Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 тамыздағы № 5С-40/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 қыркүйекте № 4978 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 ақпандағы № 6С-52/1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 11.02.2020 № 6С-52/1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 1131 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 24.01.2019 № 6С-35/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Қоса беріліп отырған Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кезекті 40-сессияның төрағасы Г.Желтов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Ш.Құсайынов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бұланды ауданының әкімі Қ.Испергенов

      21 тамыз 2015 жыл

  Бұланды аудандық мәслихатының
2015 жылғы 21 тамыздағы
№ 5С-40/3 шешімімен
бекітілген

Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Осы Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидалары бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) қаулысына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Бұланды ауданының әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Ақмола облысының статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетін үлесi;

      6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс – тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган – "Бұланды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) уәкілетті орган – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Бұланды ауданының бөлімі;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Бұланды ауданының ауыл, селолық округтер әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 19.04.2016 № 6С-2/6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.08.2016 № 6С-5/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 24.01.2019 № 6С-35/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      3. Осы қағидалар Бұланды ауданының аумағында тұрақты тұратын және тіркелген тұлғаларға таралады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 19.04.2016 № 6С-2/6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Осы қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде уәкілетті орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктер немесе тиісті банктік операциялар жасауға лицензиялары бар ұйымдар ақшалай түрде, алушының есеп шоттарына аудару арқылы ұсынылады.

      7. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын) көрсетіледі.

      8. Әлеуметтік көмек көрсетілетін атаулы және мереке күндерінің тізбесі:

      1) 9 мамыр – Жеңіс күні;

      2) 1 қазан – Қарт күні;

      3) қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының мүгедектер күні.

      4) алынып тасталды – Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 26.06.2019 № 6С-42/1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 24.01.2019 № 6С-35/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 26.06.2019 № 6С-42/1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

2. Санаттар тізбесі және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері

      9. Әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына беріледі:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа тұлғалардың санаттарына;

      Қарттар күніне орай өтініш берусіз, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушылар, ең төмен және төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер;

      барлық санаттағы мүгедектерге;

      денсаулық сақтау ұйымдарында есепке тұрған онкологиялық ауруымен ауыратындарға;

      туберкулез ауруымен ауыратындарға;

      табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға);

      табысы күн көріс деңгейіне жетпейтін аз қамтылған азаматтарға (отбасыларға);

      ауылда мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың студенттеріне;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босаған және пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға;

      Ауғанстанда әскери шаралар жүргізіліп жатқан кезде оқу-жаттығу жиындарына шақырылғандардың, әскери міндетті адамдарды қайтыс болғанда жерлеуге;

      бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға;

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған негіздер;

      2) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгіленбейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы;

      3) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру немесе әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 26.06.2019 № 6С-42/1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      10. Әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      1) 9 мамыр – Жеңіс Күніне:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа тұлғалардың санаттарына;

      2) қарт Күніне:

      Қарттар күніне орай өтініш берусіз, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушылар, ең төмен және төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер;

      3) Қазақстан Республикасының мүгедектер Күніне:

      барлық санаттағы мүгедектерге.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 24.01.2019 № 6С-35/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      11. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдай туындаған кезде жылына бір рет келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) азаматтың (отбасының) кірісіне байланыссыз азаматтарда (отбасында) қиын тіршілік жағдайы туындаған кезде:

      денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған онкологиялық ауруымен ауыратындарға табыс мөлшері талап етілмей, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Бұланды аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының тізімі негізінде туберкулез ауруларымен ауыратын адамдарға ем алу ақысы табыс мөлшері талап етілмей, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босаған және пробация қызметінде тіркеуде тұрған тұлғаларға табыс мөлшерін қажет етпей, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) азаматқа (отбасына) табиғи зілзала немесе өрт салдары келген жағдайда ең төмен күн көріс деңгейін есептемеген жағдайда оқиға болғаннан кейін үш айдан кешіктірмей берген өтініштері бойынша азаматтарға (отбасыларға);

      3) Ауғанстанда әскери шаралар жүргізіліп жатқан кезде оқу-жаттығу жиындарына шақырылғандардың, әскери міндеттілердің қайтыс болғанда жерлеуге он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға жеңілдікпен жол жүруін қамтамасыз етуге тоқсан сайынғы көмек табыс мөлшерін қажет етпей (ағымдағы тоқсандық кестеге сәйкес маршруттық автобустардың жол жүру кестесі бойынша күніне 2 талон есебінен Макинск қаласының маршруттық автобустарында жол жүру талондары). Есепті айдан кейінгі 5-ші күннен кешіктірілмей қызмет көрсетушілердің шығындары көрсетілген қызмет актілеріне және жол жүру талондарына сәйкес төленеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 26.06.2019 № 6С-42/1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      12. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне ай сайын облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен жүз пайыз мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      сумен, жылумен, электр қуатымен қамтамасыз ету, канализация, қоқыстарды жою үшін қызмет көрсетушілері берген тізілімдеріне сай алушының шоттарына;

      байланыс қызметтері (абоненттік төлемақы), газбен қамтамасыз ету үшін алушылардың жеке шоттарына;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жылу беру маусымы кезеңінде қатты отын шығындары алушылардың жеке шоттарына аудару арқылы немесе сатып алынған қатты отынның түбіртегіне сәйкес өтеледі.

      Жеңілдік Ұлы Отан соғысына қатысушысы қолданған кезеңге дейін, бірге тұратын және тіркелген барлық отбасы мүшелеріне де әлеуметтік көмек көрсетіледі.

      13. Ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде ақы төлеу негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге оқуын төлеуге арналған біржолғы көмек білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың нотариалды куәландырылған көшермесі, оқу орнынан берілген аңықтаманың және көп балалы отбасы санатын растайтын анықтаманың немесе өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алкшыларға жататынын растайтын анықтама негізінде жылына бір рет облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен жылдық құнының жүз пайыздық мөлшерінде.

      14. Алынып тасталды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 24.01.2019 № 6С-35/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      15. Келесі санаттар азаматтарға бір жыл ішінде өмірдің қиын жағдайы туындаған кезде әлеуметтік көмек азаматтың (отбасының) ең төмен күнкөріс деңгейіне дейінгі жан басына шаққандағы орташа табысын есепке ала отырып:

      1) аз қамтылған азаматтар (отбасылар).

      16. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия анықтайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді. Әлеуметтік көмек мөлшерінің шекті мөлшері 50 айлық есептік көрсеткішке тең (қағиданың 12, 13 және 14 тармақтарына шекті көлемі таратылмауы тиіс).

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 20.03.2018 № 6С-21/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      17. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның немесе басқа да ұйымдардың ұсынымы бойынша Бұланды ауданының әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 24.01.2019 № 6С-35/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      18. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

      3) Үлгілік қағидалардың 1 қосымшасына сәйкес отбасының құрамы туралы мәліметтерді;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      5) Ақмола облысының төтенше жағдайлар Департаменті Бұланды ауданының төтенше жағдайлар бөлімінен анықтама, өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акті және/немесе құжатты ұсынады;

      6) көп балалы ана мәртебесін растайтын құжат.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 26.06.2019 № 6С-42/1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      19. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнүсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      20. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      21. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларының 2, 3 қосымшаларға сәйкес нысындар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      22. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      23. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      24. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      25. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      26. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидаларының 22 және 23 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      27. Уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда-негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      28. алынып тасталды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 11.08.2016 № 6С-5/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      29. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      30. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Бұланды ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      31. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) Бұланды ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      32. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтарылуға жатады.

5. Қорытынды ереже

      33. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Буландынского района

Решение Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 21 августа 2015 года № 5С-40/3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 17 сентября 2015 года № 4978. Утратило силу решением Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 11 февраля 2020 года № 6С-52/1

      Сноска. Утратило силу решением Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 11.02.2020 № 6С-52/1 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2014 года № 1131 "Об утверждении Правил оказания социально-правовой помощи лицам, состоящим на учете службы пробации", Буландынский районный маслихат РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула - в редакции решения Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 24.01.2019 № 6С-35/4 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания социальной помощи, установления размеров перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Буландынском районе.

      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель
40 очередной сессии
Г.Желтов
      Секретарь
районного маслихата
Ш.Кусаинов

      "СОГЛАСОВАНО"

      Аким
Буландынского района
К.Испергенов

      21 августа 2015 год

  Утверждены
решением Буландынского
районного маслихата
от 21 августа 2015 года
№ 5С-40/3

Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Буландынском районе

      1. Настоящие правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Буландынском районе (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 (далее – Типовые правила), "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Стандартом государственной услуги "Назначение социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов", утвержденного приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 279.

1. Общие положения

      2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих правилах:

      1) памятные даты – события, имеющие общенародное историческое, духовное, культурное значение и оказавшие влияние на ход истории Республики Казахстан;

      2) специальная комиссия – комиссия, создаваемая решением акима Буландынского района по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;

      3) прожиточный минимум – необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины, рассчитываемой органами статистики Акмолинской области;

      4) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      5) среднедушевой доход семьи (гражданина) – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      6) трудная жизненная ситуация – ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;

      7) уполномоченный орган – государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Буландынского района";

      8) уполномоченная организация – отдел по социальному обеспечению Буландынского района филиала некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан" по Акмолинской области;

      9) участковая комиссия – комиссия, создаваемая решением акимов сел, сельских округов Буландынского района для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью, и подготовки заключений;

      10) предельный размер – утвержденный максимальный размер социальной помощи.

      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными решениями Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 19.04.2016 № 6С-2/6 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 11.08.2016 № 6С-5/3 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 24.01.2019 № 6С-35/4 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      3. Настоящие Правила распространяются на лиц, прописанных и постоянно проживающих на территории Буландынского района.

      Сноска. Пункт 3 - в редакции решения Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 19.04.2016 № 6С-2/6 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      4. Для целей настоящих Правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая уполномоченным органом в денежной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее – получатели) в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к памятным датам и праздничным дням.

      5. Лицам, указанным в статье 20 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним" и статье 16 Закона Республики Казахстан 13 апреля 2005 "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", социальная помощь оказывается в порядке, предусмотренном настоящими Правилами.

      6. Социальная помощь предоставляется в денежной форме через банки второго уровня или организации, имеющие лицензии на соответствующие виды банковских операций путем перечисления на счета получателя.

      7. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно, ежеквартально).

      8. Перечень памятных дат и праздничных дней для оказания социальной помощи:

      1) 9 мая – День Победы;

      2) 1 октября – День пожилых;

      3) второе воскресенье октября – День инвалидов Республики Казахстан;

      4) исключен решением Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 26.06.2019 № 6С-42/1 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      Сноска. Пункт 8 с изменениями, внесенными решениями Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 24.01.2019 № 6С-35/4 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 26.06.2019 № 6С-42/1 (вводится в действие со дня официального опубликования).

2. Перечень категорий и размеры социальной помощи

      9. Социальная помощь оказывается следующим категориям граждан:

      участникам и инвалидам Великой Отечественной войны;

      лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны;

      другим категориям лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам Великой Отечественной войны;

      пенсионерам с минимальной пенсией ниже, получатели государственной базовой пенсионной выплаты ко Дню пожилых людей без подачи заявления;

      инвалидам всех категорий;

      онкологическим больным, состоящим на учете в организациях здравоохранения;

      больным туберкулезом;

      гражданам (семьям), пострадавшим вследствие стихийного бедствия или пожара;

      малообеспеченным гражданам (семьям) с доходами ниже прожиточного минимума;

      студентам из малообеспеченных и многодетных семей проживающих в сельской местности;

      лицам, освободившимся из мест лишения свободы и состоящим на учете в службе пробации;

      лицам, в случае смерти на погребение военнообязанных, призывавшихся на учебные сборы и направлявшихся в Афганистан в период ведения боевых действий;

      многодетным семьям, имеющих четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей;

      При этом основаниями для отнесения граждан к категории нуждающихся при наступлении трудной жизненной ситуации являются:

      1) основания, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;

      2) наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога, в однократном отношении к прожиточному минимуму;

      3) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара либо наличие социально значимого заболевания.

      Сноска. Пункт 9 - в редакции решения Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 26.06.2019 № 6С-42/1 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      10. Социальная помощь предоставляется:

      1) ко Дню Победы – 9 мая:

      участникам и инвалидам Великой Отечественной войны;

      лицам приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны;

      другим, категориям, приравненных по льготам и гарантиям к участникам Великой Отечественной войны;

      2) ко Дню пожилых:

      пенсионеры с минимальной пенсией и ниже, получатели государственной базовой пенсионной выплаты ко Дню пожилых людей без подачи заявления;

      3) ко Дню инвалидов Республики Казахстан:

      инвалидам всех категорий.

      Сноска. Пункт 10 с изменением, внесенным решением Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 24.01.2019 № 6С-35/4 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      11. В трудной жизненной ситуации социальная помощь оказывается один раз в год следующим категориям граждан:

      1) гражданам (семьям) при наступлении трудной жизненной ситуации независимо от дохода гражданина (семьи):

      онкологическим больным, состоящим на учете в организациях здравоохранения в размере десяти кратного месячного расчетного показателя, без истребования дохода;

      больным туберкулезом на лечение, на основании списков государственного коммунального предприятия на праве хозяйственного ведения "Буландынская районная больница" при управлении здравоохранения Акмолинской области без истребования доходов, в размере пятнадцати кратного месячного расчетного показателя;

      лицам, освободившимся из мест лишения свободы и состоящим на учете в службе пробации в размере пяти кратного месячного расчетного показателя, без истребования доходов;

      2) в случае причинения ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара по заявлению не позднее трех месяцев с момента наступления события не учитывая среднедушевой доход гражданина (семьи);

      3) в случае смерти на погребение военнообязанных, призывавшихся на учебные сборы и направлявшихся в Афганистан в период ведения боевых действий в размере пятнадцати кратного месячного расчетного показателя.

      4) ежеквартальная помощь на обеспечение льготного проезда многодетным семьям, имеющих четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей без истребования доходах (проездные талоны на маршрутные автобусы города Макинск из расчета 2 талона в день согласно графика проезда маршрутных автобусов на текущий квартал). Возмещение затрат поставщикам услуг будет производиться согласно предоставленных актов оказанных услуг, талонов за проезд не позднее 5-го числа следующего за отчетным месяцем.

      Сноска. Пункт 11 - в редакции решения Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 26.06.2019 № 6С-42/1 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      12. Социальная помощь оказывается участникам и инвалидам Великой Отечественной войны в размере ста процентов ежемесячно за счет целевых трансфертов, выделяемых из областного бюджета:

      за водоснабжение, теплоснабжение, электроснабжение, канализацию, мусороудаление согласно реестров, предоставленных поставщиками услуг на счета получателей;

      услуги связи (абонентская плата), газоснабжение на лицевые счета получателей;

      расходы на твердое топливо и дрова в период отопительного сезона возмещаются согласно занимаемой площади по месту фактического проживания участника или инвалида Великой Отечественной войны, путем перечисления на лицевые счета получателей, согласно предоставленных квитанции на приобретение твердого топлива.

      Социальная помощь оказывается и на совместно проживающих и прописанных с ними членов семьи, на которых льготы распространяются до тех пор, пока ими пользуется участник Великой Отечественной войны.

      13. Единовременная помощь студентам из малообеспеченных и многодетных семей проживающих в сельской местности, обучающимся по очной форме обучения в колледжах на платной основе на оплату за учебу один раз в год в размере сто процентной стоимости годового обучения на основании копии договора с учебным заведением, заверенной нотариально, справки с места учебы и справки, подтверждающей статус многодетной семьи или справки, подтверждающей принадлежность заявителя (семьи) к получателям адресной социальной помощи за счет целевых трансфертов, выделяемых из областного бюджета.

      14. Исключен решением Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 24.01.2019 № 6С-35/4 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      15. При наступлении трудной жизненной ситуации, социальная помощь предоставляется один раз в год, учитывая среднедушевой доход гражданина (семьи) до прожиточного минимума следующим категориям граждан:

      1) малообеспеченные граждане (семьи).

      16. Размер оказываемой социальной помощи в каждом отдельном случае определяет специальная комиссия и указывает его в заключение о необходимости оказания социальной помощи. Предельный размер социальной помощи равен 50 месячным расчетным показателям (предельный размер не распространяется на пункты 12, 13 и 14 Правил).

      Сноска. Пункт 16 в редакции решения Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 20.03.2018 № 6С-21/4 (вводится в действие со дня официального опубликования).

3. Порядок оказания социальной помощи

      17. Социальная помощь к памятным датам и праздничным дням оказывается по списку, утверждаемому акиматом Буландынского района по представлению уполномоченной организации либо иных организаций без истребования заявлений от получателей.

      Сноска. Пункт 17 - в редакции решения Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 24.01.2019 № 6С-35/4 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      18. Для получения социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации заявитель от себя или от имени семьи в уполномоченный орган или акиму села, сельского округа представляет заявление с приложением следующих документов:

      1) документ, удостоверяющего личность;

      2) документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства;

      3) сведения о составе семьи согласно приложению 1 к Типовым правилам;

      4) сведения о доходах лица (членов семьи);

      5) справка с Департамента по чрезвычайным ситуациям Акмолинской области отдел по чрезвычайным ситуациям Буландынского района, акт и/или документ, подтверждающий наступление трудной жизненной ситуации;

      6) документ подверждающий статус многодетной матери.

      Сноска. Пункт 18 - в редакции решения Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 26.06.2019 № 6С-42/1 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      19. Документы предоставляются в подлинниках и копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.

      20. При поступлении заявления на оказание социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации уполномоченный орган или аким села, сельского округа в течение одного рабочего дня направляет документы заявителя в участковую комиссию для проведения обследования материального положения лица (семьи).

      21. Участковая комиссия в течение двух рабочих дней со дня получения документов проводит обследование заявителя, по результатам которого составляет акт о материальном положении лица (семьи), подготавливает заключение о нуждаемости лица (семьи) в социальной помощи, по формам согласно приложениям 2, 3 к Типовым правилам и направляет их в уполномоченный орган или акиму села, сельского округа. Аким села, сельского округа в течение двух рабочих дней со дня получения акта и заключения участковой комиссии направляет их с приложенными документами в уполномоченный орган.

      22. В случае недостаточности документов для оказания социальной помощи уполномоченный орган запрашивает в соответствующих органах сведения, необходимые для рассмотрения представленных для оказания социальной помощи документов.

      23. В случае невозможности представления заявителем необходимых документов в связи с их порчей, утерей, уполномоченный орган принимает решение об оказании социальной помощи на основании данных иных уполномоченных органов и организаций, имеющих соответствующие сведения.

      24. Уполномоченный орган в течение одного рабочего дня со дня поступления документов от участковой комиссии или акима поселка, села, сельского округа производит расчет среднедушевого дохода лица (семьи) в соответствии с законодательством Республики Казахстан и представляет на рассмотрение специальной комиссии.

      25. Специальная комиссия в течение двух рабочих дней со дня поступления документов выносит заключение о необходимости оказания социальной помощи, при положительном заключении указывает размер социальной помощи.

      26. Уполномоченный орган в течение восьми рабочих дней со дня регистрации документов заявителя на оказание социальной помощи принимает решение об оказании либо об отказе в оказании социальной помощи на основании принятых документов и заключения специальной комиссии о необходимости оказания социальной помощи.

      В случаях, указанных в пунктах 22 и 23 настоящих правил, уполномоченный орган принимает решение об оказании либо об отказе в оказании социальной помощи в течение двадцати рабочих дней со дня принятия документов от заявителя или акима села, сельского округа.

      27. Уполномоченный орган письменно уведомляет заявителя о принятом решении (в случае отказа – с указанием основания) в течение трех рабочих дней со дня принятия решения.

      28. исключен решением Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 11.08.2016 № 6С-5/3 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      29. Отказ в оказании социальной помощи осуществляется в случаях:

      1) выявления недостоверных сведений, представленных заявителями;

      2) отказа, уклонения заявителя от проведения обследования материального положения лица (семьи);

      3) превышения размера среднедушевого дохода лица (семьи) порога для оказания социальной помощи.

      30. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом Буландынского района на текущий финансовый год.

4. Основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи

      31. Социальная помощь прекращается в случаях:

      1) смерти получателя;

      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы Буландынского района;

      3) направления получателя на проживание в государственные медико – социальные учреждения;

      4) выявления недостоверных сведений, представленных заявителем.

      Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.

      32. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

5. Заключительное положение

      33. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченый орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".