РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген, «Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтарының құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау Қағидасына» сәйкес, «А.И.Бараев атындағы дәнді-дақылдар шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2015 жылғы 04 маусымдағы № 340 қорытындысының негізінде Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылға Ерейментау ауданының субсидияланатын басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және қажетті басқа да тауарлық - материалдық құндылықтардың құнына және себудің оңтайлы мерзімдеріне субсидия алуға өтінімдерді тапсыру мерзімі қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. Осы қаулының әрекет етуі құқықтық қатынастарға 2015 жылғы 20 сәуірден бастап таратылады.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.А Манадыровқа жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е.Нұғыманов
Ерейментау ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «13» шілде
№ а-7/343 қаулысына
қосымша
2015 жылға Ерейментау ауданының субсидияланатын басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және қажетті басқа да тауарлық - материалдық құндылықтардың құнына және себудің оңтайлы мерзімдеріне субсидия алуға өтінімдерді тапсыру мерзімдері
№ р/р |
Басым ауыл шаруашылық дақылдардың атауы |
Субсидияланатын басым ауыл шаруашылық дақылдарының әр түрі бойынша егудің оңтайлы мерзімдері |
Өтінім беру мерзімдері |
1. |
Жаздық бидай |
15 мамырдан бастап 06 маусымға дейін |
тек 20 шілдеге дейін |
2. |
Жаздық арпа |
25 мамырдан бастап 07 маусымға дейін |
тек 20 шілдеге дейін |
3. |
Сұлы |
25 мамырдан бастап 7 маусымға дейін |
тек 20 шілдеге дейін |
4. |
Қарақұмық |
18 мамырдан бастап 31 мамырға дейін |
тек 20 шілдеге дейін |
5. |
Күнбағыс |
5 мамырдан бастап 31 мамырға дейін |
тек 20 шілдеге дейін |
6. |
Зығыр |
18 мамырдан бастап 31 мамырға дейін |
тек 20 шілдеге дейін |
7. |
Рапс |
15 мамырдан бастап 31 мамырға дейін |
тек 20 шілдеге дейін |
8. |
Қыша |
15 мамырдан бастап 31 мамырға дейін |
тек 20 шілдеге дейін |
9. |
Судан өсімдігі |
17 мамырдан бастап 25 мамырға дейін |
тек 20 шілдеге дейін |
10. |
Көп жылғы дәнді және бұршақты өсімдіктерді егу |
1 мамырдан бастап 25 маусымға дейін |
тек 20 шілдеге дейін |
11. |
Картоп |
8 маусымнан бастап 10 маусымға дейін |
тек 20 шілдеге дейін |
12. |
Қызылша, сәбіз, пияз, қырыққабат, қияр, қарбыз |
20 сәуірден бастап 10 маусымға дейін |
тек 20 шілдеге дейін |