Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 11.02.2020 № 6С-52/1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бұланды аудандық мәслихаттың "Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 21 тамызындағы № 5С-40/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4978 тіркелген, 2015 жылғы 2 қазанында "Бұланды таңы" газетінде және 2015 жылғы 2 қазанында "Вести Бұланды жаршысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
8 тармақшаның 2 тармағының 1 бөлімі жаңа редакцияда жазылсын:
"8) уәкілетті орган – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы";
3 тармағының 1 бөлімі жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Осы қағидалар Бұланды ауданының аумағында тұрақты тұратын және тіркелген тұлғаларға таралады".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс 2-сессияның төрағасы | С.Садвақасов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Ш.Құсайынов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Бұланды ауданының әкімі | К.Испергенов |
19 сәуір 2016 жыл