

0

6955

0

Балалар толық күн болатын шағын орталық

247

0

13523

0

13523

0

6955

0

Балалар жарты күн болатын шағын орталық

33

0

6762

0

6762

0

0

0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады