Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 11.02.2020 № 6С-52/1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бұланды аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 тамыздағы №5С-40/3 "Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағиадаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4978 тіркелген, 2015 жылғы 2 қазанында "Бұланды таңы" газетінде және 2015 жылғы 2 қазанында "Вести Бұланды жаршысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) кіріспе жаңа редакцияда баяндалсын:
""Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 1131 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидалары" қаулысына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:"
2) 2 бөлімнің 9 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
"9. Әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына беріледі:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға;
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа тұлғалардың санаттарына;
ең төмен зейнетақыны алатын және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алатын егде жастағы тұлғаларға;
барлық санаттағы мүгедектерге;
онкологиялық ауруымен ауыратындарға;
туберкулез ауруымен ауыратындарға;
табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға);
аз қамтылған азаматтарға (отбасыларға);
аз қамтылған және көп балалы отбасылардың студенттеріне;
бас бостандығынан айыру орындарынан босаған және пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға.
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған негіздер;
2) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгіленбейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы;
3) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру немесе әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы.";
3) 2 бөлімнің 11 тармағының 1 тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"1) азаматтың (отбасының) кірісіне байланыссыз азаматтарда (отбасыда) қиын тіршілік жағдайы туындаған кезде:
денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған онкологиялық ауруымен ауыратындарға табыс мөлшері талап етілмей, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
"Бұланды ауданының орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының тізімі негізінде туберкулез ауруларымен ауыратын адамдарға ем алу ақысы табыс мөлшері талап етілмей, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бас бостандығынан айыру орындарынан босаған және пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға табыс мөлшерін қажет етпей, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде";
4) 2 бөлімнің 11 тармағына 3 тармақша енгізілсін:
"3) Ауғанстанда әскери шаралар жүргізіліп жатқан кезде оқу-жаттығу жиындарына шақырылғандардың, әскери міндеттілердің қайтыс болғанда жерлеуге он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде";
5) 2 бөлімнің 16 тармағы жаңа редакцияда жариялансын:
"16. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия анықтайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді. Әлеуметтік көмек мөлшерінің шекті мөлшері 50 айлық есептік көрсеткішке тең (қағиданың 12, 13 және 14 тармақтарына шекті көлемі таратылмауы тиіс).".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кезекті 21 – сессияның төрағасы |
Г.Желтов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Ш.Құсайынов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Бұланды ауданының әкімі | Ж.Нұркенов |
20 наурыз 2018 жыл