Еңбекшілдер ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № С-39/6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 мамырда № 4815 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 сәуірдегі № С-12/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 27.04.2017 № С-12/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Еңбекшілдер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Еңбекшілдер ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға ) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
С.Есполов
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
С.Есполов

      КЕЛІСІЛДІ

      Еңбекшілдер ауданының әкімі А.Қиықов

      "30" сәуір 2015 жыл

  Еңбекшілдер аудандық
мәслихатының 2015 жылғы
30 сәуірдегі № С-39/6
шешіміне қосымша

Еңбекшілдер ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 22.07.2016 № С-3/6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      I. Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаты есебінен Еңбекшілдер ауданындағы тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) беріледі.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеуді іске асыратын уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" № 319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 болып тіркелген) сәйкес, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Еңбекшілдер аудандық бөлімі арқылы немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүгінеді."

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 22.07.2016 № С-3/6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Тұрғын үй көмегі толық ағымдағы тоқсанға тағайындалады, бұл ретте отбасының (азаматтың) өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық шығындары есепке алынады.

      4. Қоммуналдық қызметтер көрсету бойынша шығындар, коммуналдық қызметтер төлемақысына жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша алынады.

      5. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып Еңбекшілдер ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі–уакілетті орган) анықталады.

      6. Уәкілетті орган аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді екінші деңгейдегі банктер арқылы өтініш берушілердің дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.

      7. Ұсынылған ақпараттың растығында күдік туындаған жағдайда, Еңбекшілдер ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тексеріс жүргізуге уәкілетті органдарға жүгінеді.

      8. Уәкілетті органға жоғары немесе заңсыз үй көмегінің тағайындалуына әкелген әдейі жалған мәліметтер берілсе, заңсыз тағайындалған соманы меншік иесі (жалға алушы) өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда, сот арқылы қайтарылады.

      II. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері

      9. Еңбекшілдер ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы жиынтық табысын Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" бұйрығы негізінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7412 болып тіркелген) есептейді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 22.07.2016 № С-3/6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      10. Жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалданушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминимум нысанының жалпы дүние-мүлігін күтіп ұстауға жұмсалатын шығыстарды, тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын алғанда отбасының (азаматтың) жұмсалған шекті жол берілген шығыстар үлесі орташа айлық жиынтық кірісіне 15 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      11. Тұрғын үй көмегі осы мақсаттарға жұмсалатын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      12. Жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр болып қабылданады.

      13. Электр энергиясының шығын нормасы бір адамға айына 100 (жүз) киловатт болып қабылданады.

      14. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады