"Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Ерейментау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Ерейментау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қарашадағы № а-11/564 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № а-3/165 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 сәуірде № 4749 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № а-4/152 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 20.04.2016 № а-4/152 (қол қойылған күнінен бастап күшінен енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының Үлгілік ережесіне сәйкес Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Ерейментау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Ерейментау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қарашадағы № а-11/564 қаулысына (№ 4165 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2014 жылғы 27 желтоқсанда "Ереймен", "Ерейментау" газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
      Осы ережемен бекітілген, Ақмола облысы Ерейментау ауданының "Ерейментау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Ережесінің 19 тармағының 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "5). Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қала аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалауға құқылы".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің басшысы З.Б. Жүсіповаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ерейментау ауданының әкімі Е.Нұғыманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады