Ақмола облысы Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылдық округі Еркіншілік ауылы көшелерінің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 11 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 6 қаңтарда № 5172 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2015 жылғы 22 шілдедегі қорытындысы негізінде Еркіншілік ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облысы Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылдық округі Еркіншілік ауылы көшелерінің атаулары өзгертілсін:
      Еркіншілік ауылындағы Киров көшесін Сағат Жәкішұлы көшесіне;
      Еркіншілік ауылының Ленин көшесін Жүніс Хамзеұлы көшесіне;
      Еркіншілік ауылының Больничная көшесін Құлыш Досмағамбетұлы көшесіне
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Еркіншілік ауылдық
      округінің әкімі                            Ж.Амангельдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады